• 8064
  • 8
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Америка тағы да алдымызды орады немесе қолдағы бар алтынның қадірін қашан білеміз?

Көк тәңіріне сыйынып, көгіндегі қыраны еркін қалықтаған қайран менің бабаларым! Дархан көңілі бар дәулетті халық едік. Ұлдары ұлылар ұлағатынан тәлім алып, дәстүр мен салтын санасына сіңіріп өсетін өнегелі елдің ұрпақтары, бүгінгі ахуалыңа бір қарап, көз сүзіп өтші. Өз дәстүрімізді өзіміз дәріптей алмай, бабалар бұйымдарын жоғалып кеткен жабдықтай  музейлерге әспеттеп қоямыз. Сондағы бар сылтауымыз – өткен өтті, бүгінді және болашақты ойлайық деген санаңа сан рет құйсаң да сіңбейтін даурықпа сөздер ғана. Арқанның неге берік болатынын сіздер білесіздер ме? Себебі ол бір-бірімен байланыстырылып, үш өрім, алты өрім секілді түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жасалады. Мұны мен неліктен айтып отырмын, кез келген дүние берік болуы үшін үш нәрсе бір-бірімен сабақтасып отыруы керек. Олар: өткені, бүгіні, болашағы. Бұл өмірде үйлеспейтін нәрсенің өзі жоқ. Тек өз құндылықтарымызды заман талабына сай бүгінгі күнмен байланыстыра білсек болғаны. Тарихтың табанында тапталып қалмас үшін, ата – баба батырлығын ұрпаққа ұғындырып, әлемге әйгілеп отыруымыз қажет. Тамыры тереңге тартатын тарих қойнауында біздің дәcтүрлі құндылықтарымыздың талайы жұтылып кетті, десек те оны қайта жаңғырту өз қолымызда. Кеңестің заманында көсегесі көгере қоймаған киіз үйдің де бүгінгі ахуалы заман талабына сай жаңару үрдісін талап етіп тұрғандай. Экспонатқа айналудың аз-ақ алдында тұрған қастерлі ҚАРА ҮЙіміздің хронологиясына көз жүгіртер болсақ, ең алғашқы жазба дерекетер киіз үй үйсін тайпаларының баспанасы болғанына куәлік етеді. Б.з.б 105 жылы Үйсін күнбиіне ұзатылған Хан династиясының Шижүнясының  ханшасы «Аққу әні» деген өлеңінде:

«... Дөңгелек үй, туырлық там орнына, Ет жеп, айран ішеді ас-суына...» - деп жазады. Осыған қарап дөңгелек үйдің дастаны 2000 жылға жуық уақыт аралығында ұрпақтар игілігі үшін қызмет етіп келгенін аңғара аламыз.

Бүгінде киіз үйдің табиғатын екінің бірі біле бермесі анық. Ерте замандарда шегеленбей-ақ қазақтың керегіне жараған киіз үй өзінің ерекше формасы арқылы алапат дауылдар мен жауын-шашынға да төтеп бере алған, ауа айналымы да жақсы жүзеге асып отырғандықтан үйдің іші таза, қыста мамыражай, жазда көңілге жай қасиеті мол қадірлі баспанамыз еді. Негізінен оның қаңқасы желбақан, салма қазық, уық қазықтарымен жерге қағылады. Қазіргі таңда ғалымдардың өзі аталмыш үй ішіндегі ауа температурасын анықтады, олардың пікірінше далада +25-30 °С құраса, үй ішінде +17-19 °C болады, ал қыста -30-35 °C құарса, киіз үйдің ішкі бөлігінде +5-8 °C жылулық орнайды екен. Ата-бабаларымыз бір ғана үйден бірнеше баспана ойлап тапқаны да көнекөз қариялар болмаса біз үшін таңсық мағлұмат. Мысалы, сықырлауықты қолданбай тек уық пен шаңырақтың басын біріктіріп, «Абылайша», уықтардың ұштарын қосып, үстіне туырлық жауып «итарқа», екі үйді жалғап «қосақ үй» немесе бірінің үстіне бірін қабаттап қою арқылы «қабат үй» тіккен. Оның әспеттелуі өз алдына киіз үйдің әрбір сүйегінің өзі белгілі бір мән-мағынаға ие, тіпті бүгінгі таңда қолданыста жүрген «айналайын» сөзінің де түп-төркіні дөңгелек үйімізбен тікелей байланыста екендігін Ш.Уәлиханов ағамыз өз еңбектерінің бірінде атап өткен екен. Ғалым ағамыз қазақ елінің (киргиз) этнографиясын зерттеп жүріп мынадай мәлімет алғанын айтады: «Біздің естуімізше баласы ауру әке мойнына белбеу байлап киіз үйді айналып Көк тәңіріне баламның орнына мені ал деп жалбарынатын көрінеді» - дейді. Кейіннен бұл салт еркелетіп айтылатын қаратпа сөзге айналғандығына да тоқталып өтіпті. Дәстүрі мен тұрмысы бір-бірімен рухани әрі философиялық тұрғыда астасып жатқан қазақ тарихында киіз үйдің кереметтері мен қасиеттері жайлы деректер де аз емес. Мәселе сол ата-баба ілімінен туындаған қайталанбас әрі бүкіл әлем жұртшылығы ғалымдарының өзі мойындап отырған киіз үйімізді қазіргі тұрмысымызға қалай енгізуде.

Ұлтсыздандыру саясатына бір қадам жақын келетін Америка наным-сенімді былай қойғанда енді біздің салт-дәстүрімізді де иегеруге тырысып жүргенін электронды БАҚ өкілдері де жарысып жариялауда. Талайларды тамсандырған тарихқа тағы да үңілер болсақ, қанша жыл орыстың боданында жүрсек те, алдымыздан алқынып Америка шығады. Ресейдің салтымызды сорғаны аздай енді Американың да қармағына ілігіп үлгердік. Өз елімізде өз киіз үйімізді пайдалануға қауқарымыз жетпей тұрғанда Америка тағы да алдымызды орады. Бір ғана Алматының айналасын алар болсақ, бір киіз үйдің құны 2000-3000$ жуықтайды, ал Америка азаматтары табиғат аясына дем алу үшін көркем, көңілге де, өмірге де қолайлы киіз үйдің көмегіне жүгінеді. Онда көшпелілердің киіз үйі біздегідей ердің құны емес бар жоғы 1000$ АҚШ долларын құрайды екен. Қол жетімді бағаға қолайлы баспанаң болғанға не жетсін, шіркін! Ал оның өзі салт дәстүрмен сабақтасып жатса, міне, таңдай қағып, тамсанатын дүние деп осыны айт. Ата-баба алдындағы ақ борышымызды америкалықтардың ақтап бергені үшін қалай намыстанбайсың?! Әлде, дәстүрімізді заманауи үлгімен үйлестіре дамытып берген америкалықтарға алғыс айтсақ па екен?

Ғаламторға бас сұқсаң, өз үйіміз жайлы өзге де деректерді табуға болады. Мысалы, www.youtube.com бейнематериалдар сайтында қарапайым ағылшындардың киіз үйді қалай құратыны жайлы бейнеклип бар, қызыға да, қызғана да отырып тамашалайсың. Біздің де әрбір қазақ отбасы күн жылына салысымен осы дәстүрді қолға алса, өзінен кейінгіге өнеге болар еді-ау. Біздің өзіміз киіз үйдің құрылымын кітаптан оқығанымыз болмаса, көзбен көріп, қолмен құрып, жан-тәнімізбен сезінген емеспіз. Қарапайым халықты былай қойғанда, қалтасында қаржысы мол  қазақ азаматтарына таң қаласың. Америкада қазақтың киіз үйлерін жасап жатқанына 30 жылдан астам уақыт өткен екен. Тек қана баспана емес дем алғанға да жайлы етіп жасалған киіз үйге жайғасқан америкалықтар алыс Алясканың өзінде суық та болса осындай киіз үйлерге толы демалыс орнын ұйымдастырыпты. Әрине, біздің Қазақстанда да мұндай орындар жеткілікті. Бірақ егер мына сайттың парақшаларына бір көз жүгіртсеңіз өзіңіз де қайран қалар едіңіз-ау. Бұл сайтта 1970 жылдан бері киіз үй жасаумен айналысушы компания және оның демалушыларға жасалатын қызметтері көрсетілген. Сайт ағылшын тілінде болғандықтан түсінбесеңіз де суреттер галереясында киіз үйдің қалай заманауи сарайларға айналғанына куә болар едіңіз.( www.yurts.com) Бұл компания өз тауарларын “Pacific Yurts” деп атап көрсеткен, бұл қазақша «жайлы, тыныш киіз үй» - дегенді білдіреді. Киіз үй дегеніміз не деген сауалға мұнда мынадай жауап таба аласыз:

«Киіз үй – Орта Азиядағы көшпенділер ойлап тапқан, минималды түрде материалдарды пайдалану арқылы максималды жайлылыққа қол жеткізуге болатын бірден – бір баспана. Біз 1978 жылы алғаш рет өзіміз жасаған жайлы да заманауи үлгідегі киіз үйлерді бүкіл әлемге сатқан болатынбыз. Оның құрылысы өте ыңғайлы» - деп келтіреді. Біз мақтанып жар салмасақ та өзге ел ата – бабамыздың мұрасын, баға жетпес байлығымызды білім мен ғылым дамымай тұрып, электр жүйесі мен металды дәнекерлеу адамзаттың түсіне де енбей тұрғанда-ақ, жасап шығарған киіз үйлерімізді өз игіліктеріне пайдалануда.

Құрметті қазақ бауырлар, біз қашанғы дайын асқа тік қасық боламыз? Өз дәстүрімізді, салтымызды, ата – бабалардың батырлығы мен ақылдылығын өз бетімізше танып-білуге бет бұратын кез келді деп ойлаймын. Баланы бастан демекші, тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін кезінде кеткен қателіктерді түзеп, түп-тамырымызға оралатын уақыт жетті ғой. Бұдан әрі созар болсақ уақыттан ұтылып, іргетасымыз болған іргелі дүниелерден көз жазып қалуымыз мүмкін. Аузы күйген үрлеп ішеді. Бірақ біздің аузымыз ғана емес бүкіл жан-тәніміз күйсе де, неге әлі күнге бейқамдыққа салынып, өзімізді өзіміз адастырып жүрміз. Мың өліп мың тірілген қазақ екеніміз рас, бірақ қашанғы өліп тіріле береміз. Ұрпағына үміт артқан Көк бөрі дастанының атағын асқақтататын мезгіл туды. Енді жастыққа жастанбай, рухымызды тірілтейік, бауырлар. Өзіміздің тасқа қашалған таңбалы дастандарымыз бен ашық айтпаса да іштей әлем мойындап отырған мағыналы мәдениетіміз тұрғанда қашанғы жұрттың жыртығымен өмір сүреміз? Киіз үйдің кереметін жердің арғы әлеміндегі Америка пайдаланып жатқанда өз үйіміз неліктен өз мемлекетімізде өткеннің белгісінің бірі боп музейде тұруы қажет. Гоеметрияны меңгермесе де, киіз үйдің өлшемін дәл тауып жасаған, табалдырығынан түндігіне дейін тамаша үйлестіре білген бабамның қайран білімі. Бұл өмірдің бүкіл ғылымын: математикасын, философиясын, психологиясы мен педогогикасын сан ғасыр бұрын санасына сіңірген сақ бабам мен сары үйсін, ғұлама ғұндар, одан арғы ата – бабаларым сендерді ұрпақтар әлі-ақ ұлықтайтын болады.  Бірақ сол ұрпақ біз болуымыз қажет екенін біріміз түсінсек біріміз түсінбей, санамызға жетсе де, сандалып жүргеніміз түбі түркі біздей ұрпақтың сүйегіне таңба болып басылмайды ма? Қаймағымызды сарқып ішкен сары орыстың саясатынан «сәл де болса» құтылдық емес пе? Ендігі тізгінді өз қолымызға алайық, дәстүріміз бен салтымызды, тарихымызды жұртшылыққа танытайық. Сіз бен біз болып, өзімізді әлі де болса мойындамай отырған басқа елдерге барыстың бағытын ұстанған ұрпақ екенімізді дәлелдеуіміз керек.

 
7 марта 2012, 12:04
1275

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21417
  • 62
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 15183
  • 15
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5221
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4887
  • 41
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4953
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3909
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 4086
  • 49
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 марта 2017 / 10:37
  • 3324
  • 59
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

У меня возник вопрос, почему некоторые парни, которым нет и 30 лет, выглядят, как авторитетные агашки? Они манерно решают важные дела по телефону, не забыв про гримасу важности. Они даже не...
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 3421
  • 89