Жапония мен жапондықтар

Ерлан Карин 2012 M04 24
12934
25
50
0

Жапония сапары

Өткен жазбаларымда мен әйгілі жапон шиесі - сакураның  гүлденуі туралы айтқан едім. Бұл жолы Жапон еліне сапар кезінде таңқалдырған немесе ерекше әсер қалдырған басқа да сәттермен бөлісіп, жол жөнекей түсірген түрлі суреттерді назарларыңызға ұсынғым келеді.

 

Жапон еліне сапар Осака қаласынан басталды. Asiana корей ұшағымен Түс ауа Халықаралық Кансай әуежайына келіп қонған соң, бар болғаны 5-10 минутта кедендік және шекара бақылауынан өтіп, бірден электрпойызға отырдық. Алдын ала келісілген бағдарламаға сәйкес Осакадан бірден, демалмастан оңтүстікте орналасқан Хиросимаға жүретін болғанмын. Елдің ішінде жапондықтар қалалар арасында пойызбен қатынайды. Қазіргі Жапонияның ең бір танымал символдарының бірі – сағатына 260-300 км жылдамдықпен жүретін Синкансен атты жүйрік пойызы.

 

Бір сағаттан астам уақыт жол жүріп, кеш батқанға дейін Хиросимаға жеттік.

Таңғысын ерте тұрып, қаладан көп болса жарты сағаттық қашықтықта орналасқан Мияджима аралына барып, онда әйгілі теңізде орнатылған Тори – немесе Храмның қақпасын тамашаладық.

 

Сәті түсіп, дәстүрлі жапондықтардың үйлену тойын да көріп қалдық.

 

Бұл жерге оқушылар мен студенттер емтиханнан сүренбей өтуге дұға оқып, өз тілектерін қалдырады екен. Соған қарағанада, оқулары оңай емес сияқты

 

Хиросимада бірқатар кездесулерді өткізіп, Синкансенмен сол күні Жапонияның ежелгі астанасы Киотоға жол тарттық. Киотоның ең бір танымал жерлерінің бірі – Алтын Храм немесе Кинкакуджи.

 

Бұл өзіме қатты ұнайтын суреттердің бірі. Ақ және қызыл гүлдің ортасындағы храмның бейнесі

 

Мына суретті Гейшаның естелігі атты фильмді көргендері танулары тиіс. Мың қақпалы жол деп аталатын бұл храм туристердің көп баратын маршруттарының бірі.

 

Киотоның ескі кварталдарында дәстүрлі киім киген жапондықтарды көп кездестеруге болады

 

Киемидзу храмынан Киотоға көрініс

 

Айдахарлардың бейнесі көп қолданылады

 

Жапондықтардың дәстүрлі шамдары

Нара қаласында. Сакура әлі гүлдемесе де жергілікті суретшілер көктемнің алғашқы сәттерін бейнелеуге асығып, храмның алдында жиналып сурет салуға кірісіп кеткен.

 

Тодайжи храмы. Алыстан самурайлардың дулығасына ұқсайды

 

Храмға келіп, дұға жасаушылар көп.

 

Көптеген храмдарда жиі кездесетін Қорғаушы мен күзетшілердің алып мүсіндері.

 

Бір байқағаным, елдің ішін аралап жүрген жапондық туристердің көпшілігі қарт кісілер.

 

Нарада еліктер көше мен .... дүкендерде емін еркін жүре береді.

 

Касуга храмының бір көріністері.

 

Ал бұл Осакадағы Жапонияның атақты әскери қолбасшысы Тоетоми Хидеяси салған замок.

 

Замок мұнарасында алтын жалатылған балықтың мүсіні – жапондықтардың сенімі бойынша өрттен сақтандыруы тиіс болған.

 

Осаканың танымал жерлерінің бірі – Дотомбори кварталы. Біздің Жібек жолындағы Арбат сияқты)))

Қасымызда еріп жүрген жапондықтардың айтуынша, бұл кварталдардың ерекшілегі – қаптаған түрлі дүкендер мен ресторандар. Ал маған керісінше бұл жерде қыдырып жүрген жастар өзгеше болып көрінді.

   

Арылы берілі жүрген кісілерден шаршап, кішігірім көшелерге түсуге тура келді.

 

Тағы да Синкансен. Келесі аялдама – Токио.

 

Сенбі күні Токиода адам аз сияқты болып көрінді. Атақты Гинза кварталы

 

Асакуса кварталындағы храмның көріністері. Тағы да айдахарлардың бейнесі.

 

Уэно паркіне сакураның гүлденуін тамашалауға токиолықтар жинала бастады.

 

Өткен жолы сакураның суреттерін салсам да, бұл жолы шыдамай тағы да жариялап отырмын

 

Сенгакуджи храмы. 47 самурайдың өз қожайыны үшін кек алып, кейін өздері өзі өлтіріп, осы жерде жерленген әйгілі храмы осы.

 

Қайтадан Гинза кварталында.

 

Бұл сурет Жапонияның қазіргі бейнесін анық беретін сияқты. Қолдарында модаға айналған қымбат әйгілі брендтердің сөмкесі болса да, үстерінде дәстүрлі жапон киімін киген бұл токиолықтар бүгінгі жаңашылдық пен дәстүршілікді тең үйлестіре алған Жапонияның көрінісі сияқты.

Оцените пост

50

Комментарии

0
керемет
0
өте қызықты репортаж.
0
写真、美しい。ありがとう!
0
Классные фотки. Жаль сам текст не понял)
Показать комментарии
Дальше