Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:02, 01 апреля 2012

Гулзада Еслямкызы туындысы (ред. Курсабаев М.К)

Редактордың ой-орамы

Ақпараттық технология заманы қазақ поэзиясы мұраларын Интернет ресурстарының қалың арнасынан орын алуына мәжбүрлеуде. Ғаламдық ақпарат құралдарынан ендігі арада мақал-мәтелдер мен жыр-қиссаларды, жұмбақтар мен ертегілерді, сондай-ақ On line режимінде Әліппені 3-5 жас аралығындағы бүлдіпшін балалармен оқитын күн алыс емес. Жаңа қоғамның жанайқайы мен ұлт мұқтажын тереңінен талдау жасап, жыр-поэзияның жаңа үлгісін сомдайтын жалынды жастар бүгінде арамызда жоқ емес. Солардың бірі бойында ер жігітке бергісіз намысы бар, ел басына күн туса найза ұстап жауға шабатын, ұлт тағдырына қаяу түскен дерттің уытын сейілтіп дауға шабатын  ардақты қыздарымыздың бірі қатардағы лейтенант Гүлзада Еслямқызы Қажыбаева дер едім.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған Гүзаттың тұңғыш туындысы қазіргі заманғы қазақ поэзиясына жаңа серпін, қалтарыстан қамсыз жатқан тыныш елге жау шапса, өз Томирис пайтшадай атқа қонып,  қаймықпайтын қарқын беретін ерекше ой-таным жемісі дер едім.

Қаршадай қазақ қызының жұдырықтай жүрегінен атойлап шыққан һәм жауынгер шумақтар арқылы, талай ақындар һәм жырауларды әкелген Қазақтың киелі даласындағы әлі де болса таланты ойянбай жатқан жауһар ұрпақтар санасының оянуына себепкер болады деген оймын Сіздерге ұсынуды жөн көрдік. Аллаһ жар болып, Әруақтар қолдасын!

!згі ниетпен, "Көкше" Академиясының профессоры, "Атамекен" ұлттық тәрбие бағдарламасыының авторы, п.ғ.к  блоггер-журналист Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы

   

Blog post image

 

ПОЛКОВНИКТІКІ ЖӨН...

Гүлзада Еслямқызы Қажыбаева

 

"Ұйықтамайды ол" - тынығады;

"Тамақ ішпейді" - ол - күш-қуат жинайды.

"Ішпейді ол" - дәмін ғана татады;

"Ақыл айтпайды" ол - өзінен кіші офицерлердің сауатын ашады, -

ПОЛКОВНИКТІКІ ЖӨН...

 

"Айқайламайды" ол - көзқарасын дәлелдеп жеткізеді;

"Қателеспейді" ол - тәуекел шешімдер қабылдайды.

"Кешікпейді" ол - маңызды істер кедергі болады,

"Көірпейді" ол -* өз ойларын ортаға салады, -

ПОЛКОВНИКТІКІ ЖӨН...

 

"Компьютерде ойнамайды" ол - стратегиялық ой-толғаныста отырады;

"Қорқақ емес" ол - абайлағыш,

"Өсек тыңдамайды" ол - қызметкерлердің пікірін мұқият зерттейді.

"Жағымпаздықты жақтырмайды" ол - өз ісіне адам қызметкерлерге сыйлықтар береді, -

ПОЛКОВНИКТІКІ ЖӨН...

 

"Жұбайын ренжітпейді" ол - жолсапарларға шығады,

"Сыйлық алмайды" ол - шын ниет шапапатын қабылдайды;

"Шаршамайды ол" - күні-түні көкжалдай жортады,

"Қалғымайды ол" - күндіз-түні Қазақ Елін қорғайды, -

ПОЛКОВНИКТІКІ ЖӨН...

 

Қызылжар, 2009 жыл

       
0
518
0