Көршінің қызы

NurAstana 2012 M03 19
887
1
1
0

Танымал ақын, журналист Амангелді Шахиннің отбасы Орал қаласындағы Достық даңғылы 151/2 мекенжайындағы көп қабатты үйге 1989 жылы көшіп келді.  Көршілері Қайырсапиев Нариман мен Балғайша  жас...

Танымал ақын, журналист Амангелді Шахиннің отбасы Орал қаласындағы Достық даңғылы 151/2 мекенжайындағы көп қабатты үйге 1989 жылы көшіп келді.  Көршілері Қайырсапиев Нариман мен Балғайша  жас жанұяны құшақ жая қарсы алып, ерулікке шақырып, қоян-қолтық араласа бастады.  Арада бір-екі жыл өткенде Әлімжан, Әзима есімді Айтеңізовтер отбасы да екінші қабаттағы пәтерге орналасады.

Осылайша үш көршінің (пәтерлері де бір-бірінің астында) тату-тәтті тіршілігі басталып та кетті. Үш отбасы әрбір мереке мен туған күн, өзге де қуаныштарды бірге тойлап, атауды әдетке айналдырды. Шынар, Гүлзар есімді балалары бар Амангелді мен Сараның шаңырағында 1994 жылы тағы бір қыз бала дүниеге келді. Сүт кенженің есімін ата-анасы Жанерке деп қойды. Ал жастары ұлғайған шақта отау тігіп, бала сүйе алмаған Әлімжан мен Әзиманың көңілі көршілерінің қызы Жанеркеге ауып, оған ерекше мейірімділік танытады. 

– Әлімжан ағай балажан азамат еді. Есік алдындағы көршілердің ұл-қызын айналып-толғанып, бәрін еркелетіп, ойнатып жүретін. Ал біздің Жанеркеге деген пейілі тіпті ерекше болатын. Бар тәттіні де, жылы-жұмсақты да Жанеркеге беретін. Кейде балабақшадан алып келуге де сұранып тұратын. Жұмыс басты боп жүрген біздер көршінің бұл ықыласына қуанып жүретінбіз. Мүмкін жастықтың әсері ме, әлде үйде Жанеркеден үлкен екі қыздарым болған соң ба, оған аса көп мән бере қоймадық. Үш-төрт жасқа келгенде кенже қызым аулада ойнап жүріп, 4-қабаттағы пәтерімізге көтерілуге ерініп,  екінші қабаттағы Әлімжан ағайдың үйінен су ішіп, кей күндері сол үйде қонып қалатын әдет шығарды, – дейді Амангелді Шахин.

Осылайша екі үйдің ортасында жүрген Жанерке өзін еркелетіп, ерекше назар аударған Әлімжан мен Әзиманы бауыр басып, үш жастан асқанда киім-кешегі мен ойыншықтарын алып, көршінің үйіне түпкілікті «көшіп кетеді». Тәтті қылығына мәре-сәре болған Айтеңізовтер де оның айтқанын істеді. Тіпті түн ортасында анасына барамын деп қиғылық салса, Әлімжан оны киіндірместен, көрпеге орап, әке-шешесінің пәтеріне көтеріп апарып жүрді.

Жалғасы мында

Оцените пост

1

Комментарии

Показать комментарии