Бүгін Ақордада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады. Делегация құрамына Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының...

Бүгін Ақордада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады. Делегация құрамына Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы  Стин Кристенсен, ұйымның президенті  Фердинанд Наги, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы  Висенте Гонсалес Лоссерталес және бірқатар дипломаттар енген. Кездесу барысында  тараптар Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу мүмкіндігін қарастырды. Президент  «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ұлттық жоба ретінде саналатынын айтты.

Стин Кристенсен, Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы:
Біздің делегацияны Қазақстанға келіп қайтуға шақыруларыңыз елдеріңіздің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу идеясына қаншалықты шындап кіріскенін көрсетеді. Сарапшылар комиссиясының міндеті - екі жобаны салыстыру емес, Қазақстанның сұранымы Халықаралық көрмелер бюросы ұсынған техникалық талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау.

Оцените пост

0