Бұқар жырау, Тілек

Алпамыс Батыр 2012 M03 6
10020
1
2
0

Тілек Бірінші тілек тілеңіз Бірінші тілек тілеңіз Бір аллаға жазбазқа. Екінші тілек тілеңіз Ер, шұғұл, пасық, залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз - Үшкілсіз көйлек кимеске, Төртінші...

Тілек
Бірінші тілек тілеңіз
Бірінші тілек тілеңіз
Бір аллаға жазбазқа.
Екінші тілек тілеңіз
Ер, шұғұл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз -
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз
Төрде төсек тартып жатпасқа,
Бесінші тілек тілеңіз
Бес уақытта бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулын
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз
Сегіз қыйыр шар тарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз
Төреңіз тақтан таймасқа
Тоқсандаңы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күні айналған,
Бұлтты күні босанған,
Тар құрсағын кеніткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Исі жұпар аңқыған,
Даусы қудай санқыған,
Назыменен күйдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
   

Оцените пост

1
Дальше