«Жоғалтпай сонау алыстан, жалғаған бабам арманын»

Алия 2012 M10 29
3841
7
9
0

Өткен аптада еліміздің Орталық мұражайында «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубының «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылғаны жайында хабарлаған едік. Бү

Өткен аптада еліміздің Орталық мұражайында «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубының «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылғаны жайында хабарлаған едік. Бүгін көрмеге қатысып, «Ғаламарттың» жастарымен танысуды жөн көріп отырмыз.


"Екпін" журналы «Ғаламарт» клубының PR-маманы Айжан Құлмұханбетованы әңгімеге тартып, өнерлі жастар ұйымы жайында бірнеше сауалын қойған болатын.

- «Ғаламарт» тарихы жайында айтып берсеңіз?

- «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы 2010 жылы Алмас Мұстафаевтың жетекшілігімен Суретшілер Одағының жанынан құрылған. Клубта суретшілер, қол өнер шеберлері топтастырылған. Кейіннен осы қызығушылықтарын дамыту барысында 2011 жылы Нұрлан, Мырзабек, Алмас деген жігіттер «Ғаламарт» компаниясын құрады. Негізгі бағыты - ұлттық аспаптар мен фибрбетон. Үшеуі де үш саланың иесі болғандықтан, өздеріне жақын салаларды қамтыған.

- Ұлттық аспаптарды жасайтын шебер қандай болуы керек?

- Меніңше, ең бірінші, бойында ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік болуы керек сияқты.

- «Ғаламарттағы» шеберлер жайында айтып өтсеңіз.

- Мұнда істеп жатқан шеберлердің басым көпшілігі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қолданбалы өнер бөлімінің түлектері, яғни олардың барлығы дерлік Тұрдығұлов Жолаушы ағайдың шәкірттері. Шеберлерді атап өтер болсам: Алмас Мұстафаев, Еркебұлан Уалиев, Нүркен Молдасан, Рауан Әбдірахманов, Қуаныш Біләл, Балықбай Дастан, Мұстафаев Бақыт, Ғылымбек Мекенұлы.

- Бүгінде қандай аспаптар жасайсыздар?

- Бізде қазіргі күнде домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз, зырылдауық, қоңыраулар, тоқылдақ, сазген, бас қобыз, нар қобыз, бас домбыра, шертер, прима альт, прима домбыра, асатаяқ, шаңқобыз сияқты басқа да аспап түрлері бар.

- Осының ішінде қайсысына сұраныстар көбірек  түсіп жатады?

- Көбіне домбыра, қобыз, жетіген, шертер, шаңқобызға сұраныс өте жоғары.

- Аспаптардың қайсысы шебердің уақытын көбірек алып, қиын процесстерден өтеді?

- Көпшілік үшін: домбыра жасау оңай ғой, құрай саласың, шаба саласың, - деген сияқты түсінік тарап кеткен. Негізінде, домбыраға деген талаптар қобыз бен жетігенге қарағанда басқа. Себебі домбыраның дауыс тазалығын, мойынның түзулігін, пернелерінің нақтылығын, жоғарғы ноталарды алуын қадағалап отырмасаң, болмайды. Оған қоса, ағашына да көп мән беру керек.

«Ғаламарттың» шеберлері:


Алмас Мұстафа Серікұлы

Өнердегі бағыты: ұлттық музыкалық аспаптар жасау, кескіндеме, мүсін, графика, керамика, қолөнер салаларын дамыту.

Қатысқан көрмелері:

2008 жылы - «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;

2009 жылы - Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен «Ұлттық құндылықтар және әлем жауһарлары» атты халықаралық көрмеге қатысушы;

2010 жылы - Ашхабадта өткен «Адамзаттың рух қазынасы» атты Халықаралық фестиваль көрмесіне қатысушы;

2010 жылы - Ресей елшілігі мен «Искусство будущего» халықаралық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан Өнер аптасы» атты халықаралық көрме конкурсының тәжірибелік кескіндеме номинациясы бойынша 1 орын иегері;

2010 жылы - Иран шаһары Горганда өткен «17-ші Халықаралық талантты жастар фестивалінде» Мүсін номинациясы бойынша 2 орын иегері;

Қазақстан Республикасы психологтар қауымдастығының мүшесі, Ресейдің кәсіби суретшілердің шығармашылық одағына мүше.

Молдасан Нүркен Ауғалиұлы

Өнердегі бағыты: музыкалық аспаптар жасау, кескіндеме.

Жасаған жұмыстары ҚазҰПУ-дың студенттер көрмесінде қойылып,  жоғары бағаларға иа болған.

Уалиев Еркебұлан Советбекұлы

Өнердегі бағыты:  музыкалық аспаптар жасау, кескіндеме, қол өнер.

2010 жылы Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлының көрмесіне қатысып, марапатталған.

Сұхбаттасқан Айнұр Ракишева

Оцените пост

9

Комментарии

2
Шеберлердин бир клубка жиналып аспаптарды дариптеуи конил куантады.
1
Суреттер мен сұхбат күшті шығыпты, рахмет! Еңбектерің жана берсін!
2
Фибробетон ба, фибрбетон ба?

Ғаламарт ұлттық аспаптардан басқа ұлттық әшекейлер, сувенирлер жасаумен де айналысады. Керемет шығармашыл жандар!
3
Екпіндіктер, шығармашылықтарың арта берсін!
Ғаламарт, сәттілік!
1
Ғаламарттықтарға сәттілік тілеймін. Жарайсыңдар.
Показать комментарии
Дальше