Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
16
20:51, 07 марта 2012

Арулар - асыл жандар!

Blog post image

8-наурыз - ең әдемі мереке деп ойлаймын. Барлық аруларымызды осындай тамаша күнмен құттықтай отырып, көңілдеріңіз көктемдей құлпырсын деймін. Сол арулардың ішіндегі ең сұлу, ең нәзік жан - менің сіңлім Әсел. Ол қазір менің жанымнан алыста, өзін қатты сағынып жүрмін. Менің қамқоршым, менің ең жақын адамым Әселге тек жақсылық, амандық тілеймін. Еркелігі ешқашан басылмасын.

Маржан, ивент-менеджер

Blog post image

Қазақстанның барша ару қыздарын, аяулы аналарын, асыл әжелерін
көктемнің көрікті мейрамымен құттықтаймын! Жандарыңыз сұлулыққа,
нәзіктікке ұмтылсын. Әрқашан да сәнді де әдемі болып жүріңіздер. Шабыт
көзі сіздер екендігіңізді ұмытпағайсыздар.

Зарина, дизайнер

Blog post image

Қылықты қыздар, қуаныштарыңызбен!
Гүлге бөлеп жабырқаған күз бағын,
Сезбейміз-ау өмірдің суық ызғарын.
Жігіттердің жайраң қағып жүргені,
Біле білсем, арқасы ғой қыздардың!
Әйел - АНА - тіршіліктің тұтқасы,
Мықтысыңдар, мойындаймыз біз бәрін!
Абыройың арта берсін, қыздарым,
Ұмытпаңдар, АЛЛАдан соң жанашыр,
Арқа сүйер азаматтар, біз, барын!
Шын жүрек, ізгі тілек,
Таубалдиев Мейрамбек.

Мейрамбек, журналист

Blog post image

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұжымымдағы барлық балет қыздарын үлкен мейраммен құттықтағым келеді. Ұстаздарым мен 403-бөлменің нәзік жандарына үлкен алғыс білдіргім келеді! Сендердей адамдарға тап болғаныма қуаныштымын, осы мейрам көп көңілді сәттер сыйласын!

Орынгүл, балерина

Blog post image

Менің анам Оралда, физика пәнінің мұғалімі. Шынымды айтсам, соңғы жылдары анамды телефонмен ғана құттықтап, жиі көрісуге мүмкіндігім болмай тұр. Айтайын дегенім, жақындарыңнан қаншалықты алыс болсаңыздар да, олардан жылы лебіздеріңізді аямаңыз. Ана бақыты - бала демекші, аяулы аналарымзды еш уақытта уайым-қайғыға салмай, сыйлап өтейік.

Рауан, программист

Blog post image

Еркем Заринаны 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Еркелеген елігім асыл еркем,

Еркешім мыңнан жүйрік асыл екен.

Таңдадым мың сұлудың арасынан,

Өзіңді ғұмыр бойы қасыма ертем.

Ғашық болдым, ынтыққан сәт, қас-қағым,

Сен – жырымсың, арманымсың, асқағым.

Сен – гүлімсің, шыңға біткен шынарсың,

Сен бар жерде қажеті жоқ басқаның!

Нұржан, студент

Blog post image

«Махаббат - баршаға ортақ автобус секілді. Тек күте білу керек.
Күтетін аялдамасын біле білу керек, жолыңнан адаспауың керек» дейді жас
жүрегім. Мен өз автобусыма үлгердім деп ойлаймын! Сол тағдыр көлігінде
кездестірген «Тәттімді» бүгін мейрамымен құттықтай отыра жүрек жырын
арнадым.

Олжас, болашақ журналист

Blog post image

“Екпін” журналының ардақты да, аяулы ару оқырмандары, көктем мерекесі құтты болсын! Әрқашан да денсаулығыңыз мықты, көңіл-күйіңіз көтеріңкі, кітабыңыз қызықты, спектакліңіз сәтті, киноңыз ерекше, фотоңыз әдемі, биіңіз таң қаларлық, әніңіз керемет, суретіңіз көз тоймайтын, өлеңініз әсерлі, өміріңіз ғажапқа толы болсын.

“Екпін” командасы

Фото: Игорь Заритовский Blog post imagezaritim

16