Тікелей эфир

Париж - босқындар қаласы

Екеу отыр. Екеуі де үнсіз. Соғыс кезеңінде пайда болған махаббат екеуінің де өмірін аса өзгерте қоймады. Себебі олар ғашықтар қаласы саналып кеткен Парижде емес, күңгірт, мұңлы Парижде күн кешіп жүр.

Егер мен айтып отырған Парижді танып отырсаңыз, демек, сіз де Эрих Мария Ремарктың шығармасын оқыған болуыңыз керек. Ремарктың Парижі Гюго, Дюмалардың шығармаларында жазылған әсем қала емес. Ол - бір күнмен өмір сүретін, жанарлары солғын, көңілін қаяу басқан жалғыз жандардың, ертеңгі күнге күмәнмен қарайтын босқындардың қаласы.

Эрих Мария Ремарктың «Салтанатты қақпа» романы тұңғыш рет 1945 жылы АҚШ-та жарық көрген. Бір жыл өткеннен кейін роман автордың туған жері Германияда басылып шыққан. Содан кейін шығарма көптеген шет тілдерге аударылып, әлемнің түрлі елдерінде қайта басылып шығарылған. Роман бойынша бірнеше рет кино да түсірілген.

Әдебиеттанушылар «Салтанатты қақпаны» автобиографиялық романдар қатарына жатқызады. Шынымен де, Ремарктың өмірбаянын оқып отырсаңыз, көптеген ұқсастықтарға тап боласыз. Мысалы: Ремарк роман кейіпкері сияқты эмигрант; ол да Равик секілді актриса, әншіге (Марлен Дитрихке) ғашық болды; басты кейіпкер сияқты соғыстың қарсаңында талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Осы аталған себептерге байланысты да болуы керек, роман шыншылдығы, шынайылығымен оқырманға ерекше әсер етеді. Өйткені Ремарктың сезімі, көңіл-күйі, жағдайы, бәрі-бәрі кейіпкерінің мінезімен ұштасады. Сол сияқты оқырманның «Салтанатты қақпадағы» басқа да кейіпкерлерге, олардың өміріне деген көзқарасы да ерекше болады.

Соғыс тақырыбын мейлінше кең ашқысы келген жазушының «Салтанатты қақпасы» оған дейінгі махаббат не болмаса достық туралы романдарынан өзгеше. Себебі мұнда махаббаттың айналасындағы «әдемі» әңгімелер емес, кейіпкерлердің соғыс қарсаңындағы мінез-құлқы, сезімдері, эмоциялары, көзқарастары бірінші орынға қойылған. Романда екінші кезектегі кейіпкерлер, олардың ішінде Равиктің досынан бастап қарапайым қала тұрғындарына дейін бір күнмен ғұмыр кешетіні байқалады.

Алайда романның кейбір тұстарындағы тым әдемі сөздер (ал олар романда өте көп кездеседі, бір романнан цитаталар жинағы шығатын болар) адамды жалықтырып жіберуі мүмкін. Парижді құдды бір философтардың ордасы деп қаласыз. Бәлкім, автор соғысқа дейінгі шынайы өмірді көрсеткісі келген де шығар...

Хирургтың көмекшісі қызметін атқарып, күн көріп жүрген басты кейіпкерді бір сөзбен сипаттау қиын. Себебі, бір жерде тым аңғал, сезімтал Равик екінші бір эпизодта қатігез болып көрінеді. Бір жерде қиын-қыстау заманға қарамастан, өмірге деген құлшынысы азаймаған Равик, екінші бір тұста шаршаған, өмірден түңілген жанның кейпінде болады. Қарсыласын түк қиналмастан, аяусыз өлтірген ол соңында бәріне қол сілтеп, әрі қарай күресуге шыдамы жетпейді.

Жоан туралы не айтуға болады? Қай сөз басты кейіпкерді дұрыс анықтай алса екен... Өсімдік! Иә, күн шыққанға жалтақтай қарай беретін өсімдік. Ремарктың шеберлігі сонда болар, Жоанның әрбір қимылы, әрбір сөзінен кейін оны атып тастағың келеді. Оған байлық та, махаббат та, ештеңе де қажет емес. Бәрі жалған... Равиктің досы Морозов айтпақшы, «Ол әжептәуір арам әйел. Орыс болсаң, түсінер едің».

Жеке күделігінде Ремарк Жоанның прототипі Марлен Дитрихті «Пума» деп атап, оны өмірін талқандаған жан ретінде сипаттайды екен.

Жақында 1948 жылы түсірілген «Салтанатты қақпа» фильмін көрдім. Мен үшін 2 сағаттық фильмнен гөрі шығарманы қағаз кітаптан оқыған әсерлірек болды. Өйткені, нағыз қызықты сәттерін режиссер қиып тастағандай көрінді. Көбіне Равик пен Жоанның арасындағы қатынас көрсетілді. Фильм кітаптан қиылып алынған үзінділерден құралғандай.

Ал Равиктің рөлін сомдаған Шарль Буайе маған ұнады. Себебі басты кейіпкердің қай тұста қандай күйде болғанын, эмоциясын анық көрсете білді. Әсіресе Жоанды басқа адаммен кездестірген уақыттағы мөлтілдеп тұрған көздерін кітаптан көру мүмкін емес еді. Жоанның рөліндегі Ингрид Бергман да ойлағанымдай шықты. Дәл сол жеңіл мінез, ауыспалы көңіл-күйді актриса шеберлікпен ойнай білді.

Таң қаларлығы сол, әйелдің бар болмыс-бітімін танып үлгерген Равик оны шексіз сүйді. Шынайы махаббат осы емес пе? Бұл ретте Куприннің айтқаны дәл келетіндей: "өлім сияқты күшті". Өлімді де, махаббатты да жеңу мүмкін емес....

"Бізде бір ғана өмір бар, оның өзі тым қысқа, жарты тұтам"...

"Махаббат себеп, сылтауларға көнбейді. Оған әрекет қажет".

"Сүю - біреумен қартайғың келу деген сөз".

"Бақыт сенен басталып, сенімен ғана аяқталады".

Романды таныстырған Айнұр Маемирова

Алия Arsik
28 қазан 2012, 7:52
1453

Loading...

Пікірлер

GULI93
1
0
Өте қызықты фильм секілді, көру керек екен) Негізі кітапта көбінесе оқиға , роман жақсырақ берілетін еді, бірақ қазір кітапты бірі оқыса бірі фильмді көріп шектеліп қалады. Париж- нағыз махаббаттың Отаны, демекші, фильмдерін көру ынтызарлар көп деп ойлаймын хехе
Иә, кітабы тіптен қызық. Мен алдымен шығарманы кітаптан оқып, содан кейін фильмін көруге тырысам. Құрғақ фильмнен гөрі кітаптың әсері күшті, әрбір нәрсеге деген көзқарасыңды, ойыңды қалыптастырады.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15949
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12724
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8137
  • 92
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
вчера / 15:29
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3151
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2563
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1760
  • 6
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27