Сұлу Сыр өңірінде он саусағынан бал тамған  ісмер қыздар көп. Мәселен, Жалағашта  кәдімгі капрон шұлықтың өзін  кәдеге жаратып, Ұлыстың Ұлы күніне  тарту жасап жатқан шеберлер бар. Іске икемді...

Сұлу Сыр өңірінде он саусағынан бал тамған  ісмер қыздар көп. Мәселен, Жалағашта  кәдімгі капрон шұлықтың өзін  кәдеге жаратып, Ұлыстың Ұлы күніне  тарту жасап жатқан шеберлер бар.

Іске икемді, шаруаға епті аруларды көруге келген жігіттер де құр қайтпаса керекті.
Ертеректе үйдің төрінде қыз әшекейі ілініп тұрса, сол шаңырақтың үкілеп өсірген еркесі бойжетті дегенді білдірген. Жар таңдап жүрген жігіттер текті жердің сұлуын торыған. Ауыл бойжеткендері мұндайда «қыз көретін жігітті, біз көрелік» деп сөз жарыстырып, өнер сынасқан.
Дәстүр бойынша ұрындап келудің арты екі жастың шаңырақ көтеруіне ұласқан. «Қазір бұл үрдісті жаңғыртып жүргендері бар», – дейді ауылдағылар. Бұл салт «Қыз көру» деп аталады.
Балжан Нұрымбетова, № 202 орта мектептің мұғалімі:
«Абай жолы» романында қазақ дәстүрлерінің барлығы кеңінен әңгімеленеді. Мысалға, Абайдың Ділдәға алғашқы ұрын баруы, күйеу болуы. Ділдәнің келіншек болып Тобықты еліне келуі, осының бәрі дәстүр.
Ал, жалағаштық бойжеткендер жоқтан бар жасайды. Талғамы жоғары ісмер қыздар ескі-құсқыға қайта жан бітіруде. Бір қызығы, бұл гүлдер солмайды, аса күтімді де қажет етпейді.
Жансая Сақыпбек, ісмер:
Наурыз мейрамына орай Наурызшешек гүлін жасап жатырмыз. Сымды аламыз да, капронды ораймыз.Сосын ортасына бисер қоямыз. Түкте қиындығы жоқ.Наурызшешек гүлі қар ерігеннен кейін шығады. Мен бірақ бұны ешқашан көрген емеспін. Бірақ, өз қолымыздан шыққан гүл маған өте ұнап тұр.
Көктемде бүр жаратын нәзік гүлді қолдан жасай білетін шебер қыздар, ертеңгі күні шаңырақтағы құт-берекенің ұйытқысы болмақ. Өйткені, ауылдағы ағайын қазақы қалпынан аумай, тәлім- тәрбиені ұлттық үрдіске негіздеп келеді.

Оцените пост

2
Дальше