Назарбаев реформатор бола алмады, қазақ пен орыс қоғамын салыстырсақ..

Нурлан Ибрагимов 2012 M03 12
1046
1
1
0

Орыс қоғамының күші неде, қазақ қоғамының әлсіздігі неде? Бірінші, қоғамның күші тілде. Орыс тілінің күштілігі ол тілдің көрінген басқа тілден келіп жатқан сөздерді қорытып жіберуінде. Мысалы:...

Орыс қоғамының күші неде, қазақ қоғамының әлсіздігі неде?

Бірінші, қоғамның күші тілде. Орыс тілінің күштілігі ол тілдің көрінген басқа тілден келіп жатқан сөздерді қорытып жіберуінде. Мысалы: Богатырь рискнув стал героем, деген сөйлемде, тек стал деген жалғаушы сөзді ғана славян сөзі деуге келеді, баһадүр парсы-түркі сөзі, риск, һерое батыс еуропа халықтарының сөзі. Қазақ тілінде орыс тілінен келіп жатқан сөздерді аудармалап бас қатыруда, ол тек тілді күрделендіріп жібереді. Ресторан, кафе, помидор сөздері сол қалпынша пайдаланылуы тиіс, қаншама аудармалағанмен газетті киоскіден аламыз, помидорды базардан, ресторанға тек мейрамдау үшін емес, анда санда тамақ ішу үшін де барамыз.

Екінші, басты мәселе, ол халықтандыру саясатында. Орыстардың көп болу себебі 1897 жылғы халық санағы кезінде бар орысша сөйлеген жандарды орыс қылып жазып жіберген. Ол жағдай Совет Одағы кезінде де кең пайдалынылды. Көршілес өзбектер, өзбек қылып Жизақ пен Қарақалпақтақтық қазақтарды, Самарқанд пен Андижандағы тәжіктерді өзбектендіріп жіберді. Бұл жағынан қазақтар артта қалып отыр, мысалы Вадим Шакшакбаев, тегіне қарасақ қазақ секілді бірақ тілімен ділінен орыс болып кеткен. Ол қазақ қоғамының әлсіздігін көрсетеді. Қазақтардың жаман әдеті, қазақ тайпаларына жатпаса, немесе қазақша сөйлей алмаса олар қазақ емес дей саламыз. Орыста полурусский деген ұғым жоқ, орысша сөйлесе болды орыс болып кете береді. Қазақта кірме деп бөледі, шалақазақ деп кеміте салады, осылардың арқасында қазақтар қырық пышақ болып бөлініп, жайыла береді.

Үшінші, мәселе ол ұллтық идеология мем мемлекет мүддесі. Орыстың реформаторы Бірінші Петр кезінде боярлардың сақалын қырқып, шугайттап, орыстарды бөлінбейтіндей қылса, қазаққа әзірше ондай реформатор табылмай отыр. Қазақтың реформаторлары деп алдымен Шыңғысхан мен оның Жошыдан тараған ұрпақтарын айтуға болар еді. Олар моңғол болса да Алтайдың арғы жағындағы түркі тілдес тайпаларды қазіргі Қазақстан аумағына әкеліп, жергілікті аборигендермен араластырып қазақ ұлтын құрды. Өздері де кейін қазақтанып кетті. Оларға қазақтарды жіктеп билеу тиімді болды, сол себепті де қазақтар ешуақытта арасынан хан сайламай, төрелерге  ғасырлар бойы бағынып келді. Бұл жайттың жақсы жағы ол  қазақтарды ыдырамай сақтап қалды, жаман жағы ол қазақтардық "ҚАЙ ЖАҚЫЛЫҚ" қасиетін айқындатты. Сен қай жақ, мен қай жақ деген әдеті үрдіске айналды. СССР дың кезінде де тек үш ақ қазақ Қазақстанда бірінші хатшы бола алды, Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев пен Н. Назарбаев қалғанының барлығы өзге ұлт өкілдері. Қазіргі таңда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында шексіз билік бар, соны пайдаланып Қазақстан халқын қазақтандыру саясатын жасау керек еді, бірақ әзірге ол қолынан келмеді. Мемлекеттің мүддесі ол тілде, Қазақстан дүниедегі ең бір уникалды мемлекет, тек осы елде ғана мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлей алмайды. Мемлекеттік қызмет жылы да пайдалы орын, адамдардың қызығушылығын, интересті пайдаланып қазақ тілін үйретудің бір де бір жолы осы еді, ол да әлі күнге іске аспады. Керісінше қазақтанудың орнына қазақтар орыстанып барады. Сол себепті де мен Н. Назарбаев экономика саласында реформа жасай алғанымен, ұлттық идеология мен мемлекеттік мүдде саласында реформа жасай алмады деп есептеймін.

Оцените пост

1

Комментарии

0
еки колыммен жане аягыммен колдаймын!!!
Показать комментарии