Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:52, 29 февраля 2012

20 жасқа келіппіз...

Сағынышым сарқылмайтын сезім боп,
Жағдайымды жайып салар сөзім жоқ.
Ғибрат алар ғайып болған күндерім
Бүгін менің үндемейтін кезім көп.

Мендік жеңіс құзар шыңда қалған ба?
Тыпыршуға кінәлі әлде талғам ба?
Көздерімде жасырулы жан-мұңым
Езуімнен күлкі көрсең,алданба.

Құмарым жоқ байлыққа да таққа дым,
Жасандылық жайлауына жақпадым...
Тәп-тәуір-ақ мақсатым бар жолымда
Жанымды ұғар жолаушыны таппадым.

Битке өкпелеп,тоным тағы өртемен,
Өмір осы- сынақ алаң ертеден.
Махаббатым. Жылылығым жақынға
Ішімдегі інжу маржан-мәртебем.

Мендік бүгін тірлік басқа,күйбелең.
Сау басыма сақинамды үйген ем...
Кей кездері өзіме-өзім жол жүріп
Үнсіздікте үлбіреген күйге енем.

Адам өзі қызық екен бұл жаста...
Жиырмаңда, өлең өріп,жыр жастан
Өміріңнен түңілу мен күрессіз
Өлім жайлы толғануың бір басқа.

0
549
0