Менің естен кетпес сәттерім...

Думан Ажибеков March 12, 2012
1055
0
1
0

Айтсам сенбес көрмеген...

Осы бейнеге қарап, кейде өкініп те қаламын....

Сол бір 2001 жылы мен 9-сынып оқып жүрген кезім еді. Райымбек ауданына тойға қонақ ретінде барып, сол жерде қонаққа барған Мейрамбек Беспаевпен кездестім. Той дүркіркіреп өткен соң келесі күні сол үйге Мейрамбек, оның ата-анасы, менің де ата-анам, бәріміз бірге қонақ болдық. Сонда ямаха аспабыма Мерекеңнің ана музыканы салшы, мына музыканы салшы деп, бір жағы тыңдау қабілетімді тексеріп, бір жағы қызығушылықпен де қарағаны әлі естен кетпейді. Ол уақытта Музарт тобы құрылмаған кез еді.

Мейрамбек менің ата-анама: Думанды қалаға алып кетсем деп сұрады. Әкем сәл ойланып, әрине дұрыс-ақ, бірақ балам әлі кішкентай ғой, оған қоса мен әбден балама сүйеніп алғанмын, тойға әнші етіп апарып жүрмін, онсыз тойды өткізе алмаймын, мектеп бітірген соң жолықсын деп айтқан еді. Ал мен мектеп бітірген уақытта Мейрамбекке жолыға алмадым. Бала қанша есейседе ата-ана үшін әрқашан бала емес пе....

Бірақ, мектепті тамадағаннан кейін де қалаға кеттім, той болған кезде ауылға жұма сайын келіп тұрдым ғой деп те ойланам. Неге жібермеді?

Алдымда сондай сәт тағы да туа қалса еш ойланбастан көзді жұмып ұшар едім...

Оцените пост

1