Әлеуметтік желілердегі маркетингтік құралдар

Алия 2009-12-10 13:23
3564
0
-7
0

Бүгінгі маркетинг және көптеген жарнамалық акциялар Интернет көмегімен үлкен нәтижелерге жетуде. Сарапшылардың түрлі зерттеулерінде әлеуметтік маркетинг деген сөзді жиі естуге болады, себебі...

Бүгінгі маркетинг және көптеген жарнамалық акциялар Интернет көмегімен үлкен нәтижелерге жетуде. Сарапшылардың түрлі зерттеулерінде әлеуметтік маркетинг деген сөзді жиі естуге болады, себебі әлеуметтік медиа брендтерді бағалау мен тұтынудың деңгейін, тұтынушылар сұранысын нақты көрсетеді.

Интернетте брендті, компанияны немесе ресурсты жағымды жағынан көрсетіп, жаңалықтармен бөлісіп, тұтынушымен қалай байланыс орнатуға болады?  Төменде әлеуметтік маркетинг арнайы стратегияларға ие болған жағдайда маркетингтік құралдардың түрлері мен оларды жүзеге асыру форматы көрсетілген.

 

1. БЛОГ-МАРКЕТИНГ. Жеке және корпоративті блогтар әлеуметтік медиаларда бірыңғай тұғырнаманы дамыту үшін жасалынады. Мысалы, Интернет-дүкен «Flip» блогы , блог-тұғырнама Yvision.kz, Мегалайнның блогы т.с.с.

2. МИКРОБЛОГ. Твиттер микроблогинг сервисінде тіркелу және хабарламалар жариялау. Мысалы, «ГазетаКЗ» басылымының твиттері, «Гугл», «ПодКАЗт.кз» үнхабарлар терминалы, Яндекс т.б.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ПРОФИЛЬДЕР. Бренд немесе өнімге арналған жеке немесе корпоративті профильдер мен беттерді жасау және толтыру. Мысалы, Фейсбук әлеуметтік желісінде Фликр, Apple компанияларының және көптеген басқа бренд пен ұйымдардың жеке беттері.

4. КОНТЕНТТІҢ КРОСС-ПОСТИНГІ. Блог немесе сайттағы контентті басқа блогхостингтерге де жариялау. Мысалы, Әлемтор жайындағы «Матрица» бағдарламасы өзінің видеоларын Yvision.kz блог-тұғырнамасына жариялап тұрады.

5. КОНТЕНТТІҢ RSS-ТРАНСЛЯЦИЯСЫ. Фидтің блогтан, сайттан арнайы rss-агрегаторлар мен каталогтарға таралуы.

6. АҚПАРАТ. Желіде презентациялар, электронды кітаптар мен ақпараттық материалды жасау және тарату.

7. СЕЛЕБРИТИ-ЭФФЕКТ. Блогтар, мамандырылған әлеуметтік желілер мен бренд бірлестіктерді танымал адамдар мен жұлдыздар жүргізген кезде; мысалы, afftor.kz -тегі блогтарды тек арнаулы авторлар жүргізеді.

8. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША БРЕНД-БІРЛЕСТІКТЕР. Брендті қолдау мақсатында бірлестік құру. Мысалы, ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Mango» испан сауда маркасына арналған бірлестік.

9. ФОТО-КОНТЕНТ. Фотографиялар мен суреттерді жасау және әлеуметтік желілер мен фотохостингтерде тарату.

10. ВИДЕО-КОНТЕНТ. Көңіл көтеретін, білім беретін, вирустық видеолар мен видеоподкасттарды әлеуметтік желілер мен видеохостингтерде тарату.

11. АУДИО-КОНТЕНТ. Аудио-контентті жасау және аудио-подкаст, аудио-кітап, музыка т.б. түрінде тарату.

12. ӘЛЕУМЕТТІК ОНЛАЙНДЫҚ БАҚ. Әлеуметтік жаңалықтық ресурстарда (мысалы, http://smi2.ru/ сияқты) азаматтық журналистердің көмегімен ақпарат тарату.
13. ӘЛЕУМЕТТІК ЭНЦИКЛОПЕДИЯ. Мақала, қосымшалар мен сілтемелерді әлеуметтік энциклопедия Wikipedia-да жасау.

14. ВЕБИНАРЛАР. Онлайндық конференциялардың жаңа формалары түрінде вебинарларды ұйымдастыру мен өткізу. Осылайша контентпен бөлісу, талқылау, таныстыру жұмыстарын жүзеге асыру.

15. ШОЛУЛАР МЕН ТЕСТТЕР. Өнімді тестілеуден өткізу үшін блогшылар мен танымал қолданушыларды қатыстыру, кейін олар өз блогтарында осы өнім жайында шолу жасайды. Мысалы, Beeline компаниясының тест-драйв секілді шаралары.

16. САЙЫСТАР МЕН АКЦИЯЛАР. Пайдаланушыларды сайыстарға қатысуға шақыру, жеңімпаздарға сыйақы тағайындау. Мысалы, «Киви.кз» видео сервисінің мерекелерге арналған видео-сайыстары немесе мобильді блог Moблог.кз-тің ұлттық фото-сайысы.

17. ФОРУМДАР. Танымал тақырыптық форумдарда арнайы тақырып жасап, талқылау мен пікір-таластарға қатысу.

18. ВИРУСТЫҚ МАРКЕТИНГ. Вирустық материалдарды (мәтін, видео, аудио) жасау және әлеуметтік ортада тарату. Мысалы, Евразия банкінің бұрынғы басқарма төрайымы Жомарт Ертаевтың видеосы.

19. МЭШАПТАР. Мэшаптарды, яғни бірнеше қайнардан алынған ақпаратты бір құралға біріктіретін веб-қосымшаларды қолдану. Мысалы, Нур.кз порталы мен Яндекс.кз.

20. ОФФЛАЙНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІК. Танымал блогшылар мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары арасында экскурсия мен басқа да тақырыптық кездесулерді ұйымдастыру.

Оцените пост

-7
Дальше