Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:02, 20 февраля 2012

Конвергентті журналистика

Конвергентті журналистика дегеніміз - ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы.Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады:

-         Конвергенция – бұл медиахолдингтің медиа-стратегиясы;
-         Конвергенция – бұл тактика;
-         Конвергенция – қайта қаптау;
-         Конвергенция – бұл ақпаратты жинақтау және өңдеу;
-         Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі.

Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату.

Конвергентті журналистиканың пайда болуы

Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді.

0
6649
1