Электрондық оқыту

Электрондық оқытудың маған ең ұнайтыны - қашықтан оқыту жүйесі. MOODLE жүйесін тиянақтап игерудемін. Мұны неге бұрын байқамағанмын, білмеймін.

Электрондық оқытудың маған ең ұнайтыны - қашықтан оқыту жүйесі.

MOODLE жүйесін тиянақтап игерудемін. Мұны неге бұрын байқамағанмын, білмеймін.

Электрондық оқытуды білім саласының адамдары, оның ішінде мұғалімдер, қуана күтіп отыр деп санамаймын. Мұғалімдердің басым бөлігі компьютерге әлі шоши қарайды. Интернетпен ғой тіптен жұмыс істей алмайды. Мен өткен жылы жазда республикалық, ал күзде облыстық оқуларда болдым, сонда осы мәселеге көзім жетіп, ренжіп қайттым.

Неге екенін білмедім, бізде жаңалыққа қызығудан да одан қорқу, жаңалыққа сенімсіздік басымдау көрінеді. Мүмкін бұл кәдімгі өмірге самарқаулық па, жалқаулық па?.. Мүмкін бұл тек бүгінгі күнмен өмір сүру ме?.. Мүмкін бұл сол баяғы "оян қазақ" па? Қашанғы ояна береміз...

Мені қынжылтатыны жас мамандар самарқау сияқты. Оларды түсінетін де секілдімін. Қоғамда көп нәрсе ашықтан-ашық тек ақшамен, тамыр-таныспен шешіліп жатқанын олар көрмей жүр дейсің бе. Содан да көпшілігі өз талаптарына, өз күштеріне сене бермейді. Өз адал еңбегімен жоғары табысқа жете алатынына көзі жетпейді. Жастардың қоғамдық және кәсіптік мотивациясы өте төмен.

Ал MOODLE жүйесіне келсек, әріптестер, оны тез арада үйреніңіз! Еш өкінбейсіз. Өте бір тамаша нәрсе. Оқытушыға да, оқушыға да айрықша бір еркіндік, кеңдік жасайтын, оқудың бар құрал-саймандарын ұсынатын, қалаған жеріңнен және қалаған уақытта оқуға мүмкіндік беретін өте АҚЫЛДЫ оқу ортасы. Мен өз мектебімде локал серверге  орнатып, пайдалануға берсем деп әрекет істеудемін.

Оцените пост

0