Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:39, 28 февраля 2012

конвергенттілік:журналистика мен қоғаммен байланыс салаларында

Конвергентті журналистика – (Convergence journalism) ортақ ақпараттық ресурстарға ақпараттық және коммуникативті технологиялар интеграциясын ортақтастыру, біріктіру процесі. Бүгінде қазіргі заманғы медиа – компаниялар өзінің ақпараттық және ойын-сауық өнімдерінің алуан түрлілігін арттырып, медиаөнімнің жаңаша түрлерін ұсынуда: он-лайн газеттер, интернеттегі радио, веб – телевидение.
Конвергенция сөзі латынның convergo жақындастырамын сөзінен шыққан.Ал,ағылшын тілінде convergence сөзі бір орынға шоғырлану дегенді білдіреді.Пашкова.М. канадалық БАҚ және коммуникация зерттеушісі Дэнис Макуэйл ұйғарымын негізге ала отырып, бұл – бір мазмұндағы өнімнің әр түрлі жолдар мен каналдар, әр түрлі құралдар арқылы таратылуы деп анықтама береді.Кең мағынада конвергенция тек құбылыстардың өзара ықпалдастығы ғана емес, технологиялардың арасындағы тосқауылдың жойылып, өзара кіріктірілуі деп түсіндірілді.А.Г.Качкаева конвергенцияны төмендегідей топтарға бөледі:
- Медиахолдингтің бизнес – жоспары ретіндегі конвергенция;
- Тактикалық конвергенция;
- Қайта қаптау ретіндегі конвергенция;
- Ақпаратты жинау мен өндіру саласындағы конвергенция;
- Ақпаратты берудің жаңа түрі ретіндегі конвергенция;
Қорыта айтқанда, конвергенция бірегейдің әр түрлі құралдар (мәтін, дыбыс, бейне) мен коммуникацияның әр түрлі каналдары арқылы (баспасөз, телевидение, радио, Интерент) таратылуы деген сөз.
Алғашқы рет, БАҚ-тың жұмысына жаңа бағыт беріп, «БАҚ жүйесі» ұғымын 1977 жылы В.С.Хелемендик ұсынған.Осының нәтижесінде, БАҚ-тың дәстүрлі құрылымы толықтай өзгеріске ұшырады. Қазіргі газеттер, радио, телевидение, Интернет мультимедиалық ортада, ортақтасып-бірігу жүргізілетін ортада қызмет атқарады.Хелемендик БАҚ координациясының негізгі принциптерін атап, оларға спецификалық, мазмұндық жүйелі өзгертілуі, функционалды өзара тәуелділік пен баспа, радио, телевидение ортақтастығынан қолдау табу қажеттілігін, олардың өзара ықпалдастығын көрсетті. Осы арқылы ғалым 1970 жаылдың өзінде-ақ «уақыт өте келе, журналистиканың ұйымдастырушылық қызметі өзгеріске ұшырап, ол уақытта жекелеген газеттер, радио, телевидение ортақ ақпараттық орталығы бар өзіндік қоспаға айналып, бұқараға әсер етудің жоспарлануы мен өлшенуі ортақ болады деген» гипотезаны ұсынды.
Қоғаммен байланыс саласындағы конвергенттілік
Қоғаммен байланыс өз ішінде көптеген ғылымдарды тоғыстырып, ұштастырып отырған сала болғандықтан, мұнда да заман талабына сай даму мен ғылым мен техниканың дамуына орай, конвергенттілік ұғымы қолданылады. Коммуникациялық құралдарды біріктіріп, ұштастыра тиімді пайдалану арқылы қоғамға әсер етіп, мақсатты топтарға нәтижелі әрекет етуді ПР-дағы конвергенттілік деп түсінуге болады.Ол үшін ортақ ақпараттық қоғам құрып, коммуникациялық технологиялық құрылғыларды біріктіру қажет.Осындай жаңаша тәсілдер арқылы қоғам назарына ілігу ПР маманы үшін өте мағызды. Компьютерлік техника, компьютерлік тасымалдаушылар, трансляция тәсілі ретінлегі компьютерлік желілерді прогресі негізінде, ПР саласында да конвергенттілік ұғымының туындауына әсер етті.Медиа ерекшеліктері арқылы айырма жасайтын бәсекелес ортада өмір сүру үшін, ұйымдастырушылық құрылымдық түрде бірігіп, ақпараттық қорларын, ортақ медиалық архивтерді құрып, потенциалды аудиторияның әр түрлі сегментінің назарын аудартып, мультивариативті ақпараттық өнім жасайды.Мономедиалық орта енді болашақта ешкімді де қызықтырмайды, ал ПР – болашақ мамандығы!

0
1469
0