Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
04:36, 03 апреля 2012

Жібек орамалға түйілген жүрегімді...

...Мойнымдағы жібек орамалды көрсем, сені есіме түсірем. Сол кездегі батылдығым да, өзіңнен қатты ұялғаным да есіме түседі. Кейде лақтырып тастағым келеді. Орамалымды. Бірақ қимаймын. Не десеніз де, ол мен үшін жанымның жылуы сынды көрінеді...

...Сол күні мерекелік кешке жібек орамалымды мойныма тағып барғам. Қызықты ойын барысында орамал қажет болып, сен менен оны сұрап алдың. Ойын бітті, алайда сен оны маған қайтармадың. Кеш соңына дейін ол сенің қолыңнан түскен емес. Ешкімге бермедің де. Иа, мен барін байқадым. Тек «кешіміз» аяқталып, жұрт тарқасып жатқанда ғана жаныма келіп, «міне, саған қайтармақшымын» деп қолыма ұсындың. Саған қарап: «қаласаң, өзіңде қалсын» деп қалмасым бар ма (сол кезде жүрегім дүрсілдеп, қатты толқып кеттім...Ұялдым... ). Маған ұзақ қарадың да:  «Мен оны қайтем, қыз емеспін ғой» деп күліп жібердің. Саған ере мен де күлдім (неге күлгенімді білмеймін бірақ)... Орамалым қолымда қалды сол күйі.

Міне, содан бері орамалға қарап, сені есіме түсірем. Сол кезде, сол түні мен саған жай орамал ғана емес, орамалға түйілген ЖҮРЕГІМДІ ұсынып ем ғой. ЖҮРЕГІМДІ. Әттең, сен оны түсіңбедің...

 
3
384
0