• 14068
  • 3
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қара PR жүргізудегі компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар

Қара PR жүргізудегі компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар

Сайлау кезінде үміткерлер, яғни, кандидаттар жеңіске жету үшін түрлі амал-тәсіл жасайды: өзін-өзі жарнамалайды, қарсыластарына қарсы пиар қолданады, қажетті адамдармен уақытша дос болады, сыйлық таратады және тағысын тағы дегендей. Осындай әрекеттерді сайлаудағы саяси технология деп атайды.

Жалпы, бұл технологияның негізгі үш түрі бар: ақ, сұр және қара. Соңғы екеуі әрине, лас технологияға жатады.

Лас технология – қарсылас үшін жағымсыз және өзі үшін жағымды имидж жасау мақсатында жасалатын әдістер жиынтығы болса, соның ішіндегі қара технология көп жағдайда заңға қайшы әрекет болып келеді. Ал сұр технология заңға тікелей қайшы емес, алайда жанама түрде қарсыласқа қара күйе жағу жөнінен біріншісінен қалыспайды.

Қазақстанда лас саяси технологиялардың қарқынды түрде қолданылуы 90-шы жылдардың аяғынан басталды. Және де уақыт өте келе өз қажеттілігін бірте-бірте жоғалтып келе жатыр. Соған қарамастан, қара PR-дың кейбір элементтері осы күндері, алдағы Парламент сайлауына дайындық кезінде де қолданылды. Солардың ішінде ең көп тарағандарына тоқталайық (технологияның сұр не қара екендігін анықтау оқырман еншісіне қалдырдық).

1) Қарсыластың мүмкіндігін төмендету үшін оған аттас адамдарды үміткер ретінде тіркеу. Мәселен, бір сайлау округінде Нұрлан Қойшыбаев және Қуат Жылқыбаев (үміткерлердің аты-жөндері ойдан шығарылған) деген екі азамат бір-біріне басты қарсылас атанды делік. Осы кезде Қ. Жылқыбаев Нұрбол Қойшыбаев, Нұрбек Қойшыбаев, Нұркен Қойшыбаев және т.б. аты-жөні ұқсас адамдарды тауып алып, сайлауға қатыстыра қояды. Бұлардың сайлауға қатысуы жасанды дегенмен, мұндай әрекет Нұрлан Қойшыбаев үшін үлкен соққы болады. Себебі, сайлау кезінде Қойшыбаевқа дауыс береміз деп келгендер, ондай Қойшыбаевтардың бірнешеуі бар екенін көргенде, қатты абдырады. Келісерсіздер, бұл әсері өте күшті технология...

Мұндай жағдайда Қойшыбаевқа не істеу керек? Үгіт-насихатқа арналған қаржының біраз бөлігі жұмсалып қойды, сайлауға дейінгі уақыт болса, көз алдында «еріп» барады.

Осы кезде қолданылған лас технологияны қарсыластың өзіне соққы ретінде  пайдалану қажет. Лас технологияны көп жағдайда сайлаушылардың саяси сауаттылығы төмен округтерде жасайды. Сондықтан да, қысқа уақыт аралығында халықтың сауаттылығын ашу қажет болады. Жасалынып отырған әрекеттің лас екенін, оны тек әлсіз кандидат жасайтынын халыққа түсіндіру керек. Осыдан кейін бұл аярлық амалды кім қолданғанын айтпай-ақ қоюға да болады. Халық өзі түсініп алады...

Қосымша қорғаныс ретінде Қойшыбаев сайлаудағы реттік нөміріне сайлаушылардың назарын аударту қажет. Мәселен, ол сайлау қағазында 2-ші тұрса, «Нөмірі 2-ші үміткерге дауыс бер. Өйткені ол – Нұрлан Қойшыбаев» деген секілді жарнамаларды көбейту дұрысырақ болады.

Ал біздің тарихтан мысал келтірер болсақ, қазіргі таңда жұмысына шектеу қойылған Қазақстан Коммунистік партиясының күшін азайту үшін Қазақстан Халықтың Коммунистік партиясы құрылғанын айтуға болады.

2) Жарнаманы шектен тыс пайдалану. Сөзсіз мұндай қадамға жарнаманың негізгі субъектісі бармайды, қарсыластары жасайды. Мәселен, белгілі бір үміткердің (партияны да үміткер ретінде қарастыруға болады) суреті, ұраны, бағдарламасы дәлме-дәл көшіріліп, жарнаманың басқа нұсқасы басып шығарылады. Содан кейін әлгі жарнамалық қағаздар тұрғындардың есік алдына, автокөліктерінің алдыңғы терезесіне оңайлықпен кетпейтін желіммен жабыстырылады. Әрине, мұндай жарнамадан соң кез- келген адам ашуға мінеді. Нәтижесінде, аталған үміткердің де имиджіне орасан нұқсан келеді.

3) Арнайы тапсырыс бойынша белгілі партияға 30 немесе одан да көп адам мүше ретінде кіреді. Дәл осы жалған мүшелер сайлау науқаны кезінде жарияға жар салып партиядан шығады және бұл әрекет сәйкесінше БАҚ тарапынан белсенді көрініс табады. Бұл жаңалықты оқыған сайлаушының көкейінде күдік пайда болады. Яғни, «Неге олар партиядан шықты?», «Оларға партия не істеді?» деген сияқты сұрақтар нәтижесінде сол партияға деген сенімнің азаюына алып келеді. Байқап қарасаңыздар, мұндай технологияны қазіргі сайлаудан да байқауға болады (ЖСДП-ның қатарынан арнайы баспасөз мәслихатын шақырып тұрып, 30 адамның шығуы және т.б.).

   
karlyga
21 апреля 2012, 22:09
2007

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 5846
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3896
  • 58
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
  • 3618
  • 94
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3083
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2921
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2409
  • 20
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1975
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1934
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1960
  • 41