Жамбылдық "жасотандықтар" ер азаматтарға әскери патриоттық тәрбие беру басты міндет деп санайды

Еркебулан Куралбаев March 1, 2012
2259
1
2
0

Қымбатты достар! әскерге барып Отан алдындағы әскери борышын өтеу, әрбір қазақстандық азаматтың міндетті. Еліміз жаңа онжылдыққа қадам басқанда, еріміз бейбіт заманда ер мінезділік танытып жатса игі.

Еліміздің ертеңі жастар десек, ал жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру қоғамның міндетті. Осы орайда "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының және партия жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмыстары ауқымды. 2012 жылдың 1 науырызында Жамбыл облысының "жасотандықтары" жастарымыздың бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу мақсатынада "Сен әскерге дайынбысың?" атты жастардың әскери сала қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Аталмыш шараға:

- Партия басшылығы мен «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері;

- Облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерден тыс даярлау бөлімінің бастығы  Әлішер Амангелдіұлы Құлжабаев;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Тараз шекара отрядының сарбаздары мен офицерлері;

- Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Мәди Мүслімұлы Мүслімов;

- Оңтүстік аймақтық әскери прокуратурасының прокуроры Абай Рүстемұлы Ахимбеков;

- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының басшылығы мен курсанттары;

- «Жастар авияциялық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Николаевич Кисиль бастаған курсанттар;

- Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл аудандары орта мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен оқушылары;

- Тараз қаласындағы орта кәсіптік оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары мен студенттері;

- Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өз белсенділіктерін танытты.

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып болашаққа қадам басады. Болашақ ұрпақ халқының рухани мәдениетін, ұлттық қасиеттерін, өткен тарихын  біліп өссе Отанын, елін сыйлайтын азамат болары анық. Қазақ елі басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ жерін сыртқы жаудан қорғаған, аталар мен ағалардың батырлық қасиеттері Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан бүгінгі жас ұрпаққа үлгі. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Солардың бірі жерлесіміз, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айырбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді. Бауыржан атамыз Ешкім іштен батыр болып туылмайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады деп, бүгінгі жас ұрпаққа арнап көптен тәрбиелік маңызы зор еңбектерін қалдырған.

Ал, бүгінгі күні жастарымыздың Әскер қатарына шақырылуы Қазақстан Республикасының “Әскер қатарына шақырылу және жауынгерлік міндеттер туралы” заңы арқылы жүзеге асып келе жатқандығын білеміз. Осы орайда әскер қатарына шақыру кезінде комиссия қандай өлшеуіштермен шектеледі және қазіргі кезде әскерге баруға жастарымыз қаншалықты дайын. Осы мәселелер төңерегінде шарада әскери саланың арнайы мамандары жастарға қажетті мағлұматтар берді.


Еліміздің қауіпсіздігі ол біздің әскери дайындығымызға тікелей байланысты. Осы орайда ҚР Президентi – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев қорғаныс жүйесiнiң алдына кәсiби армия құру мiндетiн қойып отырғаны белгілі. ҚР Қарулы күштерінің даму бағытты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 Стратегиясында айқын көрініс тапқан. Қарулы күштердiң қуатын көрсететiн басты көрсеткiштердiң бiрi әскери бюджет десек, елiмiзде ол жыл өткен сайын артып келедi. Ендігі кезекте біздің міндет, отан алдында әскери борышын өтеуге дайын, болаттай денсаулығы бар, шынайы патриот жас ұрпақты тәрбиелеу.

Қазіргі таңда әскери қызметтің қыр сырын меңгеруге және батыр апаларымыз Әлия, Мәншүк сынды қолына қару ұстап елін қорғауға дайын қарындастарымыз бен әкпелеріміз жетерлік. Ал, шара қонақтарының кейбірін, әскери өмірдің қыйындығынан қашатын бүгінгі қоғамның ер жігіттері алаңдатады екен. Сондықтан да, жігіттеріміз ер мінезді болуы үшін орта мектептерде ер мұғалімдер көбірек сабақ жүргізсе деген ұсыныстар түсті.

Сондай-ақ шара қонағы Оңтүстік аймақтық әскери прокуратурасының аға прокуроры Абай Рүстемұлы Ахимбеков әскери заңдылықты бұзғандарға қатысты заң талаптарына тоқталды.


Мұндай игі іс-шара "жасотандықтардың" ұйымдастыруымен Жамбыл облысының елдімекендерінде өз жалғасын тапты. Байзақ ауданында аталмыш шара аудандық военкоматта өткізілді.

Қымбатты достар! әскерге барып, Отан алдындағы әскери борышын өтеу, әрбір қазақстандық азаматтың міндетті. Еліміз жаңа онжылдыққа қадам басқанда, еріміз бейбіт заманда ер мінезділік танытып ерлік көрсеттіп жатса қуанбасқа не шара.

Оцените пост

2

Комментарии

0
Ереке керемет шара болыпты!!! Менің қатыса алмағаным өкінішті!!! Өзін ер азаматпын деп санайтындар отан алдындағы борышын өтеуге міндетті!!!
Показать комментарии