Тікелей эфир

«Қыз Жібектің» жаңа өмірі

Өткен аптада аты аңызға айналған, қырық жылдық тарихы бар режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.

Қазақстандық киноның «Алтын қорына» кірген фильмді сандық форматқа көшіріп, қайта өңдеу жұмыстарын «Қазақфильм» АҚ 2010 жылдан бастап жүргізген болатын. Оны реставрациялау үшін заманға сай, соңғы үлгідегі техникалар қолданылған.
Пленкамен жұмыс істеу үшін ARRISCAN көшірме қондырғысы пайдаланылып, түрлі-түске бояу, түзету жұмыстары AUTODESK Lustre жабдығы арқылы іске асқан. Ал Protools HD бағдарламасы арқылы материалдың дыбысы өңделген. Фильмнің DVD нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде, 10 000 дана болып шықты.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР еңбек сіңірген әртісі, фильмде Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешева қатысты.

Ол шара кезінде шашу шашып: «Мен үшін «Қыз Жібек» фильмі өте қымбат. Бұл фильм – біздің тарих. «Қыз Жібек» арқылы еліміздің аты әлемге танылды. Бүгінде «Қазақфильмнің» осындай киноларды қайта жаңғыртып жатқанына өте қуаныштымын. Әрбір қазақ өз тарихын және оны экранға алып келген өнер қайраткерлерін білуі, әрі ұмытпауы тиіс» - деді.

Меруерт апай фильмнің басты рөліне қалай таңдалғандығы туралы, картинаны түсіру барысында болған қызықты оқиғалармен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, тұсаукесерде тарихи киноэпопея үшін қазақтың қылқалам шеберi Гүлфайрус Исмаилова тіккен Қыз Жібек пен Төлегеннің киімдерін жиналған қауым тамашалай алды.

Айнұр Ракишева
Фото: Қайрат Шапырашты

__________________________________________________________________________

Құрметті оқырман, кештің соңында Меруерт Өтекешева «Қыз Жібек» фильмінің күнтізбелеріне қолтаңба қойып, қонақтарға тарту еткен болатын. Осы күнтізбені Қыз Жібек пен Төлегенді өлеңге қосып, 4 шумақ шығарған ақынға тарту етеміз. Өлеңдеріңізді пікірлер ішіне қалдырып, жазбаны қадағалап отырсаңыз, болғаны. Үздік өлеңді бірге таңдаймыз.

__________________________________________________________________________

Байқау аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет! Күнтізбе блогшымыз Roxanne_Ritchi-ге (Айгүл) табысталады, ал bman (Бағлан) атты блогшымызға арнайы сыйымыз бар. Құттықтаймыз!

 
Алия Arsik
29 қазан 2012, 3:56
10689

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

alb
3
0
бір біріне байланыссыз екі шумақ жаздым, ақын емеспін қатты ұрыспаңдар.
көргенімді сипаттадым

Үкілі бөрік басында
Күміс шашбау шашында
Құлпырып тұр Қыз Жібек
Төлеген оның қасында

Үкі тағып басына киген бөрік
Күлімдейді Қыз Жібек қасын керіп
Ақ боз аттың тізгінін қатар ұстап
Төлеген де мәз боп тұр қызға келіп
Arsik
0
0
рахмет, ең бастысы қатысу, нағыз ақындарды айтып отырғанымыз жоқ, әрине))
Бәрі тамаша. Тек байқаусыз ғана қатеге, ешқандай зілі жоқ ескерту.
"Гүлфайрус ИсмаиловаМЕН тігілген Қыз Жібек пен Төлегеннің киімдерін..." деген соңғы жақтағы сөйлемде орыс тіліндегі сөйлем құрылысы байқалады. Қазақшаласақ "Гүлфайрус Исмаилова тіккен Қыз Жібек пен Төлегеннің киімдерін" болады.
Arsik
0
0
рахмет, Тимур)
Оқасы жоқ, Әлия. Әдемі посттарыңыздың сұрқын кетіріп тұрған пікірімді енді өшіре берсеңіздер болады:)) Ендігі қажеті жоқ шығар.
Монолог
(Қыз Жібектің дәл сол арадағы ойы)

Күлімдеп тұрсың жанымда,
Жадырап нұрлы жанарың.
Дірілдеп, тіпті, қолым да,
Өзінен бақыт табамын.
(Білмеймін, бағым, сорым ба
Аттанған мынау сапарың?)
Құдайым қолдап жолыңда,
Үзілмей келсің хабарың...

Сағына күтер АРДАҒЫМ,
Жаныма тездеп оралып,
"КЕЛЕДІ ОЛ" деген нәп-назік
ҮМІТТІҢ ЖІБІН ЖАЛҒАҒЫҢ...

***
...Өлшедік арман өлшемін,
Сырласым болдың, Ақ боз ат.
Жанымның жылы бөлшегін
Тапсырдым саған, АМАНАТ! ))))))))))))))))))))

Кун нурына болеген,
Жердин жузи шарайна
Кыз Жибек пен Толеген
Биз болайык жарай ма?)))
Aikona
1
0
уау ана киімдерін көргім келіп тұрғаны. Күшті
"Қыз Жібектің" цензураға түспеген нұсқасы сақталды ма екен? Соны тауып алып көрер болсақ, ә!!!!
Arsik
0
0
шын-өтірігін білмедім, бірақ сақталмады, бәрін жоқ қылды деп естігем :(
Arsik
0
0
zk03Ou2JBUF8R9S6b3gnXS5PoBxfO1.jpg
қолтаңба бар күнтізбе осы :)
Қыз Жібекті мың рет көрсем де жалықпаспын
Блю рейге қашан шығады? DVD форматы қартайып үлгерді...
DVD форматының шыққаны кеше ғана. Блю рейге шығып жатса оныда журналымыздыздың оқырмандарына хабарлаймыз :))
шынында да ана киимдерди бир корсе. Олар кайда сакталып тур муражайга коймайды ма екен

Қайда сақталып тұрғандығын айтпады. Тек қана тұсаукесерге әкеліп қойды да артынша алып кетті.
Бұрын Бекежандар Төлегенді өлтірген болса, бұл күндері Қыз Жібектер Төлегендерді "өлтіреді":)))))
Мен оны мегаторрентстен көшіріп жүрсем, бар екен ғой.
bman
6
0
«Қыз Жібекке» арнау

1
Неткен шіркін! «Қыз Жібекте» жайқалды!
Көктемменен асау көркін қоштады!
Қырлы заман, уақыттарға шыдай кеп,
Қайта шырқап жаңа өмір бастады.

2
О, Төлеген! Қазақ елдің мақтанышы.
Батыр, тарлан! Өз жерінің қорғаушысы.
Қайтпас қайсар. Адал жанды бұл пенде.
Қорғау еткен жақсылықтың жақтаушысы.

Пай, Қыз Жібек! Неткен ару! Мың бұралған.
Қарап қалып көздерімен таң қалдырған.
Ербең еткен аяу сезім бастауы,
Көркіменен барша жанды тамсандырған.

Махаббаттың биік шыңы атақты
Төлегенмен Қыз Жібектің махаббаты.
Сұм тағдырдың қысымына нық шыдап,
Не болса да бірін-бірі тастамады.

Қарамады. Басқалардың айтқанына
Болды бірге. Төнсе де бұлт бастарына.
Бірақ... Әттен. Тағдырменен... Бекежан.
Неге, Алла, болдың қатал бұл жандарға?

3
«Қыз Жібектің» нұсқалары көптің-көбі.
Бірақ соның ішіндегі ереулісі
Бұл Қожықов атамыздың фильмі ғой.
«Қыз Жібектің» естен кетпес көрінісі.

«Қыз Жібек» бұл қазақ елде ерекше.
Өшпес фильм бұл талай заман өтсе де.
Сұлтекеңнің «Қыз Жібегі» мәңгі бақи!
Мәңгі бақи сезімдерде. Жүректе!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10459
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4476
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 3007
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2106
  • 74
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1693
  • 53
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1358
  • 45
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1450
  • 16
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1376
  • 10