Қолым қышып жүр

pheeria 2012 M02 21
874
0
2
0

Мен 10-шы қараша 2011:   Қайырлы күн! Сізге бір сұрағым бар еді: - Неге Польшадағы Елшілігіміздегі сайттының Қазақстан жалаулы "қазақ" нұсқасында деректер орысшаға аударылған? Қазақстанның бір-ақ...

Мен 10-шы қараша 2011:

 

Қайырлы күн!

Сізге бір сұрағым бар еді:

- Неге Польшадағы Елшілігіміздегі сайттының Қазақстан жалаулы "қазақ" нұсқасында деректер орысшаға аударылған?

Қазақстанның бір-ақ ресми тілі бар: ана тілім, қазақша.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының азаматы

 

Асқар Әбдірахманов 18-шы қараша 2011:

 

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматы,

Сізден 10 қарашада түскен Елшілік вебсайтының қазақшасы нұсқасы жөнінде хатыңызға алғысымды білдіремін. Вебсайттың қазақша парағы біраз уақыттан бері ашылмай, орыс нұсқасына бағыттағаны рас. Бұл жағдай техникалық ақауға байланысты туындаған болатын. Қазіргі кезде бұл мәселе өз шешімін тапты. Қазақша парақтағы ақпаратты ары ғарай жетілдіруге әлі біраз жұмыс бар екенін мойындаймыз. Қалай болғанда да, бейжай қалмағаныңызға рахмет.

Құрметпен,

Асқар Әбдірахманов,

ҚР Польшадағы Елшіліігінің Кеңесшісі

 

п.с. Қазір баспасөзге (Время, Караван т.б.) осылай жазсам ба деп қолым қышып жүр.

 

Оцените пост

2