Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:32, 21 марта 2012

Наурыз келді - Кімнің жаңа жылын тойлап жүрміз?

"Әз Наурыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!", - деген сөздерді бұрыннан, балалық шағымыздан естіп келеміз. Бүгін 21-і, Наурыз мейрамын түркі қауымының басым бөлігі "мерекелеп" жатыр. По идее, настроение періп тұрып, ақпен, бірақ арақсыз осы мейрамды көңліміз шат тойлап жүруге тиіс шығармыз деп ойлаймын. "По идее" деп отырғаным григорян күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алатын уақытпен салыстырғаннан шығармын. Кім білсін, дегенмен, менің жеке пікірім, қазіргі кездегі тренд - Наурыз дәстүрлерін "Жаңа жылдық" аналогпен ұйқастырып, халықтың назарын СССР-лік "құтты мейрамнан" қазақстандық "жыл басына" ауыстыру орын алып жүрген тәрізді. Неге десеңіз, шампанның орнына көже құйылып, шыршаның орнына "Бәйтерек" ұсынылып, Аяз Атаға "тормози" деп Қызыр баба тойға келіп, кейбір ресми және бейресми жиындарда ақ шатысып кетіп, ақтың басқа түрлері - "Столичная", "Пшеничная" құйылып, мәз-мейрам болып жүрген сияқтымыз.

Биыл осы мейрамның арқасында 5 күн демаламыз. Не үшін дегім келеді?

Біріншіден түсінбейтінім, бұл мейрам не мұсылман, христиан, иудей, қала берді кришнаиттердің жаңа жылы емес. Наурыз - зороастризмнің жыл басы. Тұран мен Иран болып, текетірес болып жүрген заманда, кейінірек оңтүстік өңірлеріміз ХІ-ХІІ ғасырларда Хорезм мемлекетінің құрамында болған уақтысында, күнделікті тірлікке енген. Менің осы жердегі сұрағым - Қазақстанда бірде-бір зороастризмнің өкілі қалды ма? Stat.kz сайтындағы ресми статистикаға жүгінсек (бізде соңғы рет халық санағы 2009 жылы жүргізілді), так значит сол жерде жазылған екен: 11 237,9 мың адам ислам дінінде (70,2%) [Мұсылман жаңа жылы 26 қараша 2011 ж. басталды], 4 190,1 мың адам христиан дінінде (26,2%) [Христиан жаңа жылы 1 қаңтарда басталды], 14,6 мың адам буддизмде [Будданың туған күні биыл мамырдың 6-сы], және төртінші орында иудей діні [Рош-Хашана жаңа жылы 17-18 қыркүйек, 2012]- 5,3 мың адам. Қалғандары: 450 мың адам - атеист, 30 мың адам - өзге кішігірім дәстүрлі діндер, және 81 мыңы жасырып қалыпты. Осы жердегі менің подозрением, что тек 111 мың с чем-то адамның діні - зороастризм болуы мүмкін. Ол жалпы халықтың 0,7% ғана. Сонда біз, құрметті ағайын, осындай кішігірім үлесі бар (көнерген) діни топтың Жаңа жылын тойлап жүр екенбіз.

Екіншіден, менің бірінші доводтарыма қарсы адамдар Наурыздың табиғи жаңа жыл екенін айтуы мүмкін. Мен ол пікірлерімен санасам. Әрине, 1 қаңтардағы жаңа жылда мен ешқандай толк, яки мән көріп тұрғаным жоқ. 21-22 наурыз - бұл көктемгі күн мен түн теңелетін күн. Жарайды дедік. Қармен күресіп жүрген ол тек біздің табиғат зонасының адамдары. Қыстан аман шыққанымыз үшін жаратқанға рақмет айтып, бір-бірімізген қауышқан күнді осылай тойлаймыз. Ал қар түспейтін жерде тарихи өмір сүретін еврей халқының жыл сайын күзгі күн мен түн теңелу уақытында жаңа жылын тойлауына не дейсіз? Олар керісінше, жаздың аптап ыстығынан аман шықтық, салқын келді деп қуана бастайды. Бұл да табиғи түрде күзгі күн мен түннің теңесуінде болатын құбылыс. Мұсылманның күнтізбесіне не дейсіз? Ол ең табиғиларының бірі. Айдың жүрісіне негізделген. Сондықтан далбақтамай тағы да, 21-22 наурыз өтісімен болатын күн - 23-наурыз Зоротуштра (Зороастризм пайғамбары) туған күні екенін ұмытпайық.

Үшіншіден... Осы пунктқа келгенде, көп адамның жынына тиіп отырғанымды білемін, дегенмен сұрағым келеді, Наурыздың ең басты дәстүрі, ерекшелігі неде? "Көрісу" деп айтар батыс ағайындар, "наурызкөже" дейді екіншілері, "ағаш отырғызу" дейді тағы біреулері. Тағы да айта берсеңіздер болады. Бірақ та, біреумен көрісу үшін тек бір күн қажет нәрсе ме? Наурызкөжеден добавка сұраған біреуді көріп пе едіңіздер? Менің бұл тағамға қарсылығым жоқ, бірақ дегенмен ол тек қана обязаловкаға айналып кеткен тәрізді. Кейде, үлкен жиындарға барғанда, осы "обал-ай" деп ойлаймын, наурызкөжені тостағандарға құйып-құйып тастап, ішілмей жатқанын көргенде.

Төртіншіден, демалысты бәріне беріп, мына қызықты қараңыз. Қазақтілді емес, еліміздің азамат-азаматтары еместерінен сұраған қарапайым статистикада 10 адамның 9-ы осы күнді жай демалыс деп санайды. "Не істейсіз бұл күні?" деп сұрақ қойсам, жауаптары: теледидар көрем, интернетте отырам, кино қарап қайтам. No comments. Қытайда жүріп, қытай жаңа жылына араласпай, Еуропада Рождество немесе жаңа жыл кезінде мұндай игнорды көрмейтін шығарсыздар-ау, шамасы.

Түптеп келгенде, менің Наурыз мейрамына еш қарсылығым жоқ. Мейлі, болсын, бес күн демалыс. Хоть он күн демалайық. Бірақ, кейде идеология құрамыз деп, жалған идеологияға кетіп қалмайықшы. Осындай бос догманың өмірі қысқа болмақ. Сондықтан 1 қаңтар мен 22 наурыз арасынан күрес шығармай, өзге өмірімізге қажеттірек жұмыстарымызбен айналыссақ па деймін. Назарларыңызға рақмет!

0
642
4