Алматы облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы 16-шы жыл қатарынан игі дәстүрден танған емес. Жамбыл Жабаев туған ақпан айында арнайы айлық өткізеді. Қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген...

 

Алматы облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы 16-шы жыл қатарынан игі дәстүрден танған емес. Жамбыл Жабаев туған ақпан айында арнайы айлық өткізеді. Қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген жыр алыбының туғанына биыл 166 жыл.

Осыған орай, ауданда «Жамбыл күні» деген атаумен жырау рухын асқақтатар насихат істер атқарылды. Күні кеше Ұзынағашта «Жамбыл жыры жырлайды» атты жас айтыскер ақындардың жыр додасы ұйымдастырылса, бүгін Жамбыл ауылында айлық қорытындыланып, салтанатты кеш өткізілді.

Ақындар мен батырлар елінде мақтаныш тұтар тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Жамбыл Жабаев. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырды. Ақынның туған күніне арналған кеште жиылғандар ғасыр феноменінің шығармаларын талдап, адами болмысын сөз етті.

Жұмабай Шаштайұлы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы:
Адам тану жағынан үлкен құбылыс. Адамды бі- екі рет қарап, отырып жақсы білген. Өзі портрет жасай алатын адам суреткер образын жасайды Ауызша қолма-қол отырып жасау деген. Ондай қасиет не үшін оған бұйырды? Өйткені, үлкен ойларды, толғаныстарды өзінің ішімен алып жүрген адам Фено памятты адамгершілікпен ұластырған адам.

Әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын, суырып салма шешендігін былай қойғанда, жыр алыбы айрықша есте сақтау қабілетіне де ие болған. Миллион жол өлеңді жатқа білген. Сұраншы, Өтеген батыр, Хан мен ақын сынды эпостық жырлар мен Көрұғлы, Қыз Жібек дастандарын түнді таңға асырып айтқан. Ол өз заманында халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді.

Есенқұл Жақыпбеков, ақын:
Жәкең қай кезеңде болмасын халықтың ең басты арманын жырлап өтті. Мысалы, айтады ол кісі -Төбеге әкеп ту тігіп той етіңдер. Алалы болмай ауызың ынтымақ қылып бекіңдер дейді. Сол өлеңі мәңгі халықтың ұраны болды.

сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған өлеңдер шырқалып, толғаулар орындалып, жиналғандар Талдықорған әуендері мен Құлансаз халықтық фольклорлық этнографиялық ән-би ансамблдерінің өнерін тамашалады.

Оцените пост

12