«Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы  көптеген қазақстандықтардың жұмысқа орналасып, тұрақты табыс табуына  жағдай туғызды. Бұл – осы бағдарлама бойынша еңбекке араласқан  Жамбылдық Қуаныш...

«Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы  көптеген қазақстандықтардың жұмысқа орналасып, тұрақты табыс табуына  жағдай туғызды. Бұл – осы бағдарлама бойынша еңбекке араласқан  Жамбылдық Қуаныш Тәукебаевтың пікірі.

Жұмыспен қамту орталығына келген Қуанышты мамандар оқуға жіберіп, жігіт газ-электр дәнекерлеуші кәсібін игерді. Қазір Қаратау қаласындағы жеке серіктестіктерінің бірінде нәпақасын тауып жүр.
Қуаныш Тәукебаев жастықпен аяғын шалыс басып, бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын өтеген соң 2010 жылдың соңында бостандыққа шықты. Ауылға келіп, көпке дейін жұмысқа орналаса алмай жүрді. Мемлекеттік бағдарлама жайында естіп, оқу оқыды, мамандық игерді, шәкіртақы алып жүрді.
Қуаныш Тәукебаев, Қаратау қаласының тұрғыны:
Мемлекеттік бағдарлама арқасында 2020 тараз қаласында оқыдық. Электрдәнекерлеуші болып, 3-ші разрядтан 4 разряд алып, оқып келіп, қазір ТОО «Пазыл сервис» деген жерде жұмыс істеп жатырмын. Алғысымды алдымен Елбасымызға, билік басына айтамын, оқытып келген, жұмысқа орналастырған.
Қуаныш еңбекқор, темірден түйін түйетін маман дейді жігіттің қызметтестері. Әрбір бастаманың ортасында міндетті түрде Қуаныш жүреді.
Мұрат Семізбаев, серіктестік басшысы:
Біздің серіктестік көпсалалы, сварщик ретінде, теміркесуші ретінде өзін-өзі жақсы көрсетіп жүр. Алдағы уақытта да біз Қуанышты жібермейміз, қатарымызда болады, коллективте жұмыс істейді деген ойдамыз.
Жас жігіт спортты серік еткен. Бүгін де жұмыстан шыққан соң спортзалға беттеді. Үй шаруасына да үлгеруге тырысады.
Қуаныш Тәукебаев, Қаратау қаласының тұрғыны:
Бос уақытта босқа өткізбеуге тырысамыз ғой. Жұмыстан кейін үйдің тірліктері бар, шешемізге көмектесеміз.
Қуаныштың жалақысы қазір 30 мың теңгеден асып отыр. Қаратау секілді шағын қала үшін бұл орта деңгейдегі табыс. Осыған да шүкір дейді ол. Ары қарай Қуаныш оқу оқып, біліктілігін арттырмақ, сонда табысы да көбейеді, күнкөрісі де жақсара түспек.

Оцените пост

2

Комментарии

Показать комментарии
Дальше