Еліміздегі ең төменгі зейнетақы көлемін қайта есептеп, оның мөлшерін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Нұртай Сәбильянов...

Еліміздегі ең төменгі зейнетақы көлемін қайта есептеп, оның мөлшерін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Нұртай Сәбильянов мәлімдеді. Қазір Астанада ең төменгі зейнетақы алатындардың  қатары жарты миллионға жуық. Олардың дені тоқсаныншы жылдардағы тоқырау тұсында зейнетке шыққан азаматтар. Әрі, өтпелі кезеңде еңбекақының көлемі өте аз, керісінше, инфляция шарықтап кеткендіктен сол кезде құрметті демалысқа шыққандардың зейнетақысы дұрыс есептелмеген. Қазір елімізде ең төменгі зейнетақы  мөлшері - 17 491 теңге. Оған  базалық зейнетақы қосылғанда барлығы 26 221 теңге болады. Әлбетте, депутаттың айтуынша, қазіргі таңда бұл қаржымен күнелту зейнеткер  үшін тым ауыр болып отыр.

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:
«Бейнет түбі - зейнет» дейді халқымыз. Сондықтан да азаматтардың алатын зейнетақы мөлшері де олардың өмір сүру деңгейіне сай болу керек деп ойлаймын. Әсіресе, өтпелі кезеңде ауыртпалықты көтере білген, бала тәрбиелеген әйел адамдардың еңбегі ақталу керек еді. Осыған байланысты, құрметті Кәрім Қажымұқанұлы, ең төменгі зейнетақы алып отырған азаматтардың зейнетақы мөлшерін қайта қарау, көтеру мәселесін қарастыруды сұраймын.

Бүгін сондай-ақ, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңның қорытындысын әзірледі. Соңынан ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен еліміздің басқа мемлекеттермен тауар таңбалары жөнінде Сингапур шартын бекіту туралы келісімді қабылдады. Әрі шифрлық байланыс мәселелері туралы заң жобасын да мақұлдады.

Оцените пост

0
Дальше