ХХ ғасыр туралы толғаныс

Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрдік. Ғасырдың соңына жақындаған кездерде толғана бастадық. Ол екінші мыңжылдықтың да соңы емес пе. Мыңжылдар ауысқан өліара шақтарда табиғатта, адамзат өркениетінде...

Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрдік. Ғасырдың соңына жақындаған кездерде толғана бастадық. Ол екінші мыңжылдықтың да соңы емес пе. Мыңжылдар ауысқан өліара шақтарда табиғатта, адамзат өркениетінде айрықша құбылыстар жүз беретінін тарихтан білеміз. Оқыңыз - "Жиырмасыншы палата (Ұждан азабы)" романы.

Міне, менің де сол кездердегі жеке толғаныстарым біраз рухани күш-қуатты қажет етті. Оның үстіне дүниедегі ең алып держава СССР сол кездерде құлады. Өзіміз Құдайдай сиынып жүрген, өлместей көрінген Ленин, Брежнев деген "күн көсемдер" де қирап түсті. Қазақ елі де алды беймәлім, ертеңі жұмбақ өліара кезеңде, жауапты тарихи жол айрығында тұр еді. Күнде болмаса да жиі-жиі түсіме қараорман халық әбіржи кіріп, шошып оянушы едім.

Сол толғаныс ақыры салмақты бір әдеби шығарма түрінде қағазға түскен еді. Оны "Жиырмасыншы палата (Ұждан азабы)" деп атадым. Көлемі мен ой салмағына қарап, жанры роман деп шамаладым. Оны 1991-1997 жылдар арасында тоқтаусыз жаздым. Өте ауыр жазылды. Жазбайын деген кездер де болды, бірақ... жазбауға шарам жоқ еді.

Романды бірнеше қайтара өңдеу жасадым. Тек қана үлкен баспаға берудің еш мүмкіндігі жоқ еді, ол "балапан басымен, тұрымтай тұсымен" далбасалап жатқан кез. Оның үстіне, роман жанрын философиялық лирика деп жобаладым, ой-ой-ой, рефлексия. Дәл қазіргі аласапыранда мұны кім оқыр деген пікірде болдым.

Міне, шығарма сандық түбінде сол жатқаннан мол жатып еді. Тек жақында ғана оны жариялаймын деп шештім. Интернеттегі http://www.proza.kz әдеби сайтында. Қазір біртіндеп шығуда. Оқып көріңіз, құрметті оқырманым. Мүмкін сізге қызықты болар. Ой қозғап, ой туғызар. Сонымен - "Жиырмасыншы палата (Ұждан азабы)" романы.

Оқыңыз!

Оцените пост

0
Дальше