Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:04, 19 марта 2012

14 НАУРЫЗ – «АМАЛ»: ҚАЗАҚША ЖАҢА ЖЫЛ

Blog post image

Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша Жаңа жыл және Күн-Түн теңесімі.

Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен жаңа жыл мерекесі Наурызбен беттестірілді, біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21-22 нау-рызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде батыс пен оңтүстік өңірде тоқтаған емес.

 

Бүгінде Көктемнің алғашқы әрі Жаңа жылдың енетін күні саналатын «Амалды» елдің батыс аймағында біршама өңір ғана атап өтеді. Ал, бұған дейін оны Қазақстанның Маңғыстау аймағынан бастап Сыр өңірінің барлығы, Қостанай, Торғай аймағына қоса, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Сарытау, Самара, Орынбор облыстарының қазақтары атап өтетін. Бүгінде барлығы да Наурызға әрі жаңа жыл, әрі Күн-Түн теңесімі ретінде мазмұн беріліп, 21-22 наурызда мерекелеу қолға алынып келеді.

 

Blog post image

Мәселе неде? Мәселе қазақтың Жаңа жыл ұғымы мен ежелгі дейтүркілік Күнге табыну дәстүрінен бастау алатын, бүгінде парсылық (кейбір журналистер мұны «шығыстық» атап айды аспаннан шығарып жүр) мазмұн беріліп жүрген Күн-Түн теңесімі мерекесінің шатасып кетіп отырғандығында. Түркілер көктемгі «теңесіммен» шектелмеген, күзгі теңесім қарсаңында Чук (шұбаш), Сабантой (қазақ, башқұрт, татар, шұбаш), Ақ ай (маңғол, қалмақ) мерекелерімен келсе, оған қоса қысқы және жазғы Күн тоқырауы да «Нартуған» (қазақ, башқұрт, татар, шұбаш), «Корачун» («Түнек құрысын» мағынасында – мажар-қыпшақтар, кейбір Сібір, Саян түркілері), сондай-ақ Ысыах (саха) атап жүр. Қысқасы, Күн-Түн арақатысына байланысты мерекелердің барлығы Күнге табыныс көріністері және аса ұлы мерекелер болып табылады. Парсылар соның тек қана ортаңғыазиялық түркілерден ауысқан көктемгі нұсқасын мерекелеп келеді.

Жалғасын "Нұр Астана" газетінен оқи аласыз

0
575
0