Нағыз қазақ Гер аға!

Нурлан Ибрагимов 2012 M03 10
752
0
0
0

нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ Гер Бельгер

Нағыз қазақ, қазақ емес,

нағыз қазақ, Гер Бельгер

Домбыраға табынғандар

Тағы бірді біліңдер.

Нағыз қазақ құдіретті домбыра

Күмбірлейтін айызыңды қандыра

Сыр шертетін және де бір қазақ бар

Қазақ болып, сөз сөйлейтін Гер аға.

Домбыраның құдіретін силасаң

Менсіне алмай ана тілді қинасаң

Жиырма жылда сорлы қазақ, созылып

Өзге тілде сөйлеуіңді тимасаң.

Ана тілді менсінбеген қазақтар

Я казах, деп өзін өзі мазақтар

Мен Қазақпын, деп жазған деп әкеміз

Көрінгенге ұялмай ақ мадақтар.

Сол қазақтан мың есе артық, гер Бельгер,

Бұл қазаққа кіре біткен кемеңгер

Өз ұлтындай силап өткен қазақты

Бұл немісті, қазақ емес демеңдер.

Қазақ тілдің білгірі

Қазағымның Бельгері

Бір қазақтай бұл тілді

қазақ неміс меңгерді.

Қорықпай ақ айта алатын өз ойын

Қазақ емес мыңқылдайтын тоң мойын

Болашақта өз орны бар адамды

Домбырамен, ей қазақтар тең қойдым.

Сыйластықтың құлы болар адамзат

Алға шығар шынайылық парасат

Мен қазақпын деп соғатын кеудені

Нағыз қазақ Герольд деген азамат!

 

Оцените пост

0
Дальше