Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:06, 06 марта 2012

Ворониндер

 

Blog post image

Бұл – үш баласы бар ерлі-зайыпты қарапайым мәскеулік отбасы туралы телехикая. Әдеттегі орта дәулетті шаңырақ. Тек «бірағы» болып тұрғаны...

Осы «бірақтың» арқасында Ворониндер отбасының әр күні түрлі оқиғаға толы. Өйткені, көрші пәтерде басты кейіпкер Константин Ворониннің ата-анасы тұрады. Екі отбасыны бірнеше метр балкон ғана бөліп тұр. Онда да, екі балконның арасындағы бөгетті бір кездері Константин өзі алып тастаған болатын, қазір оған анда-санда өкінеді. Енді ата-анасы олардың пәтеріне ешбір ескертусіз, кез-келген уақытта келіп-кетіп жүреді. Соның арқасында отбасында біршама қиындықтар туып отырады.
Ворониндер – Костя мен Вера, қыздары Маша және егіз ұлдары Кирилл мен Филипп. Костя спорт газетінде айдар жүргізеді, Вера балалар тәрбиесінде. Костяның ата-анасы Галина Ивановна мен Николай Петрович бұл үйдің тұрақты қонақтары. Галина Ивановна жас келініне үнемі бірнәрсені үйреткісі келіп жүреді, ал Николай Петрович осы пәтерге келіп футбол көргенді ұнатады. Жай отырмай түрлі-түрлі пікір де айтып қалады. Бұл да көз кезегінде өзгелердің қитығына тиеді. Ал Костяның ағасы Леня болса, 40 жасқа келсе де ата-анасымен бірге тұрады. Үнемі бауыры екеуінің қайсысын ата-анасы қаттырақ жақсы көретінін анықтауға тырысып жүреді.
Ворониндер – әр адам өзін, өзінің бір бөлшегін таба алатын телетоптама. Енемен жайсыз қарым-қатынас, ағаның қызғанышы, әкенің мейірімсіздігі, ананың шамадан тыс көп көңіл бөлуі, мұндай келеңсіздік екінің бірінің басында бар. «Ворониндер» телетоптамасының арқасында әркім өзіне сырттай көз салып, өзінің іс-әрекеті мен жақындарына деген қарым-қатынасын саралай алады.

0
452
1