Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы.

Алия 2012 M03 16
12800
14
11
0

16 наурыз күні Радик Темірғалиевтің «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жұмыс ғылыми тұрғыда қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мәселесін көтереді.

16 наурыз күні Радик Темірғалиевтің «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл жұмыс қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мәселесін ғылыми тұрғыда көтереді. Автордың айтуынша кітапта қазақ хандығының құрылуы туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтер келтірілген.

Қазіргі оқулықтарда Қазақ  хандығын құрған Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар деп берілгендігі баршамызға мәлім. Олар Әбілқайырдың билігін мойындамай, өз алдына жеке ұлттық мемлекет құруды басты мақсат етіп қояды. Сөйтіп Әбілхайыр хандығының тұсындағы бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпаларды ертіп, Жәнібек пен Керей сұлтандар Жетісу аумағына ауып кеткен. Олар Моғолстан ханы Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ  хандығын құрған деген деректер жазылған.

Ал Радик Темірғалиев тарихтағы ең үлкен мемлекеттердің бірі, көбіне Ақ Орда, Қазақ хандығы деген атпен белгілі Дешті-Қыпшақ тарихына арналған кітабында бүгін біз білетін тарихтың өзге екенін түрлі деректер мен ескі әдебиеттерге сүйене отырып дәлелдеген. Онда Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей емес, Шыңғысханның ұрпағы Ұрыс хан делінген.

Кітаптың баспагері «Аспандау» ғылым-білім беру қорының Президенті Қанат Нұровтың айтуынша: «Бұл кітап оқырманды Ақ Орданың шынайы таңғажайып тарихымен таныстырады».

Кітап авторы «Екпіннің»: «Кітабыңызды өзге тарихшылар, жастар негіз ретінде ала алады ма?» - деген сұрағына Радик мырза: «Бұл кітапты негізінен жастарға арнап жаздым. Кітабым олардың ғылыми жұмыстарына қажет болатындығына сенгім келеді» - деп жауап берді.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Айжан Кәрібаева

 

Оцените пост

11

Комментарии

0
Кітаптың аты "Ақ орда" емес "Ак орда" сияқты... Десек орысша болды ғой?
0
иә, кітап орыс тілінде
0
И чё здесь написано? Хоть кто бы написал.
0
қазақша болып шығара ма білесіз бе?
0
"Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей емес, Шыңғысханның ұрпағы Ұрыс хан делінген" сказочник!
Показать комментарии