ҚОС ҚҰРБЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

NurAstana 2012 M04 3
834
0
0
0

– Леха, а Леха, сені ана Мақсатқа айттырып кетіпті дейді ғой, в натуре что ли? Ты же еще зеленый, сен әлі он сегізге толған жоқсың дегенім ғой... – Иә, дәл солай. Өткен демалыста оның әкесі, ағалары...

– Леха, а Леха, сені ана Мақсатқа айттырып кетіпті дейді ғой, в натуре что ли? Ты же еще зеленый, сен әлі он сегізге толған жоқсың дегенім ғой...

– Иә, дәл солай. Өткен демалыста оның әкесі, ағалары үйге келіп кетті. Сен не өзі, былтыр менің он жетіге шыққандағы туған күнімді тойлағанда Жамбоны Лаурадан қызғанып төбелес шығарғаныңды ұмытып қалғансың ба?

 

– Ырбаңдамасын біреудің жігітіне қарап өйтіп, шашыңды жұлып қолыңа берем деп алдын ала ескерткенмін. Ондай тәмпіш мұрынды қайтсін, жігіті оны тастап Светамен жүріп кеткен жоқ па? Ой, сондағы мас болғанымыз-ай! Ертеңіне ештеңе есіме түсіре алсамшы. Лаураны ұрып, көзін көгертіппін ғой, масқара! Осы күнге дейін ол менімен қырғи қабақ. Сонда сен қалай, шай құйып беріп, дастарханда қонақтармен сызылып бірге отырдың ба, қолың қалтырап кесені төгіп алған жоқсың ба?

– Жеңгелерім ит қырқа ма, солар тұрғанда мен шай құйып!? Тас құманның жанында шай демдеп біреуі, оң жағымда кеселерді ұзатып отырды дегендей. Мен тек самаурыннан ақ суды кеселерге сәл ғана құйып беріп   отырдым. Оларды қонақтар келмес бұрын сапқа тұрғызып «инструктаж» өткіздік қой мамам екеуміз. Шай біткен соң мәшинеме мініп, әйт шу қарақұйрық, қыздармен сыра ішуге кеттім. Ертеңіне сабақта басым қатты ауырып, ағайдан сұранып кеткенім ғана есімде қалыпты.

– Сендей алдымда төрт бірдей аға-жеңгем болғанда, мен де әлдеқашан біреуге тиіп кетер ме едім. Жалғызбын ғой, жалғызбын! Әкемнің де кім екенін айтпайды ана үйдегі шешем. Тумаластары қандай екен өзінің?

– Папасы-ау деймін, біреуі маған қайта-қайта қарай берді. Былай... болады. Екі жылқы, бір қара, он қой, бес мың «көк қағазға» бата оқылды деді ғой мамам кейін.

– Мә, сонда той қашан? Жасау дегенің де бар?

– Күзде. Мен колледждегі оқуымды бітірген соң. Мамам ағаларыма жазбаша түрде тапсырма берді. Біреуі кір мәшине, біреуі тоңазытқыш, біреуі гарнитура дегендей. Мара, жасау жағынан қам жемеймін. Тіпті Мақсаттың ипотекаға алған үйінің ақшасын да мерзімінен бұрып өзім төлеп берем деді ғой әкем.

– Сенің Мақсатың бәле өзі, студент болса да ипотекаға үй алған, ә?

– Ол тіпті сабағына да бармайды ғой. Ана шетелдік компаниядағы жұмысы табысты сияқты. Енді мәшине аламын деп жүр.

– Қандай бақытты жігіт ол деген! Сен сияқты мәшинесі бар қатын алса, оған басқа не керек!

* * *

– А, Леха! Қалың қалай, жүзің сынықтау ма қалай, Мақсат қайда, емтихандарды тапсырып жатырсың ба?

– Мақсат бар ғой Мара, ол да жаздық емтихандарын тапсырып жүрген шығар. Маған көз тиді (жыламсырап).

– Е, байғұс, не болды соншама егілетіндей?

– Баяғы сенімен кездескеннен кейін көп ұзамай Мақсат менен қашқақтайтынды шығарды. Телефоны өшірулі тұрады. Кейін сұрастырып білсем бар ғой, Лаура оған менің сыра ішетінімді, сигарет тартатынымды бәрін-бәрін қалдырмай жамандапты. Оны маған кім айтты дейсің ғой, Света айтты.

– Сен сол Светаны да дос деп жүрсің бе? Дос емес ол саған! «Ой, Леха, мамам ауырып қалды, ой, Леха, киім алуға ақшам жетпей тұр еді, бере қойшы» десе, сен суырып мә деп ұстата саласың. Сол ақшаңды сұрамайсың да. Тіпті анау Лаура оның қасында періште. Ал сол Светаңның айтқандарына мен түк сенбеймін.

– Сонда мені Мақсатқа кім жамандап жүр? Анда-санда қыздармен жиылып сыра ішетініміз бар екенін өзің жақсы білесің. Енді ондай жерде, жасыратыны жоқ, бірді-екілі шылым да кетеді. Ау, ертең тойдан кейін оның бәрі адыра қалады ғой. Соның бәрін Мақсатқа айтып түсіндірейін десем, қырсыққанда ол телефонын көтермейді. Мақсаттың әкесі бұрын біздің папаға қоңырау шалып тұрады екен, екі-үш аптадан бері хабар жоқ, деп мамам да жаман айтты.

– Ойбай, сорлы, бәрі бүлінейін деп тұр ғой! Дереу бір амалын жасамасаң, ертең бәрі кеш болады! Таста бәрін, аңды жолын жігітіңнің. Тез арада мәселенің басын ашып алмасаң, істің арты насырға шабайын деп тұр. Осы жұрт тек жүре алмайды. Қаршадай қыздың бағын байлап, о несі!

* * *

Қалғаны мында

Оцените пост

0