Тікелей эфир

The Top Ten Books: ең үздік кітаптар

"The Top Ten: Writers Pick Their Favorite Books" кітабы 2007 жылы жарыққа шыққанымен оқырмандардың қызығушылығын енді ғана оятқандай. Бұл Джонатан Франзен, Джон Ирвинг, Том Вулф, Стивен Кинг сынды 125 америкалық және британдық жазушылардың сауалнама жауаптарының негізінде құрастырылған таңдамалы туындылар жинағы.

Жинақтың редакторы әрі баспагері  Дж. Педер Зейн сауалнама жауаптарын сұрыптап, бірнеше санатқа бөлу арқылы кітапты құрастырған болатын.

Қарап отырсаңыз, жинаққа көпшілік бірден еске түсіріп, атай алатын туындылар кірген. Бірақ бұл кітапқа ілінбей қалған ХХ ғасырдың басты романдары да жетерлік. Мысалы, Прусттың «Жоғалған уақытты іздестіру» немесе Джойстың «Улиссі», яғни бұл тізім әдеби әлемнің тағы бір қағидасын дәлелдегендей. Ал әдеби шығармаларды атақты жазушылар ұсынды дегенде өзге нәтиже, тың дүние күтеді екенсің. Енді осы тізімнің ондығына кірген туындыларға көз жүгіртіп өтсек.

ХІХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:

  1. «Анна Каренина», Лев Толстой
  2. «Бовари ханым», Гюстав Флобер
  3. «Соғыс пен бейбітшілік», Лев Толстой
  4. «Гекльберри Финның басынан кешкендері», Марк Твен
  5. Антон Чехов әңгімелері
  6. «Миддлмарч», Джордж Элиот
  7. «Моби Дик», Герман Мелвилл
  8. «Зор үміттер», Чарльз Диккенс
  9. «Қылмыс пен жаза», Федор Достоевский
  10. «Эмма», Джейн Остин.

ХХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:

  1. «Лолита», Владимир Набоков
  2. «Ұлы Гэтсби», Френсис Скотт Фицджеральд
  3. «Жоғалған уақытты іздестіру», Марсель Пруст
  4. «Улисс», Джеймс Джойс
  5. «Дублиндіктер», Джеймс Джойс
  6. «Жүз жылдық жалғыздық», Габриэль Гарсиа Маркес
  7. «Шу мен қаһар», Уильям Фолкнер
  8. «Шамшыраққа», Вирджиния Вулф
  9. «Толық шығармалар жинағы», Фланнери О’Коннор
  10. «Өшкен алау», Владимир Набоков

Осы тізімді сараптаған “Freizeit” lifestyle журналының редакциясы бұған альтернативті тізімді шығарып үлгерді. Редакция жасаған ХХ ғасырдың маңызды туындылары қатарында жоғарыдағы тізімнің шығармалары қайталанып тұрса да, бұл романдар бастапқы ондық ішінен орын ала алмағандығын келесі тізімнен көре аласыз.

Freizeit-тің нұсқасындағы ХХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:

  1. «Ай мен тиын», Сомерсет Моем
  2. «Бөтен», Альбер Камю
  3. «Шұңқыр», Андрей Платонов
  4. «Үш дос», Эрих Мария Ремарк
  5. «1984», Джордж Оруэлл
  6. «Күйік», Василий Аксенов
  7. «Қош бол, қару», Эрнест Хемингуэй
  8. «Француз лейтенантының көңілдесі», Джон Фаулз
  9. «Жас арыстандар», Ирвин Шоу
  10. «Амстердам», Иэн Макьюэн
 

Біздің редакция сіздерді қазақ тіліндегі әдеби туындылардың үздік ондығын құруға шақырады. Пікірлер ішінде оқырмандарымыздың тізімін күтеміз.

Алия Arsik
27 қазан 2012, 22:24
4936

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

kausar
0
0
Абай мен Шәкерімнің шығармаларын, М.Мақатаевты, Е.Реушеновтың "Періштелер мен құстарын", М.Жұмабаевты, С.Нұржанның "Ай таранған түнін", жалпы қазақ тарихындағы жырауларды атар едім.

Әлде проза болуы шарт па?
1. Абайдың қара сөздері.
2. М.Әуезов "Абай жолы"
3. М.Мағауин "Сары қазақ", "Шақан шері"
4. Б.Майлиннің әңгімелері
5. Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры"
6. Ш.Мұртаза "Ай мен Айша"
7. І.Есенберлин "Қаһар"
8. Т.Әбдік "Әке", "Оң қол", "Парасат майданы"
9. Б.Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"
10. С.Мұратбеков "Жабайы алма"
сосын, Ғ.Мүсіреповтың аналар туралы әңгімелері, Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тері", Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдары".
Өзім оқығандардан есіме түсіп отырғандары осы. Шүкір, қазақта оқитын әдебиет баршылық қой. :)
Есенберлиннің Қаһарына дауыс беремін:)
Aikona
1
0
Оқитын кітаптар көбейді :). Біразын оқымаппын :)
Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" кітабын да ұсынамын тізіміңе қоса жүр Сания
Әлем әдебиеттері қатарынын Шыңғыс Айтматовты іздедеім, таба алмадым, өкінішті.
А почему «Pale fire» перевели как «Өшкен алау»?
Arsik
0
0
потому что ағарған или бозарған алау не бывает, другого подходящего слова не нашли. страдаем из-за таких проблем :(
Pale fire дегеннің ағылшынша мағынасы болса, қазақ тілінде Боз алау дегеннің де мағынасы болуы керек.
алғашқы екі тізім таң қалдырмады, таң қалдырғаны - Фланнер О'Коннор ғана. ал соңғы тізіммен біраз дауласып көруге болады, онда кем дегенде үш жазушыны оқымағанмын, сондықтан ештеңе айта алмаймын.

қазақ жазушыларының үздік туындылары, ретсіз еске түскені бойынша:

... Мағауиннің соңғы жылдардағы әңгімелері мен "Қыпшақ аруы"
... Оралхан Бөкейдің "Қар қызы", бірнеше хикаялары
... Асқар Сүлейменовтың пьесалары, "Адасқақ"
... Мұқтар Әуезовтың әңгімелері, "Абай жолы"
... Төлен Әбдіктің "Оң қолы"
... Әбіш Кекілбаевтың "Дала балладалары", "Аңыздың ақыры"
... Есенберлиннің "Қаһары"
... Мұхтар Мағауиннің "Шақан шерісі"
... Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожасы" мен "Өлгендер қайтіп келмейдісі"
... Әбдіжәміл Нүрпейісов "Қан мен тер"

... Дидар Амантайдың "Гүлдер мен кітаптары"

есіме түскендер осылар болды, тізім асығыс әрі есте сақтау қабілетімнің негізінде жасалды. авторлардың саны - 11, кітаптардың саны - тым көп екен :)
Осындaй бiр қaзaқ aьдебиетiнiң ұзын үздiктер тiзiмiн құрсaқ! Бұл ой мaғaн бiрaз уaқыт бұрын келген едi. Aрнaйы тaқырып aшaмын бa деп ойлaнып жүргем. Бaсқaлaры дa ойлaрын жaзa отырсa, өз үздiктерiмен тiзiмдi толықтырсa..
Arsik
0
0
жақсы идея, рахмет.
Arsik
0
0
рахмет, керемет :) Дидар Амантай 21-ғасыр боп кетті. Мүмкін Майлин мен Аймауытовты да қосу керек.
иа, Аймауытовтың "Ақбілегін" ұмытыппын, Майлиннің әңгімелері мен ондағы диалогтары да керемет :)
С последним списком как-то не согласен. А вот предыдущие приятно удивили включением «Бледного пламени». Хорошие списки. Все, дочитаю книжки, что на руках, и переключаюсь на них.
Менің тізімім:
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя", "Бір түннің оқиғасы (История одной ночи)";
Оралхан Бөкей "Бәрі де майдан";
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар";
Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек";
Шерхан Мұртаза (барлық шығармалары жақсы).

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Сәбит Мұханов "Ботакөз"
Оралхан Бөкей "Бәрі де майдан", "Сайтан көпір", "Атау кере"
Шерхан Мұртаза "Қызыл жебе", "Ай мен айша"
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар", "Ақиқат пен аңыз"
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"


Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"
"Ботакөз" несімен құнды? Әзілхан одан өткен:(((
Майлиннің "Шұғаның белгісі", Оралхан Бөкейдің "Атау кересі"
ТОҚТАР БЕЙСЕНБИНОВ ,,АҚИҚАТ,, әр қазақтың үйінде болатын кітап ,тауып оқыңыз керемет жазылған
1, М.Әуезов "Абай жолы"
2. Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
3. Ш.Мұртаза "Ай мен Айша"
4. І.Есенберлин "Көшпенділер"
5. О.Бөкей "Ардақ"
6. М.Мағауин "Жармақ"
7. Ж.Аймауытов "Ақбілек"
8. Б.Момышұлы "Ұшқан ұя"
9. Б.Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"
10. Д.Исабеков повесьтері
1, М.Әуезов "Абай жолы"
2. Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
3. Ш.Мұртаза "Ай мен Айша"
4. І.Есенберлин "Көшпенділер"
5. О.Бөкей "Ардақ"
6. М.Мағауин "Жармақ"
7. Ж.Аймауытов "Ақбілек"
8. Б.Момышұлы "Ұшқан ұя"
9. Б.Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"
10. Д.Исабеков повесьтері
1. А.Құнанбаев Қара сөздері
2. М.Әуезов "Абай жолы"
3. Ә.Нұрайықов "Ақиқат пен аңыз"
4. Ә. Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар"
5. Ж.Аймауытов "Ақбілек"
6. Б.Майлин "Шұғанын белгісі"
7. С. Мұқанов "Ботагөз"
8. Б. Момышұлы "Ұшқан ұя"
9. Ғ. Мүсірепов Ана туралы аңыздар
10. Ә. Нүрпейісов "Қан мен тер"

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 45895
  • 22
Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Видео из столичного клуба, попавшее в Интернет, возмутило пользователей Казнета. Причиной такой реакции стало содержимое ролика – девушки гоу-гоу в костюмах монашек танцуют...
Washington
16 мая 2017 / 10:49
  • 8466
  • 31
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 4989
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4434
  • 57
Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

И телохранители могут быть секс-символами! 36-летний охранник нового президента Южной Кореи Мун Чжэ Ина стал невероятно популярным в последнее время.
Seattle
16 мая 2017 / 16:49
  • 3957
  • 13
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3680
  • 8
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3450
  • 30
Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3066
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3200
  • 61