Ертең Ресейде президенттік сайлау өтеді. Ал, бүгін Федерация аумағында тыныштық күні жарияланды. Бүгін елде  үгіт-насихат  шаралары тоқтады.Теріскейдегі көршіміз мемлекет басшысын таңдауға қалай...

Ертең Ресейде президенттік сайлау өтеді. Ал, бүгін Федерация аумағында тыныштық күні жарияланды. Бүгін елде  үгіт-насихат  шаралары тоқтады.Теріскейдегі көршіміз мемлекет басшысын таңдауға қалай әзірленіп жатыр?

Ресей –  көрші ғана емес, халықаралық саясат пен экономикадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еуразия одағы, Кедендік одақ, атай берсек, теріскейдегі елмен қарым-қатынастың маңызы кейінгі жылдары еселене түспесе, кеміген жоқ. Ал, былтыр екі мемлекеттің өзара сауда айналымы 23 миллиард доллардан асқан екен. Бүгін сол алып державаның саяси сахнасында үнсіздік орнады. Яғни, үгіт-насихатқа жол жоқ. Есесіне, ертеңгі сайлауға әзірліктің қызған шағы.
Александр Данилов, РФ Сайлау комиссиясының мүшесі:
Көріп отырсыздар, дайындық қарбалас жүріп жатыр. Ол берілген уақытқа дейін, яғни, сағат 4-ке дейін аяқталуы керек. Ешқандай қиындық кездескен жоқ. Адам көп, бәрі құрал-жабдықпен қамтылған.
Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бейнекамералар орнатылды. Ертең елдің таңдау жасау сәтін азаматтар арнайы сайтқа тіркеліп, сол арқылы да бақылай алады. Ал, бүгін Федерацияның барлық субъектілеріндегідей, Мәскеудегі бөлімшелерге де жаппай бюллетень тастайтын жәшіктер орнатылып, сайлаушылардың тізімі тексеруден өтіп жатыр.
Елена Борисова, дауыс беру бөлімшесінің басшысы:
Сайлауға бір күн қалғанда, дауыс беру кабиналарын дайындап, протоколдарды қайта оқып шықтық. Ресми қызметкерлер барлық бюллетендерді тексеріп, ертең азаматтарға береді.
Ертеңгі сайлауда, 5 кандидат бақ сынайды. Олар – Компартия лидері Геннадий Зюганов, үкімет басшысы Владимир Путин, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский, «Справедливая Россия» төрағасы Сергей Миронов және миллиардер-кәсіпкер Михаил Прохоров. Осы үміткерлдердің ішінен болашақ президентті таңдау үшін Федерация аумағы мен шетелде 95 мың бөлімше ашылады.

Оцените пост

0
Дальше