Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
22:45, 06 марта 2012

Өлеңмен шерткен сырың көп

Бөгетсіз өтіп ақынның ауыр сынынан,

Нәр алар әрбір оқыман қауым жырыңнан.

Өлеңің өмір сыйлаған болар талайға,

Тамшы боп тамған үміттің қауырсынынан!

 

Құрсанған көк мұз жарылар болса көктемде,

Жырларың сенің айтылып жатты көк белде.

Ару – Алматы, әппақ Алатау аңсардай

Жырыңды сенің ақ бұлттар нөсер төккенде.

 

Көктемді, күзді жауын боп жуып жырларың,

Аралап жүр-ау Арқаның дархан қырларын.

Жаңғырық болып жайылып жатыр жаһанға

Өлеңмен ғана шертіліп өткен сырларың.

 

Сүйем деп бір рет, біреу деп менің жүрегім,

Сол жүрегіңмен гуаһарын жырдың күредің.

Өсірдің мені, өмірді сүйген өлеңші.

Қайратсыз күнде боларсың басты тірегім.

 

Сыр айтар ма едің, күн қайтар ма еді үйне,

Жайнап бір батып, түсіріп дара күйіме,

Бір сүрсек өмір, бір дәурен шақтың ұлы боп,

Ағатай сені себеп болар ма еді сүйюге.

 

Аспанда ақ бұлт барады кетіп құйғытып,

Шабытым шалқып, көңліме асау күй бітіп,

Төлеген аға, төмен түс бүгін өзіңді,

Есіме алып сырлассам деймін сый күтіп.

 

Көктемің келді, сен сүйген мезгіл жер беті,

Жырларың жатыр толқытып мені тербетіп.

Гүл екші аға жыр екші менің жаныма,

Алайын саған жүрегімді бір  емдетіп.

 

Сыр сіміріп өзіңнің өлеңіңнен,

Ойларыммен арбасып келемін мен.

Күн батса да қызарып, қылықтанып,

Сенің жырың жоғалмас сенемін мен!

 

Отырмын жыр бағының бүйірінде,

Қыз едім түсініксіз күйі мүлде.

Кім не десе өз еркі, Төлегендей

Мен де өлермін өзімнің биігімде.

 
1
736
1