МОНАРХИЯЛЫҚ КАПИТАЛ (1 бөлім)

Дана жол 2012 M02 17
2194
0
1
0

Басқарушы тап әрқашанда өз мемлекетінің даму стратегиясын анықтайды. Билікте отырғандардан тек ұлттың әл-ауқаттылығы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тұтастығы мен оның егемендігі де маңызды...

Басқарушы тап әрдайым өз елінің даму стратегиясын анықтайды. Билікте отырғандарға тек ұлттың әл-ауқаттылығы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тұтастығы мен тәуелсіздігі де байланысты болады. «Дана Жол» өзінің осы мақаласында Қазақстанның қазіргі саяси жүйесінің пайда болуы мен дамуы және оның ең соңында неге алып келетіндігі жөнінде баяндайды.

 

Қазақстан жағдайын талдау барысында біз еңбектің құн теориясы мен диалектикалық материализмге негізделеміз.

 

Құнның еңбек теориясы дегеніміз ұлттық байлықтың қалай қалыптасатыны туралы түсінік. Ол кейбір елдің неліктен бай және дамыған, ал басқа елдер неліктен кедей және артта қалатынын түсіндіреді. Құнның еңбек теориясының негізін ағылшын экономистері Адам Смит және Дэвид Рикардо қалады, ал кейін Карл Маркс оны жалғастырып, өңдеді.

 

Диалектикалық материализм дегеніміз біздің әлемде болып жатқан құбылыстарды зерттеу динамикасындағы көзқарастар жүйесі. Яғни біз белгілі бір құбылысты жеке өзін алып, қарастырмаймыз, біз сол құбылыстың пайда болуына әсер етуші себептерін зерттеп, оның болашақта қандай өзгерістерге алып келетінін қарастырамыз. Диалектикалық материализм бойынша біздің әлемде жақсы не жаман деген зат жоқ, сол затқа реңдік ерекшелікті тек адам береді. Мысалы, біреулер интернетті ғылыми жаңалық ашу үшін қолданса, ал басқалары аздырушы ақпаратты тарату үшін қолданады. Қаруды өз үйіңді қорғау мақсатында пайдалануға болады, сонымен қатар тонау мақсатында адамды өлтіруге болады. Ақша ішкі тауар айналымының өсуіне қызмет ете алады, сонымен қатар адамдарды парақорлықпен сатып алуға қызмет етеді. Бұл біздің ниетімізге орай кез келген затқа ерекшелік рең бере алатынымыздың айқын көрінісі. Диалектикалық материализмнің негізін қалаушы Гегель, ал Карл Маркс оны өңдеп, жетілдірді.

 

Кез келген мемлекет немесе қоғам өзіне қажетті тауарлар мен қызметті алу тәсіліне негізделетінінен бастайық.

 

Ұшақ жасайтын қоғам өз адамдарынан аэродинамика, механика және инженерия заңдарын білуді талап етеді. Себебі, бұл қоғамға ұшақ жасайтын маман қажет. Сондықтан,  бұл қоғамда осыған сәйкес мектеп және университет бағдарламалары жасалынады. Жоғары білімді адамдар саны көп болады. Әрине бұл қоғам аталған білімді талап етпейтін қоғамға қарағанда саяси, идеялық және мәдени жағынан өте қатты ерекшеленеді.

 

Ал, ұшақ  жасамай, оны шикізатқа айырбастау арқылы иемденетін қоғам өз адамдарынан  аэродинамика, механика мен инженерия заңдарын білуді ешқашан талап етпейді. Себебі, бұл қоғам білімге мұқтаж емес. Сәйкесінше, олардың мектеп және университеттегі оқу бағдарламаларының деңгейі төмен болады. Мұндай қоғам мәдени және саяси дамуы жағынан артта қалады.

 

Сонымен, қоғам ұлттық, географиялық немесе нәсілдік ерекшеліктерге емес, өзін-өзі қажетті тауарлармен қамтамасыз ету тәсіліне негізделеді.

 

Қоғам өз ішінде таптардан тұрады. Адамдарды таптарға бөлу олардың негізгі табыс табу көзі мен қоғам жасаған өнімді бөлу кезіндегі алатын орнына байланысты анықталады.

 

Бүгінде әлемде жеті тап бар:

1. Капиталистер табы немесе кәсіпкерлер. Олардың негізгі кіріс көзі – өздерінің жеке кәсібі.

2. Пролетариат немесе жұмысшы табы. Олардың негізгі табысы – зауыттар, құрылыс және т.б. жерлердегі физикалық еңбектерінің нәтижесінде табатын белгіленген еңбекақы.

3. Шаруалар – өздеріне тиесілі жерлердегі еңбегі арқылы табыс табады.

4. Қызметкерлер табына мұғалімдер, дәрігерлер, кеңсе қызметкерлері, өнер қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді жатады. Олардың негізгі табысы – ой еңбегі арқылы алатын жалақы.

5. Феодал-шенеуніктер табына қоғамның басқа мүшелерінің сұрақтарын шешу билігіне ие мемлекеттік органның қызметкерлері кіреді. Бұл адамдардың негізгі табысы – пара. Олардың отырған қызмет орны осындай табысты табу үшін мемлекет заңдарын өз мүдделеріне сай пайдалануға мүмкіндік береді.

6. Монархиялық капитал. Бұл адамдар өздерінің негізгі табыс көзін табиғи ресурстар мен жерді (табиғи рента) сату арқылы табады. Алайда мұнда маңызды екі нәрсені ескеру қажет. Біріншіден, бұл табыстың бір бөлігін шетелдік инвесторлар иеленеді. Ал екіншіден, шикізаттан түсетін табыс қоғамның жақсы өмір сүруі үшін жеткіліксіз болып табылады.

7. Абсолютті монархия. Бұл адамдар да табиғи ресурстар мен жерді сату арқылы негізгі табысын алады. Алайда, бұл жағдайда табыс монополизацияланған, яғни табыс тек оларға ғана тиесілі және табыс қоғамның жақсы өмір сүруін толығымен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Сонымен қатар, қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа байланысты, сол қоғамдағы басқа таптармен салыстырғанда көбірек пайда табатын, әрбір қоғамның өзінің басқарушы табы болады. Басқарушы тап өз қызығушылықтарына сай етіп заңдар қабылдайды және экономикалық саясат жүргізеді.

 

Биліктің бір басқарушы таптан екіншісіне өтуі революция деп аталады. Революциялар күш қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егер басқарушы тап ұлттың байлығын өз қолына шоғырландырып, қоғамның көп бөлігін кедейленуге алып келетіндей саясат жүргізсе, революция орын алады. Немесе басқарушы таптың жүргізіп отырған экономикалық саясаты ұлттың ғаламдық бәсеке соғысында жеңілуіне, өз жерлерінен айырылып, жаулап алушыларға бағынуға алып келсе, революция болады. Осы кезде басқарушы таптың қарсыласы болып қажетті капиталы мен ұйымдастырушылық қабілеті бар тап болады. Ұлттың шынайы қызуғышылығын айта отырып, қазіргі басқарушы таптың өлімге алып келетін саясатына қарсы шығып, ол билікті өзіне күшпен тартып алады. Күш қолдану арқылы жасалған революция жолын Франция, Англия, Ресей, Германия, Қытай, Түркия және т.б. мемлекеттер өтті.

 

Күш қолданбай жүргізілетін революциялар басқарушы тап өзінің жүргізіп отырған саясаты әлсіз екендігін түсінген кезде орын алады. Ұлттың кедейленуін немесе басқа мемлекеттердің жаулап алуын болдыртпас үшін басқарушы тап - ұлттық байлықты тиімдірек өсіріп жатқан және жаңа территорияны жаулап алу саясатын жүргізіп жатқан тапқа әуелі экономикалық, кейін саяси билікті береді. Күш қолданбай жүргізілетін революция мысалдарын Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Чили, Шығыс Европа мемлекеттері, бүгінгі Қытай және т.б. мемлекеттерден көруге болады.

 

Енді қоғамдық-саяси жүйені қарастыруға көшейік. Бұл сұрақ бойынша жиі шатасу пайда болады, себебі кейбір «эксперттер» жүйенің артық түрін ойлап табуда: «неокапитализм», «адам бейнесіндегі социализм», «адам бейнесіндегі капитализм», «қытай жолы», «швед жолы» и т.д. Шын мәнінде барлығы әлдеқайда жеңіл.

 

Ең алдымен халқты қажетті тауарлармен қамтамасыз ете алатындай ұлттың өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы бар ма екендігіне назар аудару қажет. Егер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық бар болса, онда алдарыңызда капитализм немесе социализм. Олардың айырмашылығы тек зауыттар мен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер кімге тиесілі болуында: егер жеке адамдарға тиесілі болса – капитализм, егер қоғамға тиесілі болса – социализм. Әрине, шынайы өмірде барлық экономика бірдей тек жеке капиталға (таза капитализм) немесе тек қоғамға (таза социализм) тиесілі болатындай мемлекет жоқ, осы себепті де экономиканың көп бөлігі кімге тиесілі екендігіне назар аударып, соған байланысты қорытынды жасау қажет.

 

Ұлттың тауарға деген қажеттілігін толыққанды қанағаттандыратын өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы бар деген - ұлт барлық тауарды өзі өндіріп, сауда-сатықпен айналыспайды деген сөз емес. Мысалы, егер жапон капиталистері автокөлік өндіріп, халықаралық нарықта автокөлікті сатып, кейін тапқан табыстарына АҚШ-тан ұшақ, Сауд Аравиясынан мұнай, Кениядан кофе сатып алса, бұл ішкі өнеркәсіп жапон ұлтын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етті деген сөз. Нақты осы жағдайда жапон өнеркәсібі халықаралық еңбек бөлінісі арқылы өз ұлтын тіпті Жапонияда жоқ (мұнай, кофе) немесе Жапония жасап шығармайтын (жолаушылар ұшағы) тауарлармен қамтамасыз етті.

 

Капиталисттік мемлекеттер экономикадағы ақшаның қайта бөліну деңгейі бойынша келесідей бөлінеді: Жоғарғы салықтық төлемдер мен әлеуметтік мақсатта маңызды қаржыландыру шведтік капитализмге, ал төменгі салықтық төлемдер мен төменгі әлеуметтік қорғалу америкалық капитализмге алып келеді.

 

Егер ұлттың өз халқын қажетті тауарлармен толыққанды қамтамасыз ететіндей өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы болмаса, бұл басқа мәселе. Бұндай жағдайда біздің алдымызда феодолизм. Феодолизм ішкі өнеркәсіптің даму деңгейі мен табиғи ресурстардың бар болуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мүлдем өнеркәсібі мен табиғи ресурстары жоқ феодолизм Ауғаныстан, Сомали, Суданда орын алған. Жартылай өнеркәсібі мен орташа деңгейде табиғи ресурсы бар феодолизм Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Нигерия және Мысырда орын алған. Осы жағдайда Ресей экономикасының Қазақстан экономикасынан өзгешілігі - жергілікті өнеркәсіптің даму деңгейі мен адам басына шаққандағы шикізаттан түсетін табыс айырмашылығына байланысты. Сонымен қатар, әлемде адам басына шаққанда шикізаттан түсетін өте жоғары табысы бар феодалды мемлекеттер де бар. Осындай феодолизм Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Бруней және Біріккен Араб Әмірліктерінде орын алған.

 

Бүгінгі әлемде мемлекеттердің барлығын өз ұлтын қажетті заттармен қамтамасыз ету тәсілі және билік етуші табы бойынша ерекшеленетін бес қоғамдық-саяси жүйеге бөлуге болады.

 

1. Капитализм

 

Аталған жүйеде халыққа қажетті тауарлардың барлығы ұлтқа тиесілі зауыттарда өндіріледі. Зауыттардың барлығы кәсіпкерлер табына тиесілі болғандықтан, олар билік етуші тап болып табылады. Мұндай жүйеде табиғи ресурстар өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Ал олар өз кезегінде халықты қажетті заттармен 100% қамтамасыз етеді. Мысалы ретінде мұндай елдерге АҚШ, Еуроодақ мемлекеттері, Жапония және Оңтүстік Корея жатады.

 

2. Социализм

 

Дәл капитализмдегідей мұнда да халыққа қажетті заттардың барлығы өз зауыттарында өндіріледі. Алайда барлық зауыттар жеке адамға емес, қоғамға тиесілі болғандықтан, билік басында Пролетариат отырады. Пролетариат – өз еңбегімен ұлт зауытында жұмыс істеп, халықты барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін қоғам бөлігі. Мұндай жүйеде табиғи ресурстар өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Ал олар өз кезегінде халықты қажетті заттармен 100% қамтамасыз етеді. Мысалы ретінде мұндай елдерге КСРО және Варшава блогының бұрыңғы елдері жатады.

 

3. Абсолютті монкархия

 

Мұндай қоғам өздерінің табиғи ресурстарын барлық қажетті заттарға айырбастау арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. Билік етуші тап – Абсолютті монархия, себебі ол шикізаттан түскен табысты толығымен иеленеді. Бұл табыс халықтың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге жеткілікті. Аталған жүйеде шикізат басқа мемлекеттің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарларына айырбасталуы үшін пайдаланадылады. Өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі жоқ. Мұндай елдерге БАӘ, Кувейт, Катар, Сауб Арабиясы және Бруней жатады.

 

4. Феодолизм (өнеркәсібі мен шикізаты жоқ)

 

Мұндай қоғамдық-саяси жүйедегі қоғам «үй жағдайында» жасалынатын немесе «бақшада» өсірілетін тамақ арқылы өздерін қамтамасыз етеді. Билік етуші тап Феодал-шенеуніктер болып табылады. Олар күшпен мәжбүрлеуді және қаруды билікте отырудың негізі ретінде қолданады. Табиғи ресурстары жоқ, сонымен қатар, өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі де жоқ. Мұндай елдердің мысалдары – Сомали, Судан, Ауғанстан, Тәжікстан.

 

5. Монархиялық капитал (феодал-буржуазиялық құрылым немесе кішкене өнеркәсібі мен орташа деңгейдегі шикізаттан түсетін табысы бар феодализм)

 

Бұл қоғам өзін қажетті заттармен көбінесе табиғи ресурстарды халыққа қажетті заттарға айырбастау арқылы қамтамасыз етеді. Жергілікті өнеркәсіп қажетоті тауарлар мен қызметтің тек 10%-н ғана өндіреді. Билікте отырған тап феодал-шенеунікке негізделген монархиялық капитал табы. Ол шикізаттан түскен табысты қадағалап, табысты өз бетінше бөлетіндіктен билікте отыр. Бұл жүйеде табиғи ресурстар басқа мемлекеттердің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп тауарларына айырбастылуы үшін пайдаланылады. Мұндай елдерге Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Нигерия Түркменстан және Мысыр жатады.

 

Енді монархиялық капитал жүйесі біздің елде қалай қалыптасып, соңында қандай қорытындыға алып келетінін қарастырайық. Қазақстанда монархиялық капиталдың қалыптасу кезеңдеріне көшейік.

 

І. Бірінші кезең: 1991-1997 жж.

 

КСРО ыдыраған кезде Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған соңғы мемлекет болды – біз Одақтан онда ешкім қалмаған кезде ғана шықтық. Экономикалық және саяси шешімдерді өздігінен қабылдай бастаған уақытта, Қазақстан ұлттың ауыл шаруашылық тауарларына деген қажеттілігін 100%-ға қанағаттандыратын дамыған ауыл шаруашылығына ие болған. Егемендігімізді алған кезде біздің елде мықты, дамыған инфрақұрылым, яғни: автокөлік жолдары, аэропорт, электр жүйесі, газ- және мұнай құбырлары, жылу және электр станциялары және т.б. болды. Қазақстанда тұрақты білім беру және денсаулықты сақтау жүйесі болды, тұрғындар бала бақшалар және мектептермен қамтамасыз етілген еді. Мемлекет ретінде біз шикізаттың негізгі түрлерімен толыққанды қамтамасыз етілген едік.

 

Қазақстанда халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмайтын тек өңдеу өнеркәсібі болды. Елде мата, аяқ-киім, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығындағы көлік жасау, станок жасау және т.б. салалары жақсы дамыған еді. Тек электронды, автокөлік, авиациялық өнеркәсіп және роботты техника саласы жетіспеді. Яғни социализмнен капитализмге өту барысында біз ұлт ретінде өзіміздің әлауқаттылығымызды әлдеқайда жақсартып, бар өнеркәсіпті сол күйінде сақтап, социализм кезінде болмаған экономика салаларын дамытуымызға болар еді.

 

20 жылдың ішінде Қазақстан дамыған капиталистік елге айналып, Германия немесе Швейцария деңгейіне жете алар еді, алайда жасай алмады. Құлдыраудың негізгі себептері сыртқы жағымсыз жағдайларға және ел жетекшісінің стратегиялық қателіктеріне байланысты болды.

 

Бізге қарсы ойнаған сыртқы жағдайдың нәтижесі отандық кәсіпорындардың өткізу нарығының жоғалуына, сәйкесінше өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауына алып келді. Өткізу нарығының жоғалуына екі себеп бар, олар:

 
  1. Біздің тауарды тұтынушылар кірісінің банкроттыққа дейін төмендеуі;
  2. Біздің тауардың импорттық тауарға айырбасталуы;
 

Біздің өнеркәсіп социалистік болғандықтан тұтынушылар импорт тауарларына басымдылық бере бастады. Социалистік өнеркәсіп ешқашан сатып алушылар үшін бәсекеге түспеген және ол жеке тұтынуды қанағанттандыруға емес тауардың көлемін арттыруға бағытталған еді. Тұтынушы өзінің сұранысына негізделмеген және сұранысын ескерген екі зауыт өнімінің бірін таңдау құқығына ие болған кезде, ол әрине екіншісін таңдады.

 

Социалистік зауыттар өздерінің сатылмай қалған тауарларымен қала берді, осындай жағдайда оларға тек өз өндіріс көлемін ішкі нарық деңгейіне дейін төмендету керек болды. Отандық өндірушілер бірнеше жыл күте тұрып, бәсекелестік нарықта жұмыс істеуді, тұтынушының сұранысына сәйкес тауар шығаруды үйреніп, өз зауыттарын технологиялық қайта жабдықтандырғанда, олар шетел нарығына қайтадан шығып, шетел сатып алушыларының сенімін жаулап алар еді. Алайда осы кезде сыртқы жағдайға Қазақстан басқарушыларының стратегияық есептеулері мен қателіктері қосылды.

 

Бірінші қателік шетел өндірушілері үшін еліміздің ішкі нарығын ашу болып табылды. Билікте отырғандардың осындай шешімі біздің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықты біржолата қиралуына алып келді, себебі осыдан кейін оларға шетелдік жеткізулердің бәсекесінен «тығылатын» жер болмады.  Біздің тауар шетелдік тауардан жеңіліс тауып отырған тұтынушылық қасиетке - баға және сапа секілді позиция қосылды.

 

Бұны түсіну үшін  біп-бірдей екі зауыт бар деп елестетейік. Олардың біріншісі Қазақстанда, ал екіншісі Түркияда орналасқан. Түркияда жетпіс миллион адам тұратындықтан, ондағы зауыт шартты түрде жетпіс миллион дана тауар шығарады. Қазақстанда он алты миллион адам тұрады, сондықтан, біздің зауыт шартты түрде он алты миллион дана өнім шығарады. Сәйкесінше, түрік зауытының өндіріс көлемі ауқымды болғандықтан, бір дана тауарды шығарғанға жұмсайтын шығындары біздің зауытпен салыстырғанда анағұрлым төмен.

 

Ары қарай зауыттың екеуі де әр сатылған өнімнен түскен бір долларды тауар сапасын жақсартуға қалдырып отырады деп қарастырайық. Сонда бір жылда түрік зауыты жетпіс миллион доллар жинаса, ал біздің зауыт тек он алты миллион доллар ғана жинайды. Сол себептен, келесі жылы түрік тауары отандық тауармен салыстырғанда бағасы жағынан ғана емес, сапасы жағынан да ұтатын болады. Осындай тең емес жағдайда қазақ зауыты өз тауарына өткізу нарығын таппай, жабылуына тура келеді. Яғни бастапқы шарттардың тең болған жағдайда да біздің зауыт ерте ме кеш пе жеңіледі.

 

Екінші стратегиялық қателік – шикізат компанияларды жекешелендіріп, жеке адамдар қолына беруінде болды. Осындай қадамнан кейін шикізатты сатудан түскен табыс Қазақстан экономикасына емес, жаңа иелердің оффшорлы шоттарына аударылып, шоғырлана бастады.

 

Үшінші қателік қаржы нарығын ашуда болды. Бұл шара Қазақстаннан капиталдың периодты түрде кетуіне әкелді, ал бұл өз кезегінде үнемі ұлттық валютаның құлауына алып келді.

 

Осылайша Қазақстанда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық толыққанды жойылды. Зауыттар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындардың көбісі жұмыстарын тоқтатып, банкроттыққа ұшырады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық ақшасынан айырылған инфрақұрылым саласы құлдырады. Осының айқын дәлелі ретінде ресми статистикадан көруге болады (1,2 Кесте). 1990 жылмен салыстыру үшін, біз мемлекетіміздің тәуелсіздік алған уақыттан бергі ең жоғарғы көрсеткішті көрсеткен 2007 жылдың мәліметтерін алып, қарастырдық.

 

1-КЕСТЕ. Ауыл шаруашылықтың салыстырмалы көрсеткіштері

Атауы

1990

2007

1990 ж салыстырғанда % төмендеу

ІҚМ, бас

9 900 000

5 800 000

-41

Қой және ешкі, бас

36 000 000

16 000 000

- 55

Қант қызылшасы, тонна

1 043 700

300 000

-70

Жұмыртқа, дана.

4 185 000 000

2 600 000 000

- 37

Құс, бас

60 000 000

30 000 000

- 50

Астық, тонна

28 000 000

20 000 000

- 30

Қаракөл, дана.

1 700 000

90 000

- 95

2-КЕСТЕ. Өндеу өнеркәсібінің салыстырмалы көрсеткіштері

Атауы

1990

2007

1990 ж салыстырғанда % төмендеу

Кілем, дана.

2 200 000

36 000

- 98

Трактор, дана.

41 000

100

- 99

Цемент, тонна

8 300 000

5 600 000

- 31

Былғары аяқ киім, дана.

37 000 000

508 000

- 99

Мата, дана.

325 000 000

43 000 000

- 87

Экскаваторлар, дана.

710

9

- 99

ІҚМ терісінен жасалған былғары, шаршы дм

625 000 000

202 000 000

- 68

Сүт, тонна

5 600 000

5 000 000

- 10

Нан, тонна

1 300 000

600 000

- 52

Осылайша өзінің жеке стратегиялық қателіктері негізінде Қазақстан басшысы елде пайда болып келе жатқан тауар өндіруші капиталистер табын жойып жіберді. Алайда бұған қарамастан жалпы капиталистер тап ретінде билікке жетіп, онда 1990-1997 жылдар аралығында бола алды.

 

Жаңа экономикалық жағдайда не істеу қажет екенін бірінші болып капиталистер түсінгендіктен билікті қолға алған еді. Мысалы, КСРО ыдырағаннан кейін басталған хаоста тауарды қандай жағдайда жасап, қай бағамен қайда экспорттау керек туралы ешкімде ешқандай түсінік болған жоқ. Бірыңғай шешім қабылдау орталығының жойылған сәтінде тек капиталистер ғана тез арада бейімделіп, қажет үрдісті реттей алды. Қажетті деңгейде қысқа мерзімде олар Қазақстаннан тауар сатылымын реттей алды, сонымен қатар елге қажет тауарлардың жеткізілуін қадағалап, ішкі нарықта тауарды сата алды. Сонымен қатар, капиталистер өндірістің жеке түрлерін сақтап, оны жүргізу туралы шешім қабылдай алды және олар ашқан компаниялар тұтынушысы тез табылатын тауар өндіре бастаған еді.

 

Бұл жерде капиталистер аталған нәрселердің барлығын қоғам мүддесін ойлағандықтан емес, өз капиталын арттыру мақсатында жасағандығы туралы айтып кеткен жөн. Бірақ капитализмнің табиғаты келесіде: нарыққа қажет тауарды өндіре алсаң ғана капитал арттыра аласың. Керісінше жағдайда, қайыршылыққа ұшырайсың.

 

Егер ел басшысы 1997 жылдан кейін де капиталистерге басымдылық қойып, оларға билік бергенінде, кәсіпкерлер өздерінде жинақталған қаржыларын экономиканың нақты секторының дамуына құюшы еді. Шикізаттан түсетін табыс мемлекеттендіріліп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтың қайта жабдықталуына және тауар өндірушілерге тура және жанама субсидия төленуге жұмсалу керек еді. Бұндай жағдайда Қазақстан Сингапур, Оңтүстік Корея және Малайзия елдерінің жолымен жүріп, ал Президент Мұстафа Кемал, Ли Куан Ю, Мохатхир Мухаммадпен бірге бір қатарда тұрушы еді. Алайда Қазақстанда монархиялық капитал жүйесін құруға басымдылық берілді.

 

ІІ. Екінші кезең: 1997-2002 жж.

Бұл кезеңде елімізде капитализмге қарсы монархиялық капитал жүйесін құру туралы шешілді. Осындай қадамның себебі Қазақстан жетекшісінің кәсіпкерлер табына шикізаттан түсетін табысты және билікті бергісі келмеуінде болды. Дамыған капитализмі бар мемлекетті құру барысында шикізаттан түсетін табысты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтың қайта жабдықталуына бағыттау қажет. Сәйкесінше ақша – шикізат компанияларының санаулы акционерлер ортасында емес, ұлттық өндірушілердің ортасында бөлінер еді.

 

Сонымен қатар, ішкі тауар өндірісі ұлт қажеттіліктерінің жартысынан көбісін қамтамасыз ете бастаған сәтте, капиталистер елдегі билікті толыққанды өз қолына алатындай экономикалық негізге ие бола бастайды, яғни билік - жетекшілердің шағын тобынан тауар өндіруші активтердің иелеріне ауысатын еді. Яғни капиталистер саяси партияларды қаржыландыру арқылы парламентке ықпал етеді де, өздеріне қажетті заңдарды енгізе бастайды.

 

Монархиялық Капитал жүйесі өз мүшелерінің сан жағынан аздығына байланысты (бірнеше жанұядан көп емес), жүйені құру кезінде сан жағынан көп тапқа сүйенуді қажет етеді. Осыған сәйкес екі тап бар: капиталистер және феодал-шенеуніктер. Кәсіпкер өзіне жұмыс жасайтын адамды басқарады және оған жетекшілік етеді, яғни ол жұмысшыларға өкім беріп, өз бұйрықтарының орындалуын талап ете алады. Милиция басшысы немесе әкім (феодал-шенеунік) де дәл осылай адамдарды басқара алады.

 

Алайда, Монархиялық Капитал (шикізаттан түсетін табысты бақылайтын адамдар тобы) өзінің тірегі ретінде әрқашан феодал-шенеуніктерді таңдайды. Бұндай таңдаудың себебі қарапайым. Егер белгілі бір феодал-шенеунік Монархиялық Капиталдың бұйрығын орындамаса, онда оны жұмыстан шығарып, орнына басқаны алуға болады. Ал егер бұйрықты капиталист орындамаса, онда оны жұмыстан шығара алмайды, себебі кәсіпкердің күші оның лауазымында емес, оған тиесілі өндіріс орындарында.

 

Монархиялық Капитал екі бірдей тапқа сүйене алмайды, себебі капиталистер феодал-шенеуніктер үшін азықтық база болып табылады. Демек, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды – ел ішінде Монархиялық Капитал әрқашан феодал-шенеунікке негізделеді.

 

Сыртқы әлемде монархиялық капитал, - халықаралық ірі капиталға сүйенеді, өйткені феодал-шенеуніктерге негізделген монархиялық капитал жүйесі біздің елде ішкі тауар өндірісінің дамуына кедергі келтіреді. Егер капиталистер билікте тұратын болса, біздің ұлттық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық дамып, олар шетел капиталымен өткізу нарығы мен пайда үшін бәсекелесер еді. Монархиялық капиталдың Қазақстан ресурстарын шетелдіктердің бақылауына беруі, қолдау көрсетудің басқа себебі болып табылады:

 

Монархиялық капитал жүйесінің қалыптасуының осы кезеңінде әрқашан заңнамаларда және қолданыстыға құқықтық тәжірибеде өзгерістер жүргізіледі. Жаңа ережелер    қарапайым азамат немесе кәсіпкердің әр әрекетіне шенеуніктен рұқсат алуына тура келетіндей жағдай жасайды. Осы уақытта ел ішінде анықтамалар мен рұқсат беретін құжаттардың саны көп бола бастайды. Міне бұл феодалдың қолдауы үшін Монархиялық Капиталдың төлеген ақысы болып табылады.

 

Енді Қазақстандағы барлық таптардың осы кезеңдегі жағдайын қарастырайық. Біз 2001 жылдың ақпаратын қарастырдық, себебі еліміздің статистика қызметі тек осы жылдан бастап тапқа кіретін адамдар санын және олардың кіріс деңгейін анықтай алатындай мәлімет бере бастады.

3-КЕСТЕ. 2001 жылғы Қазақстандағы таптар жағдайы

Тап

Кіріс көзі

Саны

Таптың жалпы табысы (жылына $)

1 адамның орташа табысы (жылына $)

Монархиялық капитал (басқарушы топ)

шикізатты сатудан түскен табыс

8

207 937 954

25 992 244

Феодал-шенеуніктер

94 804

546 682 357

1. Тендерден түскен табысты алады

10% от тендеров, 50% от продажи земли

2 244

270 233 257

120 425

2. Өз табысын пара түрінде алады

пара алу мақсатында ел заңдарын қолданады

92 560

276 449 100

2 987

Капиталистер

бизнестен түскен табыс

105 191

2 481 467 421

Қалалық

97 345

2 137 352 938

1. ірі

11

197 836 800

17 985 164

2. орташа

2 648

1 293 157 163

488 352

3. шағын

94 686

646 358 975

6 826

Ауылдық

7 846

344 114 483

1. ірі

3

32 373 295

10 791 098

2. орташа

591

206 771 282

349 867

3. шағын

7 252

104 969 906

14 475

Пролетариат

Жалақы

1 305 900

854 385 075

1. қалалық

1 110 015

800 320 815

721

2. ауылдық

195 885

54 064 260

276

Қызметкерлер

Жалақы

2 557 400

2 421 694 834

Зиялы қауым

1 617 966

1 155 227 724

714

Жалдамалы қызметкерлер

658 934

932 391 610

1 415

Мемлекеттік қызметкерлер

280 500

334 075 500

1 191

Өзін-өзі қамтамасыз ететіндер

Өзіндік табыс

2 835 500

4 480 285 026

1. қалалық

Жалақы

981 615

2 369 618 610

2 414

2. ауылдық

Жалақы

1 748 688

2 110 666 416

1 207

Люмпен пролетариат

Тұрақты емес табыс

1 452 033

Зейнеткерлер

Зейнетақы

1 749 126

708 396 030

405

Студенттер

Шәкіртақы

440 700

61 257 300

139

1-17 жас аралығындағы балалар

4 324 948

Қазақстанның бүкіл халқы

14 865 610



 

Оцените пост

1