---
title: "24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ"
description: "СҚО әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Ақтау қаласында өтк..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-03T15:53:59+00:00"
modified: "2019-01-03T15:53:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/24-zhasar-policey-sportta-y-zhetistikteri-shin-al-ys-hatpen-marapattaldy-823043"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/24-zhasar-policey-sportta-y-zhetistikteri-shin-al-ys-hatpen-marapattaldy-823043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

> СҚО әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Ақтау қаласында өтк...

![24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b42eff9660b4220a06cfadc3479b30.jpg)

СҚО әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Ақтау қаласында өткен республикалық турнирде III орынға ие болған полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.

Полиция кіші сержанты Батырхан Қайырбек полиция ведомствосының ең ұрысқа қабілетті бөлінісі – жылдам қимылдайтын арнайы жасақ кезекшісінің көмекшісі болып қызмет етеді. Тәуліктік кезекшілік арасындағы спорттық жаттығулар бұрыннан келе жатқан дағды. Батырхан 6 сыныптан бастап қазақ күресімен айналысады. Қазір ол 24 жаста, спорт шебері.

ІІМ чемпионатында Батырхан Қайырбек облыстық полиция Департаментінің қоржынына, кілемде күш сынасу үшін Петропавл қаласында жиналған республиканың барлық тәртіп сақшылары арасынан үздік балуан атағына ие болып, жеңіс әкелді. Ол күзде Ақтау қ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындарында облыстың намысын қорғады.

«Барлық қарсыластар жоғары деңгейде дайындалып келгендер болды, - деп есіне алды кіші сержант. – Мықты, техникалы. Бірақ талмай жаттығу жасау және қатал тәртіп өз нәтижесін берді. Соңғы шайқас ерекше қиынға түсті, алайда мен оны таза жеңіспен аяқтадым».

Батырхан тағы облыстың спорттағы намысын жеңіспен қорғады. Ол 74 кг. салмақта III орынға ие болды. Жаңа жыл қарсаңында СҚО спортты дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін облыс әкімдігінің салтанатты іс-шарасында алғыс хатпен марапатталды.

Алғыс хатта - «Сіздің қол жеткізген жетістіктеріңіз мақсатқа жете білу, отан сүйгіштік және кәсіби біліктілігіңіздің айқын белгісі болып табылады. Сіз алдағы уақытта да облыс және республиканың абыройын халықаралық аренада лайықты қорғайтыныңызға сенімдімін», - делінген.

СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі полиция майоры Ерік Құлжанов: «Бұл хат тек біздің жауынгердің ғана жаңа жылдық сыйлығы емес, барлық Департаменттің сыйлығы. Дене шынықтыру дайындығы – полиция қызметінің маңызды аспектісі. Спорттағы жетістіктер қызметкерлердің сапалы дайындығының көрсеткіші болып табылады», - деді.

![24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/685a11b6b6de1c86ace3a01ee0f662.jpg)

![24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/68b244319e3d607508d956bdb8fba5.jpg)

![24 ЖАСАР ПОЛИЦЕЙ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/fa9502bf28f8ccb58591d9750c2869.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/24-zhasar-policey-sportta-y-zhetistikteri-shin-al-ys-hatpen-marapattaldy-823043](https://yvision.kz/post/24-zhasar-policey-sportta-y-zhetistikteri-shin-al-ys-hatpen-marapattaldy-823043)