Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
09:50, 12 марта 2012

Исламдағы өзіңді емес ..өзіңдегі исламды сүй....

Әдеттегідей ақылды жәшігімнің алдында  отырмын.  Қапелімде, маил рудан мезі  болған басыма  тамаша бір ой келді. Тамаша дегенге таңқалмаңыз. Ньютоннан асып, Новель алу қайда а а а. Біздің ойлар қиыннан қиыспай қарапайым  келеді. Анаған бір, мынаған бір жазып күнделікті миссиямды атқарып болған соң, терең ойға кеттім.

  Шіркін, кәзір осы  жәшік болмаса не істер ем? Кім біледі,мүмкін ,жастанып жатып талай кітапты оқып тастар ем. Я , ақындығым ұстап ақ қағазға сыр шертем бе? Онысы бір Аллаға  аян.  Не де болса да дәл кәзір жетісіп отырмағаным белгілі. Қысыр сөзге  ысырап қылған  қайран уақытты айтам.Білуімше  адам баласының көп жасайтын қателіктерінің бірі де осы.  Себебі  Алла Тағала сыйлаған құнды нығметті қолданған кезде  толықтай еркін емес және алланың ризашылығына лайықты түрде қолдану керек екендігін ескере бермейміз.

Мәселен дүниедегі барлық адамдардың босқа өткізген уақыты мен  қуатын есептейтін  болсақ, өмірде аштық пен жоқшылықтан  қиналып жатқан миллиондаған адамның мұқтаждығын жояр күшке тең. Дегенмен адам баласы   қайран уақыттың қадірін ұғынып болар емес. Сондағы себеп кандай? Санамызда ысырап жайында түсініктің қалыптаспауынан ба, әлде адамзат баласының бойында нәпсісін тиып аларлық  қайраттың жоқтығы ма? «Мықты болсаң, нәпсіңді жең» дейді дана халық. Өз басым екі  жорамалмен де келісер ем.  Ысырап ол тек қана уақытты заяр кетіру ғана емес,сонымен қатар мал шашу,ақшаны  қажет емес заттарға жұмсау, күнә істеу үшін я күнә істелуі үшін ақша төлеу, киім-кешек, аяқкиім секілді бұйымдарды дұрыс қолданбай, оларды ескірту, тоздыру,  жырту, тіпті дастархан үстіне түскен нан ұсақтарын жинамай тастаудың өзі я Аллаһтың рақымшылығы мен сүйіспеншілігінен ұзақтатып оның ашуына ұшырауға себеп болатын харамдардың бірі. Құран Кәрімде ысырап жайында «Ысырап қылушылар шайтанға туыс» һәм «Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген. Ендеше осы айтылғандарды міндетті болғаннан  я  құрандағы қағидаға мойынсұнғаннан емес , өз алдымыздағы жауапкершілікті шын ниетпен сезініп істегенге не жетсін. «Көрге енгенше көргенін істейді». Кім дейсіз ғой? Әрине пенделер  жайында. Өзін өзгеден мықты санап, кемшілігін көрмеу көзді шел басқанмен тең. «Қорықпаймын»  дегеннің  көбіне нанбаймын. Меніңше  әр адамның  әлсіз жері бар. Мен үшін есіл өмірді ескерусіз өткеруден асқан қорқыныш жоқ.   Қазақта жақсы сөз бар  «Босқа өткен уақыт – орны толмас қасірет». Сірә, ысыраптың ең ауыры да осы болар. Әр адамның ақтық демі -ажалы. Уақыт қашанда алла тағала белгілеген арнамен аға береді.  Тек бір нәрсені ұмытпасақ игі,өмірде барлық нәрсені сатып алуға болады,  бірақ таусылған күніңде  бүкіл өмір тұрмақ бір сағаттыңда сатып алуға шарасызсын. Шамасы көп сөйлеп кеттім –ау? Айтайын дегенім өз жүрегімізде  нағыз жұмақты орната білейік! Кіршіксіз көңілді кірлетпей, зұлымдық пен қатыгездіктен  жүректің кілтін аулақ ұстайық. Себебі «Тіл жүректің айтқанына көнсе ,жалған шықпайды.Амалдың тілін алса ,жүрек ұмыт қалады»(Абай).

ҮСЕНБАЙ АЙДАНА

 
2
1046
3