Шағала құсым шарықта....

Камила Дуйсенова 2012 M02 27
816
0
1
0

Менің алғашқы блогымда өз өлеңдерімді жариялауға, шығармашфлқтағы жаңалықтарыммен бөлісуге тырысамын. Оқып өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар...

Шағала құсым шарықта....

Егіз боп асау толқынмен бірге туғандай,

Қалған да жоқсың өлеңмен өрмек  жырланбай,

Тау тасты кезбей теңізден тауып нәріңді

Қалықтап жүрсің қармаққа түрлі шырмалмай

Арнаса дағы ақиық ақын сан жырын

Шаңқ еткен даусың жүрекке қанша салды мұң.

Темірдей берік тебіренбейтін тас көңіл

Жібіді сол сәт қалдырмай сырдың қалдығын.

Сүңгімей судан суырып алған балықтай,

Ой түкпірінен  шығарып едің тамұқтай

Қанатын қақса қауырсындарын жел сүйген

Аппақ шағала - кенеттен келген шабыттай.

Толқынмен толқын соқса кеп теңіз жағасын,

Жаңғырық үнің жазғандай көңіл жарасын,

Шағалам шалқар теңіздің бауырын бақылап

Бақытыңды да, барыңды содан табасың.

Шорқақ көңілдің шолақ ойлары шырмады,

Көңілді сезім беймәлім болған тырнады.

Сағымдай серпіп қанатым қағып мен кеттім

Болса да менің көңілде сансыз жұмбағым.

Сарала қаздар сайран сап жүрген теңізден

Сен едің мені ой толқынымен емізген.

Жағалап жиек келемін саған асығып

Даусыңды естіп алыстан асау жел үзген.

Теңгерме мені қубасқа қаңғып келетін,

Жүректің жүгін жаспенен ғана жеңетін.

Тоғыспай жатыр қайрат пен ақыл тағдыры

Жайым бар қазір жүрекке ғана сенетін.

Шағала құсым шарықта көкшіл күмбезде

Сағым боп сараң өтуде бүгін күн лезде

Сыймастан жүрек  толқынын аңсап асқынар

Шексіз де шетсіз сырласым болған бір кезде...

 

Оцените пост

1
Дальше