Мінезді бол, балам

Қазіргі жастарды бұрынғы, кеңес заманындағы жастармен салыстырып та болмайды. Қазіргі жастың бойынан, әрине бетке тұтарын айтсақ, ой-пікір еркіндігі, іскерлік, білімділік пен ерте есею байқалады...

Қазіргі жастарды бұрынғы, кеңес заманындағы жастармен салыстырып та болмайды.

Қазіргі жастың бойынан, әрине бетке тұтарын айтсақ, ой-пікір еркіндігі, іскерлік, білімділік пен ерте есею байқалады. Меніңше, қазіргі қоғамдық ахуалға байланысты, жастарда прагматизм басым. Бұл өмір талабы. Өмір көшіне ілесудің құралы.

***
Сондықтан да болар, жастар кейде өз сана-сезіміндегі терең адамшылық құбылыстарға үңіліп, ішкі дүниенің қаурыт мәселелерін шешуге құнтсыздау көрінеді. Ол бір жерден "тесіп" шығады - ақшаға табыну, жеңіл іс-әрекет, тұрақсыздық, мақсатсыздық және т.с.с. Қазіргі қоғамда жастар арасындағы оң тенденциялар қаншалықты қуатты болса, кері тенденциялар да соншалықты күшті. Жастар арасындағы қылмыс-қатігездік, жеңіл жүріс, бейғамдық пен жауапсыздық бұрын да болған, бірақ бұрын жасырын болса, қазір ашық кетті.

***
Мен мұны жастардан түңіліп санамалап отырғам жоқ. Менің алдымнан қаншама өте ақыл-есті, ақ көңіл, адамгершілігі мол, жігерлі жастар өтеді. Теледидардан, ғаламтордан небір іскер де талапшаң, алтын бас ұл-қыздарымызды көремін. Қала берді, таза ниетпен, өмірге деген үлкен жауапкершілікпен алға ұмтылып жүрген өз ұл-қыздарымды білемін. Қалай қуанбайын. Неге түңілейін. Сендерге сенбесек, сүйенбесек, онда біздің, алдыңғы буын ағалардың, өміріміз тұл.

***
Айналайындар, іштен қозғалыңдар, сана-сезім, рухыңды тікте. Мінезді бол. Өмір-тірішілік мәселелері қолмен, не ақшамен емес, ең алдымен әрбір адамның сана-сезім тереңінде шешіледі. Осыған, өмір қанша асықтырса да, күнделікті бір сәт көңіл бөліңдер демекпін. Тұлғалық топсаларыңды бекітіп жүріңдер деген тілегім. Жамандық қай кезде де жігерлі болған, сұм болған, ол қашанда баса-көктеп, аждаһадай жұтынып, мыстандай сиқырлап, іштен жоюға ұмтылған. Оған қасқайып қарсы тұруға үлкен мінез, нар тұлғалар керек. Мінезді сомдаңдар. Мінез деген биік мақсаттар қою, ұзақтан және тереңнен ойлау, ұлтыңды қорғай білу деген. Мінез - адам, ұлт тұтқасы.

 

Оцените пост

1

Комментарии

0
сіздің пікіріңіз өте маңызды, рахмет,
мен ойлайм,, кәзіргі уақытта шіркін Мағжанымыздың көзі тірі болғанда, қандай қазақтың ұл-қыздарын өсіріп, ұлттық намысын қорғап, тіліміздің қадірін үлкен дәрежеге жеткізетінеді.
Ол істер айқайшу емес, ақылымен, парасаттықпен келереді,
бірак....
0
Қолдауыңызға рақмет.
Ия, мен де көп ойланамын - қазақтың генофонды жоғалды-ау деп. Адамдар ұсақтанып кетті ме деп. Бұлай толлғануға адамдар мәжбүрлейді - үлкен кісілер де, жастар да. Бірақ жалпы дүниеге қарасақ, өркениеттің өзі ұсақ мақсатты, саяз ойлы болып бара жатқандай ма. Техногендік өркениет дұрыс жол ма???

"Недостойно - стремиться к тарелке любой,
Словно жадная муха, рискуя собой.
Лучше пусть у Хайама ни крошки не будет,
Чем подлец его будет кормить на убой!"

Омар Хайам
0
мен осы Қазақстанға келген оралмандардан көп үлгі алдым, олар анатілін сақтап, халқымыздын, жалпы ұлттың салт-дәстүрін насихаттап келегн тұлғалар, осы реттте Президентіміз терең ойлаңған деп санаймын, бірақ біздің таршылығымыз соншама сол жандарды (мен бәрі керемет дем айтқым келіпотырғанжоқпаын) біз өзіміз қудалап, кедейлікке ұшыратып, басып тастадық, бұл мәселеге көз қарасыңыз?
0
Сіз менің әдеби шығармамды мына жерден оқып көріңізші - proza.kz . Мүмкін қызығып қаларсыз. Бірақ өте ауыр жазылған, кешірім сұраймын.
0
ауыр дегенді қалай түсінуге болады ? мыйға конмбайды деген сөзба, әлде терең ойға келтіретін жағдайма?
Показать комментарии