Тәуелсіздіктің 21-ші көктеміне қазақ халқы толайым табыстармен жетті. Ел экономикасы 7,5 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 12 долларға жуықтады. «Жаңа күннің бастауы, игі...

Тәуелсіздіктің 21-ші көктеміне қазақ халқы толайым табыстармен жетті. Ел экономикасы 7,5 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 12 долларға жуықтады. «Жаңа күннің бастауы, игі тілектердің айы әз Наурыз пейілі кең Қазақстанға мол ырыздығын сыйласын», – деп тілек айтып жатқандар көп.
Бельгия
Джеймс Аппатурай, НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі:
Мен НАТО, Солтүстікатлантикалық  альянс атынан және жеке өз атымнан барша қазақ жұртын осы мерекемен құттықтап, елдеріңізге қарышты қадамдар тілеймін. Брюссельде өткен  мерекелік іс-шараға қатысу мен үшін үлкен бақыт.
Мәскеу
Анатолий Спицын, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті:
Наурыз ең бір шуақты мерекенің бірі. Наурыз көктемнің, жаңарудың, жаңғырудың, жаңа табыс пен жетістіктің мерекесі. Оны әрбір қала, әрбір ауыл, тіпті әрбір отбасына дейін тойлайды. Наурыздан жұрт жақсылық, үміт күтеді, атқарған жұмысын қорытындылайды. Қазақстанның ең бір қайта дамыған кезеңі тәуелсіздік алған жылдан басталды. Осы уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында, Қазақ елі адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетті. Ендеше, осы жетістікке толы қазақтың тарихы жалғаса берсін!
Алматы
Досхан Жолжақсынов,  Қазақстанның Халық әртісі, актер:
Наурыз бұл  мереке ғана емес, ұлттың конституциясы іспеттес. Осы Наурыздың ішінде мына көже жасалғандағы ішіне қосылатын қосынды, осы міне, қазақтың әр бойындағы қасиеттерінің бірі дер едім. Наурызды жылда тойлап келе жатырмыз. Мынау еліміздің аяғынан тік тұрып, ел қатарына қосылғанына да міне 20 жыл болып қалыпты. Мен алдымен осы Наурызбен  жастарды құттықтағым келеді. Осылардың мінезі наурызға сай, біздің көңіліміздегі, қазақтың көңіліндегі, жаңа айтып кеттім ғой, бұл үлкен тәрбие. Міне, осы тәрбиенің бәрі бойынан табылатын  жастар аман болса екен, солар осы жақсы қасиетті төкпей-шашпай алға  алып барса екен! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын, ағайын!
Қарағанды
Темірғали Көкетаев, Кембридж университетінің «Ғасыр адамы» атағының иегері:
Мына қақаған қыс қаһарынан кетіп, жайдары көктемге қарай келеді. Жан-жануардың барлығына жан бітеді. Қараңғыдан жарық көбейеді, суықтан жылу көбейеді. Адамның үміті көбейеді. Барлығы осы  жерде тоғысады. Енді осыдан бастап адам алдына бір мақсаттар қояды. Адам, адамзат, қоғам, мемлекет барлығының  бір алдында арман болады. Менің тілегім, сол арманның барлығы орындалса екен дегім келеді.

Оцените пост

0