Бүгін қазақ ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың өмірден өткеніне 20 жыл. Сайын сахараны әуенімен әлдилеген ұлы сазгердің шығармалары туған халқымен бірге жасап келеді. Ұлттық музыка тарихына...

Бүгін қазақ ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың өмірден өткеніне 20 жыл. Сайын сахараны әуенімен әлдилеген ұлы сазгердің шығармалары туған халқымен бірге жасап келеді. Ұлттық музыка тарихына мол мұра қалдырған шоқтығы биік композитор әндері келер ұрпақтың да рухани қазынасы болып қала бермек. Тағдыры қысқа болғанмен, ән ғұмыры мәңгілік Шәмші ағаны туған халқы әрдайым сағынышпен еске алады.

Таулар алыстаған сайын асқақтай түседі. 62 жыл ғұмыр сүрді ән ағасы. Жарты ғасыр саз төкті ән жүрегі. Қазақ даласын Қалдаяқов әніндей әлдилегендер некен-саяқ. Ұлтының ұлы сазгерімен мәңгілік қоштасқанына  бүгін 20 жыл. Бірақ бейнесі сағынышқа айналып, шығармасы әнұран болып асқақтап тұр.  
Қалдыбек Құрманәлі, сазгер:
Менің «Қазақстаным әнін» сол кездің өзінде алып империяға қарсылық ретінде шығарған. 26 жасында қазақ жерін бөліп бөлшектеуге болмайтындығын әні арқылы білдірген. Мұны Шәмшінің тұлға ретінде деп қана емес, ұлт руханиятының қаһарманы ретінде айқын бір танытатын қыры деп тануымыз керек.
Ғажайып шығармалар жазған ұлы сазгердің өзіне де  жүзге жуық ән арналды. Шәмші Қалдаяқов атындағы дәстүрлі ән байқаулары балауса дарындардың жолын ашты. Есімін ұлықтау үшін Елордадан атына көше беріліп, құрмет көрсетілді. Енді өзі әнге бөлеген Алматы бағынан зәулім ескерткіш бой көтермек.
Қалдыбек Құрманәлі сазгер
Шәмші Қалдаяқов өзін бақытты екенін сезінген жан. Себебі қай елге барса да оны елі өз әнімен қарсы алды. Ал композитор үшін ол бір бақыт.  Қалдаяқов – қазақ халқына бірақ рет рет берілген Алланың сыйы.

Оцените пост

2
Дальше