«Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жеткілікті қаржы бөлінді. Сондықтан медициналық көмектің сапасы мен мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс». Алматыға жұмыс...

«Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жеткілікті қаржы бөлінді. Сондықтан медициналық көмектің сапасы мен мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс». Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Министр Алматыдағы бірнеше медициналық нысандарды аралап, науқастардың жай-күйімен танысты. №17 қалалық емханада болып, ондағы дәрі-дәрмектің баға көрсеткіштерін тексерді. Сондай-ақ, шаһардағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жаңадан ашылған гематология бөлімін аралап, медицина жабдықтарының сапасына көз жеткізді. Биыл бұл орталықта 10 балаға операция жасалса, алдағы жылдары аталған көрсеткішті 40-қа жеткізу көзделген.

Сәуле Нұқышева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры:
Операция оның бағасы шетелге барғанда 200-300 мың доллар, ал бізде ол операция біздің үкімет осы ауруларға қан трансплантацияға үкімет ақша беріп, бір операция бізде кемінде 15 миллион теңге болады. Біздің центрда бар мүмкіншіліктер бар. Өте жақсы, ең қазір дүниежүзіндегі, ең жақсы крупный клиникаларда қандай аппаратуралар бар бәрі бізде бар.

Оцените пост

0
Дальше