Тікелей эфир

Аптаның қызықты материалдары #7

Қазақ прозасындағы әйел тағдыры

Жастардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналыссам, руханият дүниесіне үлесімді қоссам дейтін үмітін үкілеуге, сол арқылы дүниетанымдық ойлау мәдениетін, рухани-зерделілік танымын, зерттеушілік ізденісін қалыптастыруды көздейтін атал­мыш Орталықтың кезекті шарасы қара шаңырақ табалдырығын аттаған әрбір жастың оқуы, көңілге тоқуы тиіс деп есеп­те­летін, әлі де толыға берер, өзге жоғары оқу орындары тарапынан қолдау табар, ҚазҰУ жастарының үндеуіне үн қосар деген ниетпен университет басшылығы тарапынан басталған  «Жүз көркем туын­ды» жобасы аясында республика  жоғары  оқу орындары студенттері арасында өткізіліп отырған «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік форумның да басты ұстанымы десек, артық емес (жалғасы).

Жұлдызы кинода жанған жан

Алматыдағы Кино үйінде белгілі актриса, қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі Тұрақан Садықованың 70 жылдығы аталып өтті.

Өмір бойы қазақ сахнасында еңбек етіп, үлкенді-кішілі, елеулі-елеусіз талай рөлдерде ойнап, театрдың отымен кіріп, кү­лі­мен шыққан актриса шынайы та­ны­мал­дылыққа кино арқылы қол жеткізді. Өнердегі алғашқы сүбелі жеңісі де киномен байланысты болған Тұрақан апа Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильміндегі ене рөлі үшін «Құлагер-2009» жүлдесін иеленіп, жыл­дың үздік актрисасы атанды. Ал өткен жылдың соңында еліміздің Киногерлер ода­ғының толыққанды бір мүшесіне айнал­ды (жалғасы).

ЗЕТА МЕН ЗАУАЛ

Қазіргі заман сенсациямен ешкімді арбай алмайтын, бірақ бықсық, өтірігі баттиған арзан үрейден қарадай қыруар пайда жасайтын, сол арқылы мыңдаған адамдардың өмірлік күш-қуатын соратын қансорғыш сәуегейсымақтардың жынша қаптап кеткен өлара кезеңі. Олар, бал ашушылар дінді де айқара жамылып, рухты материалистік пиғылдарына жамап алуға әккіленген.  Әлемдік кинометографиядағы сұмдық дағдарыс, кейіпкер атаулы кілең вампир-қансорғыштар, обыр-албастылар, киберг, роботтар, одан қалса, киллерлер мен ежелгі Клеопатрадан бергі патшайымдардан бетер салтанаты асқан сұлу жезөкшелер болып кеткені соның ауыр зардабы (жалғасы).

Жанары жақұт шашып жалт еткенде, Жүрегің жайрап қалар жай ұрғандай

Майысқан Көкшедегі қайыңдардай,
Мінезі жұмсақ қандай, мәйін қандай?!
Жанары жақұт шашып жалт еткенде,
Жүрегің жайрап қалар жай ұрғандай.

Түспеген хан қызындай тақтан әлі,
Толықсып тотықұстай баптанады.
Үлпілдер үр қызындай үкі көзі,
Бүлкілдер бүлдіршіндей ақ тамағы (жалғасы).

Сәлем бердік, "Аватар", кешіріңіз - "Джон Картер"

Фильмдегі оқиға 19-ғасырдың соңында орын алады. Әскерден босап келген жауынгер Джон шөл даладан алтын іздеуді кәсіп еткен. Қарызға белшесінен батса да, нәтижесіз ісін тоқтатпайды. Сондай бір сапарлардың кезінде, жергілікті полицейлерден қашып жүріп үңгірге тап болады. Үңгірде ғайыптан пайда болған бір адамды көреді. Бұндай құбылысқа таң қалған ол, әп-сәтте әлгі адамды атып өлтіреді. Содан кейінгі жағдай мүлдем өзгеріп сала береді (жалғасы).

Шығыстың ұлы аналары

Мәскеудегі «Вече» баспасынан 2003 жылы шыққан «100 ұлы әйел» атты жинаққа Жанна Д Арк, Софья Ковалевская, Анна Ахматова, Ванга, Маргарэт Тэтчер, Марина Цветаева, Галина Уланова, Майя Плицеская, Валентина Терешкова сынды көпке белгілі тұлғалар еніпті. Бірақ жинақтың ішінде бірде-бір Шығыс әйелі жоқ. Сол баяғы батыстық түсінікпен іріктелген. Әйтпесе Шығыстан, оның ішінде түркі жұртынан, оның ішінде қазақтан шыққан әз аналарымыз қаншама?! Әрине, Шығыста шын мә­ніндегі ұлы әйелдер біз ойла­ғанымыздай көп емес те шығар. Бірақ Томирис - Тұмар пат­шайым сынды аналардың есімі еш­кімге дау туғызбаса керек-ті. Тұмар ханшаның сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым де­месем, жан дегендегі жалғыз ұлым­ды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз (жалғасы)!

Алия Arsik
27 қазан 2012, 20:09
1985

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Бірінші мақаланы менің "Қазақ әдебиетінен" беретін ағайым жазыпты:)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 11756
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10481
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9560
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 8289
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 7608
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4984
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3737
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3036
  • 62