Өлең сөздің патшасы....

zhake_altai 2012 M02 29
1903
0
0
0

Тамшыдайсын жанарыма дарыған, Мен туылдым бұл өмірге  жаңадан, Кейде  ұқсатып  сені өзіме  ойланам. Туғандаймыз бір ата анадан Кейде налып  қабақ шытып тұрамыз Кейде өле ынтық болып...

Тамшыдайсын жанарыма дарыған,

Мен туылдым бұл өмірге  жаңадан,

Кейде  ұқсатып  сені өзіме  ойланам.

Туғандаймыз бір ата анадан

Кейде налып  қабақ шытып тұрамыз

Кейде өле ынтық болып қаламыз

Түтіндеген  шоқ боламыз кейде  біз

Енді бірде жалын болып жанамыз

Шаттығымсын шашу болып шашылған

Жүректегі жылуымсын асыл ән

Соқпақтарда егер шалыс бассам мен

Табылшы сен сүйіктім ау қасымнан

Жанарыңнан жылу көрдім қайтадан

Мұны қыс та ақ қарымен байқаған

Не күтсе де алдымыздан  ардақтым

Мен өзіңді сүйемін деп айталам

Шашылады жауған қармен ойларым

Ойларыммен өтер али  айларым

Кеше бүгін  ертеңгілік  мақсатта

Өзің жайлы  келіп тұр ғой  ойлағым.

 

****

Саттілік тілеп тұрып өміріне,

Көтерінкі күй сыйлап көңіліне.

Салемімді  жібердім шын ниетпен,

Ең бақытты адамның логиніне!

****

Құдайдың құдіретіне таң қаламын,

Жолында бір ғашықтың  зарланамын.

Ішімді  ғашық оты жандырады,

Сыртыма  шығаруға арланамын!

****

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал  шәші маған,

Сағынайын, таусыла  сағынайын ,

Сағынышқа  жаралған ғашық адам!

*****

Көп жерде  көрсетем деп табандылық,

Байқаттым алде кімге жаман қылық

Адам  аз  ба бұл күнде сөз көбейтіп

Журетін сыртыңыздан саған күліп

****

Ақыл айтшы, қалай  өмір сүрейін

Қайғым барда  қалай ғана күлейін

Жүрегіме жүрегіңмен тіл қатшы

Жұрт сияқты менде күліп жүрейін

 

*****

 

Арманыма  жету үшін аңсаған

Мен ойлаймын  жетеді деп бар шамам

Атыма кір жуытпаймын өлгенше

Ақиқатпен адалдыққа

Жұкынамын  жету үшін жан салам

*****

бір аллага тапсырдым  тагдырынды,

айтпасанда сезеді ау ол сырыңды.

ниетін мен пейлін тузу болса,

жолыктырар жуырда аққуынды

******

Омірімді олеңге мен арнаймын,

Маржан сөзди тізбектеуден талмаймын.

Журегиме жакын істі жасаумен,

Көш соңынан өнеріммен қалмаймын!

 

*****

Адамга ар атык па жан артык па?

Немесе адам суйген жар артык па?

Мапелеп тун уйкысын тортке болген,

Аялап әлдйлеген АНА артыкпа?

 

*****

 

Махаббаты ойлап тапкан кім екен?

Тілдесуге тас журегім дір еткен

Мені озіне ғашык кылган сол бір жан

Казір кайда? Кіммен бірге жур екен?

   

Оцените пост

0
Дальше