Қазақ мемлекетінің әлемдегі ядролық қауіпсіздіктегі орны жөнінде халықаралық баспасөзде жарияланып жатқан мақала көп. Соның бірі Американың «Нью-Йорк Таймс» газетінде «Иран Қазақстаннан қандай...

Қазақ мемлекетінің әлемдегі ядролық қауіпсіздіктегі орны жөнінде халықаралық баспасөзде жарияланып жатқан мақала көп.
Соның бірі Американың «Нью-Йорк Таймс» газетінде «Иран Қазақстаннан қандай үлгі алуы керек?» деген атпен жарық көріпті. Мақаланың авторы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев.  «Қазақстан Каспий теңізі аймағындағы көршілерімен арадағы дипломатиялық байланыстарын пайдалана отырып, Тегеранды өзінен сабақ алуға шақырып отыр. Иранның мәртебесі мен ықпалын төмендету әрекетінен гөрі ашықтық пен көршілер арасындағы бейбіт қарым-қатынас Таяу Шығыстағы тайталасты жеңілдетер еді», - дейді қазақ елінің басшысы.
Ал, «Уолл Стрит Джорнал» басылымы ядролық отын қалдықтарын сақтау проблемасына тоқталған. Газет тілшісінің пікірінше, «Қазақстан дүние жүзіндегі алғашқы ядролық отын сақтайтын банктің өз жерінде келесі жылы ашылатындығына сенеді. Және бұл ниет Обама әкімшілігінің атом арсеналын таратпау жолындағы әрекеттеріне маңызды қолдау».
Корея саммиті қарсаңында еліміз «Рейтердің» де назарынан тыс қалған жоқ. Халықаралық агенттік тілшісінің хабарлауынша, 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев атомдық сынақ полигонын жабу Жарлығына қол қойғаннан  бері Қазақстан ядролық қарусыз әлем қозғалысында көш бастап келеді.

Оцените пост

1