"Екпін" алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

2904
21
0
16

Достар, сәрсенбі сайын сайтымызда кітапханаларға шолу жасап жүргеніміз белгілі, алайда осы жолы дәстүрімізді бұзбақшымыз. Себеп - "Екпін" командасы Саяси шешімдер клубында өзінің алғашқы баспасөз баян

Достар, сәрсенбі сайын сайтымызда кітапханаларға шолу жасап жүргеніміз белгілі, алайда осы жолы дәстүрімізді бұзбақшымыз. Себеп - "Екпін" командасы Саяси шешімдер клубында өзінің алғашқы баспасөз баяндамасын өткізіп, жобаны көпшілікке таныстырды. Белгілі журналист Амангелді Сейітхан мен өткен аптаның кейіпкері Әлішер Елікбаев шарамызға спикер ретінде қатысып отырды. Ал қонақтардан қаламыздың БАҚ өкілдері мен блогшылар қауымын қуана-қуана қарсы алған болатынбыз.

Ең қызықты және тақырыпқа сай сұрақтарды журналистерден гөрі қазақ блогшылары қойды деп айтсақ, ешкім ренжімес. Оқырмандарымызды интернетте қазақ тілін дамыту, қазақ тілді жобалардың беделін көтеру мәселесі толғандырды. Шыны керек, бізді де осы сұрақтар күнде мазалайды. Әр материалды жариялап болған соң, сіздерден пікір, сұрақ, баға күтіп отырамыз. Сол себепті "пікір қалдырыңыз" түймесінен қорықпай, бізге өзіңіздің сауалдарыңызды, көзқарасыңызды, ойыңызды жазып тұрсаңыз, жобамыз сіздермен бірге дамып, өзгеріп, өсіп тұрады.

Баспасөз мәслихаты барысында бізден авторлар жайында сұраған болатын. Қуанышымызға орай, жаңа авторлар редакциямызға апта сайын хат жолдап тұрады. Жақын уақытта олармен де таныс боласыздар. Ал әзірге авторлық жарияланымдардың ішінде Асқарбек Қазанғап пен Руслан Есмағамбетов атты жас журналистердің материалдары бар. Әрине, бізге автор болу үшін кәсіби журналист атанудың қажеті шамалы. Ең бастысы - жобамыздың тақырыбына сай, аудиториямызға қызықты болатын материал ұсыну.

Ad

Rate post

16

Comments

Login to comment