Тікелей эфир

Өнерімен асқар шыңға талпынған Құрманғазы

Болар баланы бесігінде байқаған,

Шартарапты шабытымен шайқаған

Қаршығалы қарға тамыр қазаққа

Құрманғазы күйші оралды қайтадан.

(автор)

 

Өнер – Алла сыйы, аманат, өнерпаз - аманатты арқалаушы. Дарқан даланың төсін емген, табиғат анадан өсіп өнген қазақ халқы өнерді сүйіп, өнерліні құрметтеген. Жаһандану жалыны шарпыған алмағайып осы дәуірде барымызды бағаламай, жоғалғанды жоқтап жатамыз. «Бар нәрсе жоғалмайды, жоқтан ештеңе пайда болмайдыны» ескерсек, өнеріміз де өміршең, өнерлі де ортамызда. Жыраулық дәстүр, күйшілік өнеріміз жалғаса бермек. «Тегіне тартыпты, арғы атасы таңдандырған талант еді» деген заңдылықтарға сүйенсек, қазақ барда, мәдениетіміз бар, қазақ барда, өнеріміз өрісті. Құрманғазы қайта келді, қазағым! Үш жүздің рухын асқақтатқан Сағырбайдың Құрманғазысы емес, бұл – Жангелдінің Құрманғазысы. Күллі Алаштың атын төрткүл дүниеге танытар талантты ұлың талайды тамсандыруда.

Құрманғазының  тасқын судай төкпе күйлерін төгілтетін Қалиев  Құрманғазы 1990 жылы  желтоқсанның бірі күні  Құрманғазы ауданында дүниеге келген (Атырау облысы), Құрманғазы атындағы музыкалық колледжді үздік аяқтаған жас дарын бүгінде Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда білімін жалғастыруда. Әрі қарай өз сөзімен сабақтауды жөн көрдік:

- Отбасыңыз туралы білгіміз келеді...

- Жанұямда әкем, анам, Нұрболат пен Ғарифолла деген інім және әжем бар. Тату-бірлігі жарасқан бақытты отбасымыз.

- Күйшілік  қабілетіңізді  қай кезден бастап байқадыңыз?

- Әкемнің әкесі, яғни Науқан атам нағыз сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі болған. Скрипкада, баянда, домбырада шебер ойнап қана қоймай, көптеген күйлер шығарған тума талант. Бәлкім, менің бойымдағы қабілет атамнан келген шығар. Күйге құштарлық бесінші сыныпта басталды,  ардагерлер күніне арналған мерекелік кеште «Бәйге» деген туындымды  орындадым, көрермендер зор ықыласпен қол соққаны әлі күнге есімде, шедевр деп айта алмаймын (күліп), бұны өнерге алғашқы талпынысым деуге болады.

- Күйлеріңіз көбіне қай жанрда? Атаулары қандай?

- Төкпе, шертпе күйлер көбіне. «Жолда», «Нарын шабыты».., шындығы керек, күйлерімнің көбінде атау жоқ, берілмеген (тоғызға жуық күйінің атауы жоқ - М.Т.).

- Қандай өнер бәйгелеріне қатыстыңыз?

- 2007 жылы «Махамбет оқулары» республикалық өнер додасында күй аталымы бойынша гран-при иегері болдым, 2009 жылы шығармашылық жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінде бірінші орынды еншіледім, «Дала дарындары» т.б. секілді облыстық жарыстардың лауреаты атандым. Бұл жеңістерім алдағы үлкен жетістіктеріме жеткізер жемісті қадамдар деп білем. Әлі де іздену керек, еңбектену қажет, тоқтамау керек.


- «Жігітке жеті өнер де аз» деп жатамыз, күйші баланың біз білмейтін қандай қырлары бар?

- (ойланып) Кей кезде қолыма қалам алып, өлең жазатын сәттерім болады, бірақ ақынмын деген сөзім емес, сонымен қатар гитарада ойнап, аздап ән жазамын, достармен бас қосқанда, сол әндерімді орындап мәре-сәре боп жатамыз.

- Мысалы, қандай әндеріңіз бар?

- Сіз мені кәсіби сазгер санадыңыз-ау (жымиып), «Үміт пен тілек», «Соңғы сөз», «Жанымның емі сен едің» т.б. Көбінесе ғашықтық, махаббат тақырыбында туып жатады әндер.

- Әншілерге ұсындыңыз ба?

- Әзірге ұсынбадым, оған ықыласты емеспін.

- Бес кемшілігіңіз бен бес жақсы мінезіңізді айтып бере аласыз ба?

- Жақсы жағымды басқалардан сұрарсыз. Одан да кемшілігіммен бөлісейін, еріншекпін, аңқаумын, ұмытшақпын, мінезім бұйығы, ұялшақпын. Жағымсыз мінездерімді жою жолында күресіп жатырмын.

- Сүйікті ісіңіз қандай?

- Адамдарға жақсылық жасау. Менің ойымша, есепке құрылмаған игі қадам жақсылыққа жеткізеді. Тек шынайы жүректен туғаны жөн. Алла Тағала да жақсы іс жасау - қисапсыз сауапқа жеткізетінін пенделеріне ескертеді. Ал әрбір мұсылманның шамшырағы – Алла Тағаланың пенделеріне берген өлшеусіз  нығметі Құран Кәрім. Сондықтан жақсы істерді жүзеге асыруға құлықтымын.

- Үлгі тұтар тұлғаңыз кім?

- Өз әкем. Өнегелі өмірі - өміріме өнеге.

- Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

- Құрманғазы күйлерін, терме тыңдағанды ұнатамын. Айтпақшы, Брайн Адамстың шығармашылығы жаныма жақын. Құлазыған көңіліме Мұқағали жырлары демеу.

- Арманыңыз қандай?

- Көп нәрсені армандаймын, арманды мақсатқа айналдыруға талаптанамын. «Адам боп келдім өмірге, адам боп қалу арманым» деп Абай атамыз айтқандай, әке үмітін, ана сенімін ақтау-мақсатым, ел игілігі үшін еңбектену - борышым деп білем. Сөзден іске көшетін кез келген сияқты.


Арманы асқақ, жүрегінде жалыны бар жастың айтары мол. Жарқын болашаққа өз жаңалығымен адымдаған жас дарыннан күтеріміз көп. Талабыңа нұр жаусын, Құрманғазы!

Сұхбаттасқан Мейрамбек Таубалдиев

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің ІV курс студенті

Алия Arsik
26 қазан 2012, 20:59
2945

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Ай бәрекелді Құрманғазы!!! Алға қойған маұсатыңа жетуіңе тілектеспін!!! Қайда жүрсен де "Аман бол"!!!
Курмангазыга арнайы макала арналганы ушин оте куаныштымын!!!Армандарыннын орындалуына шын конилимнен тилектеспин!
ммм..керемет сұхбат шығыпты, Мейрамбек!) Құрманғазының аты да, туған жері де, оқыған орны да бекер емес-ау соған қарағанда) тек бір сұрақ авторға: Құрманғазымен қалай таныстыңыз?)
Құрманғазы, саған сәттілік тілеймін. Өнерің өрге жүзcін! Құрманғазы топырағының атын шығаратын азамат бол!
Домыраның қасиетін асқақтата беріңдер жігіттер!
Кезінде Баукең (Б. Момышұлы): бүгінгінің Бауыржаны - кешегі орыстың Иваны болды ғой депті. (Бауыржандардың көбейіп кеткеніне қапалануда) ал сені бабамыздың атына кір келтірмейді деген үміттемін!
Әріптесім және досым, жас та болса, қарымы кең тележурналист Мейрамбектің интернетте болса-дағы баспа медиясында қалам тартуына қуанышымды білдіремін. Алдағы уақытта да, қанатың талмай, дарынды жастарды қымбатты оқырмандарымыз бен телекөрермендерімізге ұсынасың деген үміттемін.

Осы жерде кейіпкер болып отырған Құрманғазыға да дән ризамын. Шығармашылығы мен өмірімен аз да болса таныс екенімді өзіме мақтан тұтамын. Жұлдыздар қайдан шығады деп сауалданып жүреміз, ағайын. Жұлдыздар осылай арамыздан шығады. "Дана - даладан,-" деп бекер айтпасы керек халықтың. Өнердің, кәсіптің, өмірдің дүл-дүлдері қазақтың арасынан молайя берсін!
Бәрекелді!тек гана табыс тілеймін шыгармашылыкка Кура!)
Қымбатты оқырман қауым!!! Пікірлеріңіз бәрінен маңызды. Алдымен "Екпін" ұжымына алғыс айтам. Құрманғазы - бала күннен бірге өскен жан досым!!!! Дарынды алыстан іздеп, жұлдызды шалғайда санап жүрсем, қасымда жүргенін кеш байқаппын. Сөз шабыттандырады. Мың алғыс!!! Сәлеммен автор......
Arsik
0
0
сізге де көп рахмет :)
Жандосым Мейрамбекке рахмет!!!АЛЛА разы болсын!!!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21634
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4223
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2921
  • 33
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2465
  • 26
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2524
  • 2
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2355
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2387
  • 5
Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Мы живём, возможно, уже совсем в другом обществе, а не в том, к которому привыкли. Не первый год Казахстан периодически потрясают жуткие истории о рабстве.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 9:39
  • 2137
  • 22