Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:10, 29 марта 2012

Сильвио Берлускони тергеу астында жүр!

Атақты Ит елі Премьер Министрі Сильвио Берлускони тергеу астында жүр.

Blog post image

Прокурор Фабио Де Паскуаль оны бес жылға қамауын соттан сұрап отыр. Соңғы рет ол марқұм Қаддафи мырзаның қолын сүйіп өз елінің сөгісіне тап болған:

 

Өткенде жазғандай ескі қаржы жүйесінің жоғары лауазымды банк бастықтары өз жұмысын жаппай тастап кетіп жатыр дүние жүзі бойынша. Өткен аптаның аяғында кеткен банкирлердің жалпы саны 450-ден асып түсті. Толық тізімді осы жерден көруге болады. Осындай көп адамдардың кетіп жатқанын тіпті The Fiscal Times да байқап қалды.

Сонымен қоса Ұлы Британиядағы атақты жаңалықтар империясы тергеу астына түсті. Руперт Мердок мырзаның империясы құлдырап құлағалы тұр. Fox News корпорациясына тиесілі Sun газетінің 6 бастығы қамау астына алынды. Руперт Мердоктың баласы - Джеймс Мердок өзінің басқару орнынан бас тартып шықты.

Blog post image

 

Сонда тергеудің әшкерелеген сұмдығы, телефон жүйесімен әр бір адамның үйіне жасырын түрде аңдып дауысын жазып алатын құралдар қойылған екен бүкіл әлемде. Содан кейін бір жерге телефон шалып өзіңе керек адамдарды айтасың, ақшасын төлеп сол адамдар жайлы барлық мағлумат алуға болады екен-мыс. Солай Мердок империясы өзіне ақпарат жинаған екен деп айыптап отыр оларды.

Сонымен қоса Ит елі полициясы тағыда сұмдық ақша тұратын АҚШ бондтарын сатпақшы болған адамдарды ұстады. Олар туралы мен алғашқы баяндамада айтқанмын. Сонымен, бұл екінші рет осындай қыруар ақша жайлы іс болып тұр.

Ал Америкада JP Morgan (Ротшильдтардың АҚШ-тағы өкілі) Ватикандағы банк шоттарын жабатынын жариялады. Және мерзімін бір айдан аз көлемде қойды. Ватикан мен Федеральды Резерв Банкісінің өз ара тіл табыса алмай қалғаны құптарлық іс болып тұр. Жалпы дүние жүзіндегі қаржы жүйесіне қарсы болып жатқан соғыс қызып келе жатыр. Тайяу арада көптеген аты әлемге айгілі болған адамдардың тұтқындалғаны жайлы әлі еститін боламыз. Елді ақшалай тонап содан рахат алған адамдардың бәрінің табан асты өртенеді әлі!

0
552
0