Отандық ғылым саласы әлемді мойындатты. Халықаралық «Сократ» ғылыми комитеті Шымкенттік Әбдімұса Қуатбековті «ХХІ ғасырдың үздік ғалымы» орденімен марапаттады. Отандасымызға бұл атақ...

Отандық ғылым саласы әлемді мойындатты. Халықаралық «Сократ» ғылыми комитеті Шымкенттік Әбдімұса Қуатбековті «ХХІ ғасырдың үздік ғалымы» орденімен марапаттады. Отандасымызға бұл атақ химия-техноллогия саласында көптеген тың жаңалықтар ашып, әлемдік ғылымға қосқан айырықша үлесі үшін берілді. Жарты ғасырға жуық ғұмырын химия ілімін терең зерттеуге арнаған ғалым 800-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Әбдімұса Қуатбеков халықаралық Ғылыми комитеттің марапатына ие болған санаулы қазақстандықтардың бірі.
Әбдімұса Қуатбеков, Қазақстан халықтар достығы университетінің президенті, химия ғылымдарының докторы:
Гербицид, пестицид дейді. Сонан соң, медицинада қолданылады. Біз соны аштық. Бұл менің еңбегім деп есептемеймін. Бұл халықтың, Қазақстанның еңбегі. Жиырма жылдық Тәуелсіздіктің ішінде осындай нәрсе ашу, көрсете білу, істете білу.

Оцените пост

1
Дальше